Николай Федорович Катанов (1862-1922) Н.Ф.Катанов ұлты-хакас. Ол 1876 жылы Аскиздегі училищені, 1884 жылы Красноярскідегі гимназияны алтын медальмен бітіреді. Түркітаным тарихына Н.Ф.Катанов - «Опыт исследования урянхайского языка с указателем главнейших родственных отношений его к другим языкам тюрского корня» (Қазан, 1903),
- «Замечания о богатырских поэмах минусинских тюрков»,
- «О погребальных обрядах у тюрских племен с древнейших времен до наших дней»,
- «Восточные заметки» т.б. еңбектерімен енген.
Санкт-Петербург университетінде сабақ берген атақты түркологтың бірі профессор П.М.Мелиоранский (1868-1906). Ол 1887 жылы осы университеттің араб-парсы-түрік-татар бөліміне оқуға түседі. Университеттің үшінші курсында оқып жүріп, қазақ тілін үйреніп, ауыз әдебиетін жинап қайтады. 1891 жылы университетті бітіргеннен кейін кафедрада қалады. 1893 жылы «Күлтегін» ескерткіші деген тақырыпта магистрлік, 1901 жылы «Араб филолог о турецком языке» деген тақырып бойынша диссертация қорғайды. 1905 жылы ординарлық профессор, қызметін атқарады. П.М.Мелиоранский өте көп және жемісті еңбек етті. Қысқа өмірінің ішінде түркітану мен монғолтану саласында өшпестей із қалдырған. Оның еңбектерін А.Н.Кононов үлкен-үлкен жеті салаға бөліп көрсетеді. Олар: 1.Тарихи жазба ескерткіштерді жариялап оларға филологиялық талдау жасау. 2.Грамматикаға байланысты еңбектері: бұлардың ішінде қазіргі күнге дейін құндылығын жоймаған «Краткая грамматика казах-киргизского языка» 1-бөлім (1894) деген еңбегін атауға болады. 3. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинау. Бұлардың ішінде оның
Достарыңызбен бөлісу: |