Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер


Бактериялардың қоректенуі



Pdf көрінісі
бет34/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106
Микро рк 03.12.20

Бактериялардың қоректенуі 
Қоректену түрлері және энергия алу әдістері бойынша бактериялардың жіктелуі.Бактерия метаболизмінің негізгі мақсаты өсу , дәлірек айтқанда жасушаның барлық 
құрылымдарының үйлесімді ұлғаюы болып табылады. Бактерия жасушасының негізі көміртегі атомынан тұратын органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар
нуклеин қышқылдары) болғандықтан, жасуша өсу үшін үздіксіз көміртегі атомдарының түсіп тұруын қажет етеді. Сіңірілетін көміртегі алу көзіне байланысты 
бактерияларды төмендегі түрлерге бөледі: 
Аутотрофтар (гректің autos- өзім, trophe- қоректену)-өз жасушаларын құруда көміртегін ауадағы СО2 - нен сіңіретіндер. 
Гетеротрофтар(грекше heteros- басқа)-көміртегіні органикалық қосылыстардан пайдаланатындар. Жеңіл сіңірілетін көміртегі көздері гексозалар, көпатомды 
спирттер, аминқышқылдар болып табылады. 


Энергия көзі ретінде күннің жарығын пайдаланатын организмдерді фототрофтардеп атайды. Ал тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде пайда болған 
энергияны пайдаланатын организмдерді хемотрофтардеп атайды. 
Хемотрофтардың ішінде органикалық емес электрондарды(H2, NH2, H2S, Fe 2+ және т.б) пайдаланатындарды литотрофтар(гректің lithos-тас),ал органикалық 
қосылыстардың электрондарын пайдаланатындарды органоторфтардеп атайды. 
Медициналық микробиология зерттейтін бактериялар гетерохемоорганотрофтарғажатады. Бұл топтың ерекшелігі, көміртегі көзі-энергия көзі болып 
табылатындығында. 
Əр түрлі бактерияларда гететротрофтық дәрежесі біркелкі болмайды. Өлі органикалық заттармен қоректенетін және басқа организмдерге тәуелсіз 
микроорганизмдер-сапрофиттер (гректің sapros- шіріген, phitos-өсімдік) және қоректік заттарды макроорганизмнен алуға тәуелді гетеротрофты 
микроорганизмдер паразиттер (гректің parasitos- арамтамақ) деп бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет