В017 "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы курс, 406 топ Орындаған: Қлышбек қымбат людвиг тик



бет2/3
Дата27.10.2023
өлшемі62.45 Kb.
#481693
1   2   3
СӨЖ ҚЛЫШБЕК ҚЫМБАТ

Л.Тиктің эпикалық туындылары. Тик екі роман жазды. Ең маңызды романы – «Франц Штернбальдтың саяхаты» атты романы. Философиялық сарында жазылған бұл романында автордың эстетикалық көзқарасы анық байқалады. Роман 1798 жылы жарық көрді және ол неміс романтикасындағы елеулі де маңызды дүние болды. «Франц Штернбальдтың саяхаты» романы – романтикалық романның үлгісі. Романдағы әрекет ХVІ ғасырдың 20-шы жылдарында болады. Басты кейіпкер – суретші, энтузиаст. Ол үшін өнерден қымбат зат жоқ, ол бүкіл өмірін өнерге арнаған. Романда Дюрер атты негізгі кейіпкер бар, Франц Штернбальд – оның сүйікті оқушысы. Франц оқуын бітіргеннен кейін, Германия мен Италияға саяхатқа шығады. Бұл роман әртүрлі жанрдағы формаларды біріктіреді: сонет, өлең, фрагменттер, әрқайсысы белгілі бір тақырыппен, идеямен байланысқан. Бүкіл роман идеялардың диалогы ретінде жазылған, сондықтан шынайы өмір тек артқы көрініс сияқты. Бөлек мәтіндер прозадағы өлең түрінде қабылданады. Роман өте көркем жазылған. Бұл роман – рационалдық, ағартушылық романға (Гетеге арналған пародия), сондай-ақ романтикалық романға арналған пародия, яғни өзін-өзі пародиялау романы. Тиктің көзқарасы бойынша, толық аяқталған пішін болуы мүмкін емес [2]. Қағаз бетіне түсіру мүлде мүмкін емес фантазиялар суреткердің лажын құртады. Бұл романның үлкен тәрбиелік мәні бар және оның неміс романтизміндегі алғашқы роман деп саналуы бекер емес. Жалпы алғанда, Тиктің романдары, новеллаларының көпшілігі өнер тақырыбына арналған. Автордың Виттория Аккорамбона тағдырына арналған романы – «Виттория Аккорамбона» деп аталады.
«Етік киген мысық» драмасы. Тиктің мәнді драмалық шығармасы «Етік киген мысық» (1797-1811) болып табылады. Бұл шығарма атақты Перроның ертегісі негізінде, эпигондарға арналып жазылған. Тик оларды мұрагерлікке таласқан ағайындылар арқылы келемеждейді. Мұнда үлкен ағаларының алдауына түскен Готлибқа мысық қана бұйырады. Осыны да қанағат тұтқан ол бұл мысыққа сүйіспеншілікпен қарап, соңында үлкен бақытқа кенеледі. Мұн=\да саяси шындық та бар. Бұл шығарма – Тиктің шығармашылығындағы ирониялық шығармалардың бірі болып табылады. Шығармадағы иронияның негізінде ойын бар. Пьесаның көркемдік әлемі бірнеше сферадан тұрады. Сахнада мысық пен қожайыны. Мұнда мысық философқа айналып, өз қожайынының қабілеттерін сынап, баға беріп отырады. Екінші сфера – сахнада болып жатқан дүниелерге баға беріп отыратын көрермендер. Үшінші сфера – өз рөлдерін комментариялап отыратын, пьеса мен драматург еңбегіне баға беретін актерлар. Төртінші сфера – мұның бәрін тыңдаудан әбден жалыққан драматург. Пьесада сахна мен шынайы өмір арасындағы шекара жойылып, өмір иллюзиясы сахнада бұзылады. Біздің шынайы өміріміз – спектакль. Адам кез-келген рөлді ойнай алады, соның салдарынан салмақтылық, тұрақтылық жойылады. Адам өмірді өз талғамы бойынша жасай алады. Өмір – ол шығармашылық. Драматургтың шығармада көтерген негізгі идеясы осындай болды [3]. Ал оның «Көк сақал» атты жеңіл сатиралық-ертегісі Карло Гоцци комедиясының стилімен жазылған. Тик драматургия саласында көп еңбектеніп, Шекспир драмаларын өз тіліне аударып, театр өнері мен драматургияға арнап бірнеше мақалалар жазды. 1800 жылы Тик өзінің романтикалық сарындағы «Әулие Геновевтің өмірі мен өлімі» атты екі томдық драмасын жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет