Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы



бет2/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#177215
1   2   3   4
22 және 25-баптарына сәйкес лицензиялануға тиiс валюталық операцияларға қатысты салықтық берешектiң, бюджет қаражатының, үкіметтік сыртқы қарыздардың есебінен берілген кредиттер бойынша және мемлекеттік кепілдіктерді орындауға байланысты туындаған талаптар бойынша мерзімі өткен берешектің болуы;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер.

Өтініш берушіге лицензия беруден бас тартылған жағдайда, бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде лицензиялануға тиіс валюталық операциялардың ең аз сомасы, сондай-ақ берілген лицензияға сәйкес валюталық операция бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртібі белгіленеді.



 

2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



8-бап. Тіркеу режимі

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның 4-тарауында аталған валюталық операцияларды тіркеуді жүзеге асырады.

2. Тіркеу режимі валюталық шартты тіркеуді және тіркелген валюталық шарт бойынша резиденттің кейiннен мәлiметтер беруін қамтиды.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Валюталық операцияға қатысушы резидент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тіркеу үшін:

1) егер валюталық шартқа тіркеу режимі басынан бастап қолданылған жағдайда - тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы басталғанға дейін;

2) егер тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы валюталық шартқа тіркеу режимін қолдануға әкеп соққан жағдайда - осындай міндеттемені орындау басталғанға дейін;

3) егер тіркеу режимі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нәтижесінде және валюталық шартқа тіркеу режимі қолданылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы қажет болған кезде қолданылған жағдайда - осындай міндеттемелерді орындау басталғанға дейін;

4) өзге жағдайларда - валюталық шартқа тіркеу режимі қолданылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өтініш беруге міндетті.

2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды



3-1. Егер резидент талапты басқаға беру немесе борышты аудару нәтижесінде тіркеу режимі қолданылған валюталық шарттың тарапы болса, онда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті мәміле жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тіркелу үшін өтініш жасауға міндетті.

2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



4. Резиденттер валюталық операцияларды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы Заңның 10-бабы бірiншi бөлiгiнiң 1)-4), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен тапсырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынылған құжаттарда сiлтеме жасалған құжаттарды қосымша сұратуға құқылы.

5. Резидент құжаттардың толық топтамасын тапсырған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тіркеу жүзеге асырылады.



Валюталық шартты тiркеген кезде өтiнiш берушiге белгiленген үлгiдегi құжат - тiркеу куәлігі беріледi.

6. Тiркеуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) дұрыс емес ақпарат ұсыну не осы Заңға сәйкес көзделген ақпаратты ұсынбау;

2) жүргiзiлетiн операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуi.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде мәміленің сомасына қатысты шекті мән белгіленіп, одан асып кеткен кезде валюталық шарт тіркелуге жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға қатысты хабарлама режимін белгілеуге құқылы тіркеу режимінен ерекше жағдайлар белгіленеді.

 

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



9-бап. Хабарлама режимі

1. Хабарлама режимі валюталық операцияларға қатысушы резиденттердің және (немесе) уәкілетті банктердің, сондай-ақ клиенттер тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне валюталық шарт бойынша белгіленген нысанда ақпарат ұсынуын және жүргізілген операциялар мен валюталық шарттың өзгерістері туралы кейіннен ақпарат ұсынуын қамтиды.

Уәкілетті банктер және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тұрақты негізде есептер беру нысанында жүзеге асырылған валюталық операциялар туралы хабарлама беруге рұқсат етіледі.

2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Егер хабардар етілуге жататын валюталық операцияларға қатысты тұрақты негізде есептер нысанында хабардар ету талабы белгіленбесе, валюталық операцияға қатысушы резидент валюталық шарт жасалғаннан кейін, бірақ ол бойынша міндеттемелерді тараптардың бірі орындауды бастаған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті. Егер хабарлама тәртібі валюталық шартқа ол бойынша міндеттемелерді орындау процесінде қолданылған болса - валюталық шарт бойынша жүзеге асырылатын валюталық операциялар хабарлануға тиісті күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабарлайды.

Шетелдік банкте шот ашқан жағдайда хабардар ету осы Заңның 25-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайлар мен мерзімде жүзеге асырылады.



Егер резидент талапты басқаға беру немесе борышты аудару нәтижесінде хабарлама режимі қолданылған валюталық шарттың тарапы болса, онда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін тиісті мәміле жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде осындай валюталық шарт туралы хабардар етуге міндетті.

3. Тұрақты негізде есептер беру нысанында хабардар ету жағдайларын қоспағанда, хабарламаны растауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі резиденттің валюталық шарт туралы ақпаратты табыс еткен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Бұл ретте, валюталық операцияға қатысушы резидентке белгіленген үлгідегі құжат - хабарлама туралы куәлік беріледі.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операциялардың жасалу мән-жайларын нақтылау мақсатында соның негізінде валюталық операциялар жүзеге асырылатын валюталық шартты талап етуге құқылы.

5. Уәкілетті банктер және (немесе) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары хабарлама туралы куәлік болмаған жағдайда клиенттердің валюталық операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлай отырып жүргізеді.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде мәміленің сомасына қатысты шекті мәні белгіленіп, одан асып кеткен кезде валюталық шарт хабарлануға жатады, хабарламаның нысаны мен тәртібі, сондай-ақ хабарлама режимінен ерекше жағдайлар белгіленеді.

 

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



10-бап. Лицензия мен тіркеу куәлігін алу үшін талап етілетін құжаттар

Резиденттер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Заңда белгiленген валюталық реттеу режимдерiнiң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) тiгілiп, қол қойылып (жеке және заңды тұлғалар үшін) және мөр басылып (заңды тұлғалар үшiн) куәландырылған валюталық шарттың көшiрмесi;

3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi (валюталық операцияны жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалаp үшiн);

2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5) заңды тұлғалар үшін - құрылтай құжаттарының (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;

6) 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

8) өтінiш берушінiң талаптарға, оның iшiнде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген біліктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар;

9) резиденттiң шетел валютасы шотының бар екендігі туралы банктің анықтамасы;

10) валюталық шарт бойынша мiндеттемелердiң туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшiрмесi.



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi танысу үшiн осы бапта аталған құжаттардың түпнұсқаларын резиденттен сұратуға құқылы.

Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылып ұсынылады.

 

11-бап. Валюталық мониторинг



1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық мониторингтi Қазақстан Республикасының төлем балансының тұрақтылығын бағалау мақсатында жүзеге асырады.

Валюталық мониторингтің негізгі міндеттерi:

1) валюталық мониторинг объектілерi жүзеге асыратын валюталық операциялар бойынша ақпарат базасын жасау;

2) Қазақстан Республикасы төлем балансының, сыртқы борышының және халықаралық инвестициялық позициясының статистикасын, оларды талдау мен болжауды жетiлдiру болып табылады.

2. Резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс iстейтін филиалдары мен өкілдiктерi валюталық мониторинг объектiлерi болып табылады, Валюталық мониторинг қолданылатын қызметтiң түрлерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

3. Валюталық мониторинг белгіленген есептілік нысандарына сәйкес валюталық мониторинг объектiлерiнiң резиденттермен және резидент еместермен iске асыратын жобалары бойынша олардан ақпарат жинау әдiсiмен жүзеге асырылады.

4. Валюталық мониторинг жүргiзу үшiн есептілік мерзiмдерi мен нысандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актісiнде белгіленедi.



 

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



12-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау

1. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау уәкілетті банктердегі банк шоттарына:

1) тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортынан ұлттық және шетел валютасындағы түсімдерді;

2) резидент емес міндеттемелерін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда, резиденттің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына аударған ұлттық және шетел валютасын есептеуді білдіреді.

Резидент ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының репатриациялау мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Репатриациялау мерзімі тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындау талаптары негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен резидент есептейтін уақыт кезеңі болып табылады.

Резиденттердің валюталық операцияларын жүргізетін уәкілетті банктер резиденттен репатриациялау мерзімін нақты айқындауды немесе нақтылауды талап етуге құқылы.

2. Репатриациялау талабы осы Заңға сәйкес:

1) біртекті қарсы талапты есепке жатқызу арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған;

2) олардың арасында бұрыннан бар бастапқы міндеттемені сол тұлғалар арасында өзгеше нысананы немесе орындалу тәсілін көздейтін басқа міндеттемемен ауыстыру арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған;

3) резидент еместің міндеттемелерді орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемі алынған;

4) резиденттің резидент еместен тартылған заем талаптарына сәйкес резиденттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге немесе резиденттің шетелде ашылған филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған шетелдік банктердегі шоттарына ұлттық және шетел валютасы нақты есептелген жағдайларда ішінара немесе толық орындалды деп есептеледі.

3. Резидент резидент емеске талап қою құқығын басқа резидентке берген жағдайда, белгіленген мерзімде репатриациялау талабын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі тиісті міндет талап ету құқығын қабылдаған резидентке көшеді.

2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі резиденттердің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт және импорт жөніндегі келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуының бірыңғай ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ мәміленің сомасынан асып кеткен кезде келісімшарттың есептік нөмірін алу талап етілетін оған қатысты шекті мәнді белгілейді.

5. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды бақылау мақсатында, валюталық шартта резидент еместердің міндеттемелерді орындау мерзімдері міндетті түрде көзделуі тиіс.

Міндеттемелердің орындалу мерзімдері өзгерген, репатриациялаудың белгіленген мерзімдеріне әсерін тигізетін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда, резиденттер уәкілетті банктерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті негіздемені және растау құжаттарын ұсына отырып, хабарлауға міндетті.

6. Осы баптың талаптарының орындалуын және валюталық қаражаттың қайтарылмауының негізділігін бақылауды салық қызметі, кеден және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оның ішінде өзара ақпарат алмасу жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

 

 



3-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГІ ПРИНЦИПТЕРI

 

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



13-бап. Резиденттер арасындағы валюталық операциялар

Резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынады, оған мыналар кiрмейдi:

1) тараптардың бірi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болатын операциялар;

2) өздеріне берiлген лицензияға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкiлеттi банктер мен уәкілеттi ұйымдар жүзеге асыруға құқылы банктік операцияларға және өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық құндылықтармен операциялар;

3) валюталық операциялар жүргізу жөнiндегі банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу, сондай-ақ шетел валютасымен банктiк қызмет көрсету көзделетін шарттар бойынша тұрақсыздық айыппұлын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеу;

4) номиналдық құны шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар;

4-1) тазартылған құйма алтынды сатып алу және сату жөніндегі операциялар;

5) аударым аккредитивтерiн ақы төлеу нысаны ретінде пайдаланған кезде экспортты (импортты) жүзеге асыруға байланысты комиссия шарттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары;

6) шетел валютасымен көрсетілген вексельдерді ақшалай міндеттемелерді орындау ретінде беру;

7) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаулар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарлар сату және қызмет көрсету кезінде есеп айырысуға байланысты операциялар;

2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның ішінде өкілдік шығыстарын төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты берілген жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар;

9) жеке тұлғалардың ақшаны өтеусiз аударуы немесе валюталық құндылықтарды жеке тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық қызметi қайырымдылық қызметiн жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғаларға өтеусiз беруi;

10) жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалардың пайдасына банк салымдарын енгізуi;

11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен көзделген жағдайларда салықтар және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердi төлеуге байланысты операциялар.

 

14-бап. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар



1. Резиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тараптардың келісімi бойынша резидент еместермен ұлттық және (немесе) шетелдік валютамен мәмілелер жасасуға құқылы.

2. Резиденттер резидент еместермен операциялар бойынша шетел валютасымен көрсетiлген вексельдер шығаруға құқылы.

3. Резидент еместер салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар, резиденттермен қарыз алу операциялары және осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылған өзге де валюталық операциялар бойынша алынған дивидендтердi, сыйақы мен өзге де кiрiстердi шектеусiз алуға және аударуға құқылы.

4. Егер осы Заңның



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет