V тарау. Жаңа уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропа философиясы


§ 3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары



бет3/4
Дата19.05.2022
өлшемі22.59 Kb.
#457461
1   2   3   4
Нурд

§ 3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары




Томас Гоббс (1588-1679 жж.) – ағылшын философы, Оксфорд уни- верситетiнде оқып, бiлiм алған. Негiзгi еңбектерi: «Азамат жөнiнде»,

«Левиафан, я Материя, шiркеу мен азаматтық мемлекеттiң билiгi мен бiтiмi» т. с.с.


Жаңа дәуiрдегi алғашқы философтармен салыстырғанда, Т.Гоббс философия пәнiн ақыл-ой арқылы дүниетанумен теңеп, оның шеңберiнен үзiлдi-кесiлдi теологияны шығарып тастады. Сонымен қатар ол дiндi, Құдайға сенудi қарапайым халыққа керек нәрсе деп есептедi, әсiресе ол оның моральдық жетiлуiнiң тiрегiн құрайды.
Т.Гоббстың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, ол дүниенi бүкiл өмiрде болып жатқан барлық денелердiң жиынтығы ретiнде қарайды. Олардан басқа еш нәрсе жоқ. Гоббстың ойынша,
нақтылы өмiр сүрiп жатқан дененiң өзi – сол субстанция. Ал дененiң созылуы мен бiтiмi оның негiзгi қасиеттерiне (акциденцияларына) жатады. Қозғалыс пен тұрақтылықты алар болсақ, олар, әрине, көп денелердiң қасиеттерi, бiрақ қозғалмайтын денелер де болуы мүмкiн. Ал заттардың иiсi, түсi, дыбысын алар болсақ, бұл қасиеттер пайда болып, келесi сәтте-ақ жоғалып жатады. Олар көбiне заттардан гөрi соларды қабылдайтын адамдардың түйсiгiне байланысты.

Б.Спинозаның философиясы




Барух Спиноза (1632-1677 жж.) Амстердам қаласында еврей отба- сында дүниеге келедi. Ең алдымен ол дiни училищеде оқиды, бiрақ оны әкесi саудаға тартып, ол оқу орнын бiтiре алмай қалады. Сондықтан ол өз бiлiмiн өзiндiк дербес дайындық арқылы толтырады. 1656 ж. Библияны сынағаны үшiн оны жергiлiктi еврей қауымы өз қатарынан шығарып, оған лағынет айтады. Сондықтан ол жеке басын асырау үшiн өмiр бойы көзiлдiрiк шыныларын өңдеп, өте ауыр жағдайда өмiр сүредi. 45 жасқа келгенде өкпе ауруына шалдығып, өмiрден ерте кетедi.
Негiзгi еңбектерi: «Ақыл-ойды жетiлдiру туралы трактат»,

«Этика», «Саяси трактат» т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет