Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер


Иммунодиагнстикалау. Иммунодиагностикалық және емдік – профилактикалық сарысулар. Диагностикумдар. Аллергендер. Анықтамасы. Түрлері. Алыну



Pdf көрінісі
бет52/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   106
Микро рк 03.12.20

13.
Иммунодиагнстикалау. Иммунодиагностикалық және емдік – профилактикалық сарысулар. Диагностикумдар. Аллергендер. Анықтамасы. Түрлері. Алыну 
жолдары мен микробиологиялық диагностикалаудағы ролі.


Иммунодиагностика деп белгілі бір ауруды немесе зерттелетін материалдағы ауру қоздырғышын анықтауға мүмкіндік беретін иммунологиялық әдістердің 
жиынтығын айтады.
Иммунодиагностика әдістері 2 топқа бөлінеді: 
1) Жалпы, арнайы емес әдістер, бұл әдістер иммунитет жүйесінің әр түрлі бөліктерінің лимфоциттердің,гранулоциттердің,макрофагтардың,комплементтің күйін 
сипаттайды. 
2) Арнайы әдістер, Бұл әдістер жануарлар организміндегі және сыртқы ортадағы антидене,антиген,Т-лимфоциттерді анықтауға мүмкіндік береді. 
Диагностикалық иммундыбиологиялық препараттар жұқпалы ауруларда, аллергиялық жағдайда, ісіктерде, иммунопотологиялық көріністерде кеңінен қолданылады. 
Сарысу препараттары – жануарлар мен адамдарды емдеуде және спецификалық профилактикасы үшін қолданылады. Оларға: қалыпты және телімді қан 
сарысулары, плазма, иммуноглобулиндер жатады. Иммунды сарысуды сәйкес вакциналармен гипериммундалған (қарқанды иммундау) жануарлардың (жылқы, есек, 
қоян) қанынан немесе адамның иммундалған қанының (донорлы, плацентарлы, абортты қан қолданылады) алады. 
Иммундық қан сарысулары нақты бір ауру қоздырғышына үйлесімділігі бар антиденелердің көзі болып табылады. Олар ауруға шалдыққан малды емдеу үшін және 
аурудың алдын алу мақсатында жүргізіліп отыр. Қан сарысуы егілген организмде енжарлы иммунитет бірер сағаттан соң пайда болып, 12-14 күнге дейін созылады. 
Диагностикумдар— стандартты диагностикалық 
препараттар
. Тиісті 
вирустың
 (микроорганизмдердің) культурасынан дайындалады және серологиялық 
реакцияларда 
антиген
 ретінде қолданылады. 
Бұл бактериалдык жэне вирустык инфекциялардьң диагностикасы ушін колданылатын стандартталган препараттар.
Аллергияны туындататын заттарды «аллергендер» дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) 
болып бөлінеді. 
Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер 
(
новокаин

пенициллин

витаминдер
 т.б.), 
микробтар
 мен 
вирустар
, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі 
микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы 
химиялық
 заттардың, 
иондағыш
 сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда 
болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі 
салдарынан аллергиялық ауру пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет