В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021



бет32/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
1.Құрылысты ұйымдастыру жобасы;
2.Өндірістік жұмыстың жобасы;
3.Технологиялық құбырөткізгіштердің және металлконструкциялардың түйіндерін дайындауға ұсыныстар;
4.Технологиялық жабдықтарды монтаждау бойынша өндірістік құжаттар;
5.Орындаудың техникалық құжаттары.
Құрылысты ұйымдастыру жобасына (ҚҰЖ) кіреді:
1.Құрылыстың күнтізбектік жоспары;
2.Объектінің бас жоспары;
3.Мамандықтың және квалификация көрсетілген кадр сұранысының кестесі.
Өндірістік жұмыстың жобасы келесідей болады:
1.Монтаждау жабдықтарының ведомості;
2.Түсіндірме жазба;
3.Графикалық бөлім (монтаждаудың бас жоспары, монтаждау жүйесі);
4.Монтаждау жұмыстарының кестесі;
Технологиялық құбырөткізгіштердің және металконструкциялардың түйіндерін индустриалды дайындау үшін құжаттарға кіреді:
1.Бөлшек сызбалар;
2.Түсіндірме жазба;
3.Спецификация;
4.Монтаждау-жинақтау сұлбасы.
Технологиялық жабдықтарды монтаждау бойынша өндірістік құжаттарға кіреді:
1.Ірге тасқа жабдықты орнатуды тексеру АКТ-сі;
2.Аппараттарды, ыдыстарды, машина және механизмдерді сынау АКТ-сі;
3.Орындаушы жауапты және пісіру технологиясы жайлы мәлімет бар термоқңдеу және пісіру жұмыстарының журналы;
4.Жабық жұмыстарды куәландыратын АКТ;
5.Жабдықтарды монтажға қабылдау АКТ-сі;
6.Істен шығу жайлы АКТ.
19-Дәріс тақырыбы. Монтаждауды жобалау. Монтаждауды жобалау барысындағы негізгі техникалық құжаттар. Монтаждық алаңдарды ұйымдастыру.

МЖ жобалау және қаржыландыру.


ҚР министрлігі мен ұйымдары «БИЗНЕС - ЖОСПАР» негізінде қажетті сұранысты қамтамасыз ететін жақын және ұзақ перспективалық өнеркәсіптің «ДАМУ-ЖОСПАРЫН» жасайды. ДЖ – негізінде «ҚҰРЫЛЫС және МОНТАЖДАУ» жоспары құрылады, яғни құрылыстың календарлық мерзімін көрсетеді.
«ҚжМ» жоспары «ФР» финанс ресурстарымен келесі жағдайларды келіседі:
-материалдардың нақтылығы;
-техникалық және энергетикалық жабдықтар;
-құрылыс-монтаждау және арнайы ұйымдардың қуаты мен еңбек ресурстары.
Бұл кезде өндірісті жоспарлауға өнім көлемінің өсуі жоспарынан материальдық өндірістік саланы дамытуға «КАПИТАЛЬДЫҚ - САЛЫМ» салынады. Осы жоспарды жасау процесінде алдымен:
-материальдық ресурстардың бағыты;
-Тұтас жабдықтарды;
-капитальдық салымдардың лимиттері;
-реконструкциялауға құрылыс-монтаждау және ұйымдық жұмыстарды, сонымен қатар әрекеттегі өнеркәсіптер мен объектілердің техникалық құрылыстарын қамтамасыз ету қажет.
«Капитальдық-салымдарды» жоспарлау үшін негізгі көрсеткіштер болып келесілер табылады:

  1. Өндіріс қуатының өсуі немесе жаңа өндірістік қуатты енгізу;

  2. Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорларды құру;

  3. Құрылыс - монтаждау жұмыстарына капитальды құрылыс негізінде «ЛИМИТТЕРДІ» инвестициялау.

«ЛИМИТ» - бұл капитальдық салымның шектік мәнін анықтайтын ресурстық көрсеткіштер. «КС» лимиттері өндірістік және өндірістік емес белгідегі құрылыс объектілеріне жеке анықталады. «КС» жоспары негізінде жеке объектілер бойынша «ЖЫЛДЫҚ ТИТУЛЬДІ ТІЗІМ» жасалады. Мұндай ЖТТ құрылыс және монтаждау жұмыстарын және оларды қаржыландыруды бақылауды оперативті жоспарлау үшін қажет. ЖТТ- жазбасы келесідей тізімдерден тұрады:

  1. Құрылысқа кіретін объектілер;

  2. Объектілердің толық сметалық құны;

  3. Әрбір объекті бойынша инвестиция жоспары;

  4. Іске қосылатын кешендердің қосу мерзімдерін анықтау.

Ал «Іске қосылатын кешендерге» жатады:
-Негізгі өндірістік, қосымша және ТҚК объектілері;
-Жұмысшылар үшін қауіпсіздік және санитарлы-шаруашылық нормаларын сақтау;
-ҚОҚ және су-қоймаларын ластанудан қорғау.
Өнеркәсіптің қуатты қимылын тұрақты ұстау бойынша іс-шараларға қаражат «ӨНДІРІСТІК ДАМУ ҚОРЫНАН» бөлінеді, ал жетіспейтін бөліктеріне қаражат «БАНКТЕН» кредит жолымен шешіледі.
Бұл қор негізгі қорды толық қалыптастыру үшін және пайда түсіміне арналған «АМАРТИЗАЦИЯЛЫҚ ТҮСІМНІҢ» нормаларына сай жасалады.
МЖ жоспарлау кезіндегі негізгі көрсеткіштердің бірі болып «СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫ» саналады. Стандартты емес жабдықтарды дайындау бойынша жұмыстар, «ҚМ» жұмыстары болып саналмайды және ол «ЖАБДЫҚТАР» кестесіндегі шығындар тізіміне енгізіледі. Мұндай жабдықтарды «МОНТАЖДАУ ҰЙЫМЫ» орындамайды. Стандартты емес жабдықтарды жинақтау үшін барлық материальдарды жеткізу және зауыттық дайындаудағы бөлшектер «СҰРАНЫС БЕРУШІМЕН» қамтамасыз етіледі. Стандартты емес жабдықтарды дайындау көлемі еңбек бойыншы «ЛИМИТПЕН» бөлек бекітіледі, әрі қарай сұраныс беруші тәртіп бойынша монтаждау ұйымына жібереді.


Монтаждық алаңдарды ұйымдастыру.
Монтаждау алаңдарын дайындау кезінде келесідей жұмыстар орындалады:
1.Жабдықтарды орнату үшін монтаждау алаңдарын босату және жоспарлау;
2.Жаңа инженерлік коммуникацияны тарту немесе ескісін модернизациялау;
3.Құрылыс мерзіміне тұрақты немесе уақытша жолдарды салу;
4.Құрылыс және монтаждау алаңдарына уақытша қоршауларды дайындау;
5.Өндіріске қажетті қоймалар үшін уақытша қозғалмалы бөлмелерді орнату;
6.Ірі жинақталатын машиналар мен аппараттар үшін алаңдарды дайындау;
7.Байланыс жіне электр-жылу жүйелерін ұйымдастыру;
8.Өртке қарсы қондырғылар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет