В. И. Вернадскийдің биосфера – ноосфералық концепциясы.



бет3/6
Дата13.10.2024
өлшемі0.51 Mb.
#504633
1   2   3   4   5   6

Үлкен немесе геологиялық зат – тау жыныстарының түзілуінен, үгілуінен және бұзылған өнімдердің элементерінің басқа жерге ауысыуымен байланысты. Бұл айналымды күн сәулесінің сіңірілуі,шағылуы, жылу өткізгіштігі,жылу сиымдылығы атқарады.

  • Эндогенді процесс (ішкі динамикалық процестер) Жердің ішкі энергиясының әсерінен жүреді. Бұл энергия радиоактивті ыдыраудың, химиялық реакциялардың нәтижесінде минералдардың түзілуі, тау жыныстарының кристалдануы ж.т.б. арқасында бөлінеді. Эндогенді процестерге тектоникалық қозғалыстар, жер сілкінісі, магматизм, метаморфизм жатады.
  • Экзогенді процесс (сыртқы динамикалық процестер) Күннің сыртқы энергиясының әсерінен жүреді. Экзогенді процесс тау жыныстары мен минералдардың желденуі, бұзылған өнімдердің бір орыннан екінші орынға тасымалдануы, бұзылған өнімдердің жиналуы мен сіңірілуі нәтижесінде тұнбалы жыныстардың түзілуінен т.с.с. жұмсалады. Экзогенді процестерге атмосфераның, гидросфераның (өзендердің, жер асты суларының, мұхиттардың, теңіздердің, батпақтардың, мұздардың), сонымен бірге тірі организмдер мен адамдардың геологиялық әрекеті жатады.
  • Сонымен, эндогенді және экзогенді процестер бір–біріне қарама-қарсы әрекет жасайды.

Кіші немесе биологиялық зат айналым- бұл өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер және топырақ арасындағы зат айналым.






Кіші биологиялық зат айналымының үлкен геологиялық зат айналымынан айырмашылығы биосфералық аралықта жүреді. Айналымның негізгі энергия көзі – күн сәулесі. Бiрақ табиғатта биосфераға тән бiр ғана процесс жүредi, ол: күн сәулесiнiң энергиясы тек жұмсалып қоймай, сонымен бiрге ұзақ уақыттарға байланысқан түрде сақталады, бұл процесс фотосинтез нәтижесiнде органикалық зат жасалуы кезiнде жүредi. Бұл энергия кейiннен толып жатқан биохимиялық реакциялардың жүруiне жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет