Француз философы Рене де Карт (1596-1650 жж.) – Жаңа дәуiр философиясына өз үлесiн қосып, негiзiн қалаған iрi тұлға. Уақытында өз заманының жақсы оқу орындарында оқып, бiлiм алған. Егер бiз оны Ф.Бэконмен салыстырсақ, ол – бүкіл өмiрiн ғылым жолына арнаған тұлға.
Ұлы математик, механик, физиологияның негiзiн жасаушы, психо- лог Декарт Аристотельден кейiнгi жан-жақты дамыған, философияны жеке ғылымдардың нәтижелерiмен ұштастыра бiлген бiрден-бiр ойшыл болды.
Негiзгi еңбектерi: «Диоптрика» күн сәулесiн зерттеуге, «Метеор- лар» метеорологиялық мәселелерге арналған, «Геометрия», «Филосо- фияның бастаулары», «Әдiстемелер туралы ойлар» т. с.с.
Болмыс мәселелері
Болмыс жөнiндегi көзқарасында Р.Декарт дуалистiк (екiлiк) көз- қараста болды. Оның ойынша, жалпы дүние жөнiнде екi субстанцияны мойындауға тура келедi. Олардың бiреуi – материалдық, заттық, денелiк субстанция. Оның негiзгi атрибуты (қасиетi) – созылу, кеңiстiкте белгiлi бiр орын алу. Екiншi субстанция – рух. Оның негiзгi атрибуты – ойлау. Жан-дүние бiр сәт те тоқтамай, тұрақты ойлайды.
Бұл бiр-бiрiне тәуелсiз жатқан екi субстанция адам мәселесiне кел- ген кезде үлкен қиындықтарды тудырады. Қалайша адамның денесi оның рухына, жан-дүниесiне, ал соңғы оның денесiне сондай үйлесiмдi әсерiн тигiзе алады? Оны өз кезiндегi жаратылыстану тұрғысынан түсiндiре алмай, Р.Декарт Құдай идеясына келуге мәжбүр болады. Оның ойынша, тек Құдай ғана дене мен ойдың үйлесiмдi қарым-қатынасын тудыра алады.
Бiрақ Р.Декарт өзiнiң космогониялық (ғарыштың дүниеге келуi жөнiндегi) болжамында Құдайдың рөлiн тек қана материяны жара- тып, оны алғаш рет қозғап жiберуiмен шектейдi. Ары қарай дүние өзiнiң табиғи заңдылықтарының негiзiнде қалыптаса бастайды. Құйын сияқты қозғалған материалдық бөлшектер қыза келе жұлдыздарға, Күнге айналады. Екiншi ұсақ дөңгелек қозғалғыш элементтерден аспан пайда болса, ең соңында аз қозғалатын үлкен бөлшектер бiр-бiрiмен қосылып, Жер және басқа планеталардың денесiн құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |