Vа топшаның элементтері



бет2/9
Дата19.12.2023
өлшемі2.18 Mb.
#487040
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция 13 -VA топ элементтері

Табиғатта
таралуы
Ауада – 78,09%
Адам ағзасында – 3,1 %
(ақуыз, дәрумен, гармон)
Өсімдіктер (ион түрінде)
Топырақта – 0,01 – 0,04 %
Азот - өмір элементі
Азот
1772 ж Д. Резерфорд
азотты ашқан
Азоттың ашылу тарихы

Ауада азот бар екендігі Қытайда 8 ғасырда Мао-Хоаның жұмыстарында жазылған. Европада азоттың ашылуы ауаның күрделі қоспа екендігін білумен қабат жүрді. Осы бағытта азотты алғаш 1772 жылы Резерфорд оның дем алуға, жануға жәрдемсіз екендігін анықтап «улы ауа» деп атаған. Сол жылы, ағылшынның екінші ғалымы Пристли азотты басқа жолмен алып «флогистонданған ауа» деп ат қойған. 1773 жылы Карл Вильгелм Шееле ауаның екі газдан тұратындығын, оның бірі «бұзылған ауа» екендігін анықтайды. Сол уақытта Кавендиш те сондай қорытындыға келеді. 1776 жылы Антуан Лоран Лавуазье осы айтылған «улы», «флогистонданған», «бұзылған ауаны» тексеріп соның барлығы бір зат екендігіне көзі жетіп ауаның бұл бөлігін азот (грекше «а» өзінен кейінгі сөзді теріс мағынаға аударатын бөлшек «зоэ»-тіршілік) тіршіліксіз деп, азотсыз тіршіліктің жоқ екендігін білмегендіктен, Лавуазье азотқа қате ат қойған. Азотты, англо-саксон тілінде сөйлейтін елдерде Nitrogen «селитра туғызушы», неміс тілінде Stickstoff – «тұншықтырғыш материя» деп атайды.


Лавуазье атын теріс қойғанмен, азот тіршілікке өте керек элемент. Азот белок құрамына кіретіндіктен, бүкіл өсімдіктер мен жануарлардың дене құрамында болады. Клеткаларда болатын белоктардың түрлі өзгерістері тіршілік процестерінің негізі, сондықтан белоксыз, демек азотсыз тіршілік жоқ.

Азот атомының құрылымы -N


Атом құрылысы
Графиктік формуласы
Молекуласының құрылымы
Азот атомының құрылымы -N
Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейшесінде бес электрон бар.
Электрондық формуласы:1s22s22p3
Азот атомы жетпей тұрған үш электронды қосып алып, -3 тотығу дәрежесін көрсетеді. Ең жоғары тотығу дәрежесі +5
Бос күйінде азот екі атомнан тұратын жай зат түзеді, оның молекуласының құрылымы:
V топтың негізгі топшасындағы элементтердің ұшқыш сутекті қосылыстары коваленттік полюсті байланыс түзеді, оның жалпы формуласы RH3, оттекпен түзетін оксидтері R2O5-ке сәйкес.
Азот молекуласындағы σ, π – байланыстың түзілуі
Азот табиғатта бос күйінде ауаның негізгі құрамы бойынша, келемі бойынша — 78,1%. Қосылыс күйінде азот тұздары: мысалы, селитралары NaNO3, KNO3 түрінде және белокты заттар түрінде пайда болатын —аммиак NH3 түрінде кездеседі.
Азот органикалық қосылыс ретінде барлық тipi организм құрамында болады. Мысалы, ол белокты заттар (протеин, протеидтер), нуклеин қышкылы құрамында және зат алмасу — карбамид пен зәр қышқылында бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет