В017 "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы курс, 406 топ Орындаған: Қлышбек қымбат людвиг тик



бет3/3
Дата27.10.2023
өлшемі62.45 Kb.
#481693
1   2   3
СӨЖ ҚЛЫШБЕК ҚЫМБАТ

НовеллаларыКөптеген оқырмандарды Тиктің романтикалық новеллалары қызықтырды. Атап айтқанда, «Аққұба Экберт» (1796) және «Руненберг» (1802), «Бокал» новеллалары. «Аққұба Экберт» новелласында Тик өз кейіпкерлерінің басынан өткен түсініксіз, жұмбақ жайттарды жазған. Оқиға жауынгер Экберттің әйелі Бертаның досы Вальтерге өзінің балалық шағы туралы айтуымен басталады. Ол бір күні үйінен ұрып-соққандықтан қашып, орманда адасып жүрген кезде бір сиқыршы-кемпірдің үйіне кезігеді. Бұл кемпірдің сөйлейтін құсы болады және ол жұмыртқаның орнына әртүрлі тас жұмыртқа туады. Бұған қызыққан Берта кемпірден құсты алып қашып кетеді. Осыдан кейін Берта бақытсыздыққа кенеледі. Автордың пайымдауынша, адам баласының жолында кездесетін түрлі жаманшылықтардың себебі – оның пайдакүнемдігінде.
Ал «Руненберг» новелласының мазмұны «Аққұба Экберт» шығармасының мазмұнына ұқсайды. Мұнда басты кейіпкер қарапайым отбасынан шыққан Христианның қайғылы өмірі туралы. Ол мансапқорлыққа бой бұрып, соңында кедейленіп қалады. Яғни бұл новеллаларында баюға ұмтылған қарапайым адамдардың әрекеті суреттеледі. Тиктің новеллаларын кейде ертегі деп те атайды. Бірақ осы кезеңдегі көптеген ақын-жазушыларға шығармаларын ертегімен байланыстыра отырып жазу тән болған. Себебі осылай жазу арқылы романтик жазушыларға өздерінің армандарын жеткізу оңай болған. Бірақ Тик ертегілерінің ерекшелігі, олар тек балаларға емес, сонымен қатар ересек адамдарға да арналған. Тиктің ертегі-новеллалары орта ғасырларды қамтиды. Бұлай болудың себептері де бар. Бірінші себебі Тик фольклорға, халық ауыз әдебиетіне ерекше қызығушылық танытты және екінші себеп ол да басқалар сияқты жаңашылдықты мойындамауға тырысты.
«Ақын өмірі» (1825) атты новелласында автор Англиядағы қайта өрлеу дәуірін сипаттайды. Мұнда ол күрескердің образын «ұлы жолы болмағыш» - Марло және оның замандастары Грии мен Шекспир образдары арқылы сомдайды. 
Тик әдеби шығармашылығының соңына дейін әдебиетпен, аудармалар жасаумен айналысты. Шекспир драмаларын аударумен ғана шектелмей, Мигель де Сервантес Сааведраның «Дон Кихот» романын неміс тіліне аударды. Кейде аударма жұмыстарын Август Шлегельмен бірге жасап жүрді. Тик аударма еңбектер жаңа өнердің үлгілерін жасау үшін қажет деп санады [4]. Ол өзінің 80 жыл ғұмырында неміс әдебиетіне көп еңбек сіңірді. Тиктің шығармашылығында табиғат та үлкен рөл ойнайды, оның барлық шығармаларында табиғат міндетті түрде көркем суреттеледі.
Жалпы алғанда Тик шығармалары композициясының нақтылығымен, экспозициясының ықшамдылығымен және оқырманын тез баурап алуымен ерекшеленеді. Тиктің драматургиясы мен көркем прозасы неміс романтизміне үлкен ықпалын тигізді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет