АКС (АДС) – анатоксин Сіреспе және күлдің арнайы алдын – алу үшін қолданылады.
Күлдік және сіреспелік анатоксиндерден тұрады.Күлдік - сіреспелік адсорбирленген анатоксин (АКС – анатоксин). Егуді 6 жасқа дейінгі
көкжөтелмен ауырып жазылған немесе АКДС – вакцинасын егуге қарсы көрсеткіштері бар балаларға егу жүргізеді.
AД – M – анатоксин. Бұл – дифтериялық анатоксин, антиген саны азайтылған, алюминий гидрокисіне адсорбцияланған.Күл (дифтерия)
ауруының алдын алуы үшін қолданылады.Вакцина 1 жаста егіледі.
АДС – М – анатоксин .Дифтерия – сіреспеге қарсы қолданылатын, антигендік құрамы азайтылған адсорбцияланған анатоксин. 16 жас
балаларда жоспарлы түрде ревакцинацияда қолданылады. Вакцинаны егу әрбір 10 жылда жүргізіледі.
ККП – вакцина Қызылшаға, қызамыққа және паротитке (мысқылға) қарсы-тривакцина.Жоғарыда аталған аурулардың алдын-алу үшін
қолданады. Аттенуацияланған штамдардан дайындалған тірі вакцина.Вакцина егу 6 жаста жүргізіледі
К – вакцина Бұл қызамыққа қарсы қолданылатын тірі вакцина.Жүкті әйелдерді қызамықтан қорғау үшін, және де ұрыққа жұқтырудан
сақтану және нәрестелерде туа біткен қызамық синдромын болдырмау үшін қолданады.Вакцина егу 15 жаста жүргізіледі (әйел
жыныстыларға)
ҚР Ұлттық екпе егу күнтізбесі(БЦЖ,ВГВ,HIB,АКДС,АДС,АД-М,АДС-М,ККП,К,ОПВ)
туылғаннан кейін
1-4 күндері БЦЖ,ВГВ.
2 ай-АБКДС,ХИБ,ВГВ,ИПВ,Пневмо.
3 ай-АБКДС,ХИБ,ИПВ.
4-ай-АБКДС,ХИБ,ВГВ,ИПВ,Пневмо.
12-15 ай-ОПВ,ККП,Пневмо.
18-ай-БКДС,ХИБ,ИПВ.
6-жас (1сынып)БЦЖ,АБКДС,ККП
16-жас-АДС-М
Әрбір 10 жыл сайын-АДС-М
13.Иммунодиагнистикалау.
Иммунодиагностика-бұл жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды диагностикалау үшін иммунитет реакциясын пайданылады.
Иммунитет реакциясы-бұл антигеннің иммундық жауап өнімдерімен өзара әрекеттесуі.
Иммунды реакциялар сау және ауру адамдарға диагноз қою иммунологиялық тексеру кезінде қолданылады.Ол үшін серологиялық
тәсілдер пайданылады, ягни сарысуда, басқа сұйықтар мен тіндерде табылатын антиген-антидене реакциялары арқылы зерттейді.
Микробиологияда және иммунологияда агглютинациялық,прециптациялық,бейтараптау,комплемент байланыстыру,таңбаланған
антидене мен антигендер арқылы жүретін реакциялар өте кең қолданылады.
Агглютинациялық реакция-корпускулалық антигендерді антиденелермен байланыстыру арқылы өтетін қарапайым реакция.
Достарыңызбен бөлісу: |