В.И.Вернадский биосфераны организмдердің мекен ету ортасымен тіршілік ету аймағы деп қарастырады. Ол биосферада геологиялық бір-бірімен байланысқан жеті әр түрлі құрылымын анықтады. Тірі зат – планетаны мекендейтін тірі организмдер. В.И.Вернадский: «Тiрi зат - бiздiң планетадағы ең құдiреттi геохимиялық күштердiн бiрi». Костық зат – тірі организмдердің әрекетіне байланыссыз процестердің нәтижесінде түзілетін тірі емес денелер (магматты және метаморфтық жыныстар). Биогенді зат - тірі организмдердің әрекеттерінің нәтижесінде түзілетін тірі емес денелер (кейбір тұнба түзетін жыныстар: ізбестер, бор ж.б., сонымен бірге мұнай, газ, тас көмір, атмосфералық оттегі ж.б.). Биокостық зат – геологиялық процестер мен тірі организмдердің бірге әрекет ету нәтижесінде түзілетін биокостық денелер (топырақ, лай балшық, жер қыртысының желденуі ж.б.). Радиоактивті зат - радиоактивті элементтердің атомдары (уран -238U, 235U; торий - 232Th; радий -226Ra; радон - 222Rn, 220Rn; калий - 40K; рубидий - 87Rb; кальций - 48Ca; цирконий - 96Zr; берилий – 7Be, 10Be; көміртегі - 14C) және басқалар. Ыдыраған атомдар – табиғатта ыдыраған күйде кездесетін элементтердің жеке атомдары (микро- және ультромикроэлементтер атомдары: Mn, Co, Zn, Cu, Au, Hg ж.б.). Космостық табиғаты бар зат – космостан Жер бетіне түсетін заттар (метеориттер, космостық шаң). - Зат айналымы Жердің ішкі энергиясы мен Күннің сыртқы энергиясының үздіксіз түсуінен жүреді.
- Қозғалыс күштеріне, белгілі шарттық үлесіне, ішкі зат айналымына байланысты геологиялық, биологиялық және антропогендік айналымдарға бөлуге болады. Жер бетінде адамның пайда болуына дейін алғашқы екі айналым табиғатта жүрген (орындалған).
Достарыңызбен бөлісу: |