2. Тақырыбы: Арнайы психология (түзету) және оның түрлері
Әдістемелік нұсқау: Қалыпты дамудың түсінігі. Баланың психикалық даму заңдылықтары. Баланың жас ерекшелігіне сәйкес жетекші іс-әрекет типтерін қарстыру. Баланың қалыпты психикалық дамуының шарттары.. Дамудағы ауытқушылыққа әкелетін биологиялық және әлеуметтік себептер. Қалыптан ауытқыған жағдайдағы даму.. Дамудағы «бастапқы» және «екінші сатылық» ауытқу. Л.С.Выготскийдың компенсациясы (орын толтыру) туралы оқу.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Тебенова Қ.С. Арнайы психология негіздері : Оқу-әдістемелік құралы / Қ. С. Тебенова, А. Р. Рымханова. - Қарағанды : АҚНҰР баспасы, 2014. - 264 б.
Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық педагогикалық диагностика. Оқу құралы. Алматы, 2012ж. 304б.
Шестакова Е.В. Развитие детей со сложными дефектами для специальности 5В010500
Төребаева К.Ж. Логопедия негіздері : Оқулық., Ақтөбе, 2012. - 256 б.
Дүйсенбаева Р.Д. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау пәні бойынша 5В010500 «Дефектология» мамандығына арналған [Электронный ресурс] : оқу-әдістемелік кешен - Ақтөбе : АқтМПИ, 2012
Абаева Ғ.А. Арнайы педагогика және психология негіздері: Оқу құралы. –Алматы, 2014
Искакова М.С. Арнайы психология: Оқулық // Искакова М.С. –Алматы, 2016.- 256.
3.Тақырыбы: Дамудағы психикалық ауытқушылықтар.
Әдістемелік нұсқау: «Адамның психикалық және дене бітімі жағынан кеміс даму қауіпін туғызатын факторлар» атты схеманы жалғастырыңыздар:
Кемістіктердің себептерін конспектілеп жазып алыңыздар..Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әр түрлі топтастырулар. Кемістік себептері. Дамуында ауытқуы бар балалардың әр деңгейіне сипаттама: көру қабілеті зақымдалған балалар (көрмейтіндер, нашар көретіндер); есту қабілеті зақымдалған балалар (естімейтіндер, нашар еститіндер, кейіннен естімей қалғандар); тіл кемістігі бар балалар (сөйлеу тілінде ауытқушылығы бар балалар); зияты зақымдалған балалар (жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр деңгейлері); психикалық дамуы тежелген балалар; тірек-қимыл қозғалысы зақымдалған балалар; мінез- құлқы бұзылған балалар; күрделі (қосарланған) кемістігі бар балалар.
Достарыңызбен бөлісу: |