Оттек айналымы. Оттек айналымы негізінен атмосфера мен тірі организмдер арасында жүреді. Бос күйiндегi оттектiң биохимиялық және физиологиялық процестердегi рөлi ерекше. Қалыпты жағдайда оттек молекуласы екi атомды (О2). Электр разрядтарында үш атомды молекула - озон (О3) түзiледi. Оттегінің аздаған мөлшері судан және озонның ультракүлгін сәулесінің әсерінен түзіледі. Айналым жылдамдығы – шамамен 2 мың жыл. Тұрмыстық және өнеркәсіптік қажетке жыл сайын 23 % оттегі жұмсалатыны анықталған, бұл цифр үнемі жоғарылап отырады.
Биосферадағы азот айналымы (Делвич, 1972)
Азот айналымы. Атмосферадағы азот (N2) қоры өте көп (78 %). Азот қосылыстарынан нитраттар ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретiнде қолданылады. Аммоний, барий, хром, темір, алтын, мыс нитраттары түрлi өнеркәсiптерде қолданылады. Тыңайтқыш ретiнде пайдаланылатын натрий, калий, кальций нитраттарын шамадан артық қолданғанда, олар тамақ өнiмдерiнде жинақталып, организмнiң улануына әкелiп соғады.
Фосфор айналымы. Фосфордың негізгі массасы көптеген тау жыныстарының құрамында кездеседi, бұл жыныстардың бұзылуы нәтижесiнде ол құрлықтық экожүйелерге немесе жауын-шашынмен шайылып, ең соңында гидросфераға түседi. Фосфор тыңайтқыштарын дұрыс пайдаланбаудан, топырақтың су және жел эрозиясынан топырақтан фосфордың көп мөлшері жоғалады. Бұл, бір жағынан, фосфор тыңайтқыштарын артық пайдалануға және фосфор рудаларының қорының сарқылуына алып келеді (фосфориттер, апатиттер ж.б.). Екінші жағынан, топырақтан су қоймаларына көп мөлшерде биогенді элементтердің (фосфор, күкірт, азот ж.б.) түсуі жасыл балдырлардың және басқа да су өсімдіктерінің күрт дамуын, суқоймаларының эвтрофикациялануын тудырады.