•
Байыту орталары - бұл белгілі бір бактерияның өсуіне жоғары мүмкіндіктер жасап, басқа бактериялардың өсуін басатын орталар .
Мысалы, натридің селениті қосылған орта Salmonella тұқымдастығына жататын бактериялардың өсуін күшейтіп, ішек таяқшасының
өсуін басып отырады.
•
Дифференциалдық-диагн орталар бактериялардың ферментативтік белсенділігін зерттеуде қолданылады . Бұл орталардың құрамына
фермент әсер ететін субстрат қосылған жай қоректік орта және субстратқа фермент әсерін тигізгенде түсін өзгертетін индикатор кіреді.
Мысалы ретінде Гисс ортасын келтіруге болады. Осы ортада бактерия жасушасы ферменттерінің қантты ыдыратуын зерттейді.
•
Аралас- бірлескен флораның өсуін басатын элективті орта мен микроб бөлетін ферменттің
белсенділігін анықтайтын
дифференциалдық-диагностикалық орталар біріктіріліп жасалады.
Құрамына қарай:қарапайым,күрделі.
• Қарапайым орта: пептонды су,қоректік сорпа,ет-пептонды агар
• Күрделі орта: қантты және сарысулы сорпа,
қанды агар
Достарыңызбен бөлісу: