Вестник евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата21.04.2023
өлшемі6.12 Mb.
#472543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Оғыз таңбалары

Әдіснама. Тарих ғылымының басқа 
салаларымен 
салыстырғанда 
таңбатану 
бағытының 
әдіснамалық 
мәселелері 
шешілмеген күйінше қалып отыр. Отандық 
таңбатанушылық мектептің болмауы себепті 
нақты зерттеушілік бағдарлар белгіленбеді, 
міндеттер қойылмады, сәйкесінше зерттеулер 
жүйелі түрде жүргізілмеді. Яғни таңбаларды 
әртүрлі сала мамандары өздерінің білім-
тәжірибе деңгейіне және зерттеушілік 
міндеттеріне сәйкес талдап келгендіктен 
әзірше ортақ әдіснама қалыптаса қойған жоқ. 
Қазақстан археологтары таңбаларды зерттеу 
барысында негізінен петроглифтану аясында 
қолданылатын әдістерге жүгінеді. Бірақ 
петроглифтану әдістері таңбатану саласында 
қордаланып қалған мәселелерді толығымен 
шешуге қауқарсыз. 
Дегенмен автор қарастырылып отырған 
тақырыптың мазмұнын ашу үшін сандық 
талдама, 
салыстырмалы-салғастырмалы 
талдама, контент-талдама, дискурс-талдама, 
нарративтік әдіс тәрізді кейбір жалпыға 
ортақ тәсілдерді қолданып, қазіргі Қазақстан 
аумағынан табылған және ғылыми айналымға 
енгізілген оғыз таңбаларының сандық талдауын 
жасады, ортақ және ерекше сипаттамаларын 
анықтады, 
нышандық 
байланыстарын 
қарастырды, жазбаша деректер мен халық 
ауыз әдебиетіндегі ақпараттарды салыстырып 
шықты. 
Талқылау нәтижелері. Түрік ғалымы 
Т. Гүленсой өз еңбегінде оғыз таңбалары 
келтірілген 5 дерек бар деп санамалап өтіп, 
солардың негізінде оғыз таңбаларының 
салыстырмалы жиынтық кестесін жасап 
ұсынған [6, 62-63 бб.]. Кейінірек М. Тезжан 
өзінің магистрлік диссертациясында Т. 
Гүленсойдың бұл мәліметтерін нақтылай 
түседі [7, 246-264 бб.]. Бірінші дерек – ХІ ғ. 
екінші жартысына жатқызылатын Махмұд 
Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі [8, 
101-102 бб.], екінші дерек – ХІІІ ғ. соңы – XIV ғ. 
басында өмір сүрген Рашид ад-диннің «Жамиғ 
Ат-Тауарих» еңбегі [9, 88-90 бб.], үшінші дерек 
– XV ғ. басында ІІ Мұрат сұлтанның тұсында 
жазылған Языжыоғлы Әлидің «Селжұқнаме» 
еңбегі [10, 12-14 бб.], төртінші дерек – XVI ғ. 
Шахид Осман жазып, Мехмед Синан Боснави 
көшірмесін жасап шығарған «Хюнернаме» 
еңбегі [11, 29-32 бб.], бесінші дерек – XVIІ 
ғ. 
екінші 
жартысына 
жатқызылатын 
Әбілғазының «Түрік шежіресі» еңбегі [12, 48-
52 бб.]. 
Жалпы, оғыз тайпаларының саны туралы 
деректер әртүрлі болып келеді. Оғыздардың 
бөлінісі туралы мәліметтерді зерттеушілер 
олардың Үш Оғыз, Сегіз Оғыз, Тоғыз Оғыз
Он Оғыз, Отыз Оғыз болып бөлінгені туралы 
деректер бар екендігін айтады [2, 123 б.]. Түрік 
сөздігінде оғыздардың 24 тайпасының аты 
аталып, 22 тайпасының таңбасы келтіріледі [8, 
101-102 бб.]. Ал Әл-Марвази болса оғыздардың 
12 тайпасы туралы ғана мәлімет қалдырған [3, 
314 б.]. Бұл жағдайды авторлар оғыздар бозоқ, 
үшоқ болып екі фратрияға бөлінгендіктен, 
тек олардың бір бөлігі ғана қамтылған болуы 
мүмкін деген ой айтады [Бұл да сонда]. 
Оғыз таңбалары


119
№ 4(133)/2020
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение 
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Historical Sciences. Philosophy. Religion Series
С.К. Самашев
М. Тезжан болса бұл жайында М. Қашғари 
оғыз бірлестігі 24 рудан тұрады дегенімен 22 
рудың таңбасын ғана келтіруі қалған екі ру саны 
жағынан аз Қалаш тайпаларының өкілдерінен 
құралғандығымен байланысты дейді [7, 248 
б.]. Сондай-ақ ол В.В. Бартольдке сүйене 
отырып, оғыз таңбаларының М. Қашғаридің 
еңбегінде 22, Рашид ад-динде 24 болып келуі 
оғыз тайпаларының саны сол дәуірде, яғни, ХІ 
ғ. 22 болуымен байланысты деген ой айтады 
[Бұл да сонда]. В.В. Бартольд М. Қашғаридың 
мәтінінде келтірілген таңбалар мен Рашид 
ад-диннің мәтінінде көрсетілген таңбалардың 
арасында зор айырмашылық бар деп атап 
өтеді [13, 575 б.]. 
Оғыз таңбаларының түрлі деректерде 
келтірілген айырмашылықтары мен ұқсастық-
тарын, түркі әлеміндегі параллельдігін 
және зерттелу деңгейін кеңірек қарастыру 
төмендегідей нәтиже беріп отыр.
Қайы руының таңбасы: М. Қашғарида [8, 
101 б.]; Рашид ад-динде 
[9, 88 б.]; 
Языжыоғлыда [10, 12 б.]; Хюнернамеде 
[11, 29-32 бб.]; Әбілғазыда [12, 49 б.] (А.Н. 
Кононовтың нұсқасында 
[14, 53 б.]). 
Қазақстандағы Тамғалыжар ескерткішінде
[15, 293 б.]; Түркияның Бурса жерінде , [6, 
86-87 бб.]; Әзірбайжанның Кашкай жерінде
[16, 138 б.]; түркімендердің Теке руында [17, 
205 б.]; Қырғыздың Чекир Саяк руында [17, 
205 б.]; башқұрттың Тамян, Кудей руларында
, кездеседі [18, 397 б.]. Татарлар мен 
ноғайлар арасында кездесетіні туралы әзірше 
дерек ұшыраспады. 
Баят руының таңбасы: М. Қашғарида 

[8, 102 б.]; Рашид ад-динде [9, 88 б.] (М. 
Тезжанның нұсқасында 
[7, 249 б.]); 
Языжыоғлыда [10, 12 б.]; Хюнернамеде
[11, 29-32 бб.]; Әбілғазыда [12, 49 б.] (Т. 
Гүленсойдың нұсқасында [6, 62 б.], А.Н. 
Кононовтың нұсқасында 
[14, 53 б.]). 
Қазақстандағы Шопан ата, Масат ата, Қошқар 
ата 
ескерткіштерінде 
,
[19, 
454], 
Тамғалыжар ескерткішінде , , [20, 133 б.]; 
Түркияның Бурса жерінде [6, 86-87 бб.], 
Караджабей жерінде 
[6, 92 б.]; 
түркіменнің Теке руында , [17, 206 б.]; 
қырғыздың Солто руында [17, 206 б.], Саяк 
руында [17, 205 б.], Басыз руында [17, 206 б.]; 
Қырым татарларының Буюк-ас бейітінде 
[21, 5 б.]; башқұрттардың Тамян руында
кездеседі [18, 397 б.]. Ноғайлар арасында 
кездесетіні туралы әзірше дерек ұшыраспады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет