Cульфаттық тыныс алу. Анаэробты тыныс алуда сульфатты сутегінің соңғы акцепторы ретінде қолдануға тек қана екі топқа жататын бактериялар қабілетті:
Desulfovibrio,
Desulfotomaculum. Бұл бактериялар қатаң анаэробтар болып табылады, олар донор ретінде молекулалық сутегіні қолданады, сол себептен оларды хемолитотрофтарға
жатқызады. Бұл бактериялар табиғатта күкіртті сутегіні түзуде жетекші орын алады.
Табиғатта кеңінен тараған оттегі бос және байланысқан күйде кездеседі. Ол
жасушада, сутегі мен органикалық қосылыстармен байланысқан күйде кездеседі. Ол
атмосферада
бос молекулярлы күйде кездесіп, жалпы көлемнің 21% үлесін құрайды.
Оттегіге деген қатысы бойынша және энергия алу барысында оттегіні қолдануларына байланысты микроорганизмдер 3 топқа бөлінеді:
облигатты (нағыз) аэробтар,
облигатты анаэробтар, факультативті анаэробтар.
Облигатты аэробтар. Өсуі және көбеюі тек қана оттегі болған жағдайда өтеді. Оттегі оттегілік тыныс алу жолымен энергия алу үшін қолданылады.
Энергияны оксидативтік зат алмасу
кезінде алады,
цитохромоксидаза катализдейтін реакцияларда оттегіні терминальды акцептор ретінде пайдаланады.
Облигатты аэробтарды ауа атмосферасындағы парциалды қысымда өсетін
қатаң аэробтар және төмен парциальды қысымда өсетін
микроаэрофилдер деп бөледі.Бұл
микроаэрофилдердің күшті тотықтырғыштармен жанасқанда белсенділігі жойылатын кейбір ферменттерінің (мысалы гидрогеназа ферменті) болуымен байланысты төмен
парциалдық қысымда ғана олардың ферменттік белсенділіктері артады.
Достарыңызбен бөлісу: