55
Суретте Түркістан, Алматы, Орал,
Семей қалалары мен
облыстарындағы тарихи-мәдени ескерткіштер бейнеленген.
Саған таныс ескерткіштерді атап көр.
Өткенге құрмет – бұл өлкеде өмір сүріп, өз Отанын, жерін,
елін сүйген адамдарды есте сақтау.
–
Қалаңның (ауылыңның) құрылғанына қанша жыл болды?
–
Қалаңда (ауылыңда) қандай тарихи-мәдени ескерткіштер бар?
–
Ол ненің құрметіне немесе қандай оқиғаға байланысты қойыл-
ған?
Эссе жазамын
Тақырыбы «Менің сүйікті ескерткішім» .
Кез келген ескерткішті (еліміздегі, қаладағы, ауылдағы)
таңдап, ол ескерткіштің саған неге ұнайтындығы туралы 7–8
сөйлем жаз.
Дәлелдеуді үйрен
Даналардың айтқан сөзі бар: «Болашағын
ойлаған адам
ескерткіш орнатады». Сен осы пікірмен келісесің бе? Мысал
келтір.
Өзім жасаймын
«Жер бетінде мәдени және тарихи ескерткіштер сақталу
үшін не жасай аламын?» деген тақырыпта жадынама жаз.
Өзіңді экскурсия жүргізушісімін деп ойлап көр.
Сынып-
тастарыңа өз қалаң, ауылың жайлы экскурсия жүргіз.
Төмендегі сұрақтарға әңгіме құрастыр:
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
56
– Отбасындағы береке-бірлікті қалай арттыруға болады?
– Елдің ресми емес нышандары деген не?
– Ескерткіштерді не үшін сақтау керек?
– Тұрмыстық заттарды қалай дұрыс қолдану керек?
– Түркілер қалай өмір сүрді және немен айналысты?
Достарыңызбен бөлісу: