59
Қазақтардан басқа тағы қай халық түркілердің
қыпшақ
тармағынан тараған? Сен ол халықтар туралы не білесің?
үлкендерден сұрап және қосымша әдебиеттерді пайдалана
отырып анықта.
Қыпшақ тілінде
Қазақ тілінде
Орыс тілінде
Беш
Бес
Пять
Таш
Тас
Камень
йети
Жеті
Семь
Егер сен ертедегі қыпшақ отбасына қонаққа барсаң, олар
саған қандай ас мәзірін ұсынуы мүмкін?
Сен олардан не жайлы сұрар едің?
Сен қыпшақтардың сөзін түсінер ме едің?
Қыпшақтар – қазақтардың арғы бабалары, олар малша-
руашылығымен ай налысып, төрт түлік өсірді. Тарихшылар:
«Қыпшақтардың жылқылары басқа елдерде жоға ры баға-
ланды. үндістанда Қыпшақ даласынан келген жылқыға 500
алтын динар беретінін» жазады.
Саяхатшылар қыпшақтардың тары-
ны тағамға көп қолданатынын жазды.
Қазіргі
кезде тарыны біз тағамға
қолданамыз ба?
Қазақ тілі қыпшақ тілінің негізінде қалыптасты.
Кестедегі
сөздерді салыстырып,
қыпшақ тілінің
ерекшелігін сипатта.
Қыпшақ жылқыларының
қымбат бағалануының сыры
неде? Олар қандай қасиеттерімен ерекшеленді? Ойлап көр.
Қыпшақтардың арасында егіншілері де болды. Олар тары,
бидай, арпа өсірді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217