Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет135/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 
 
ӘӨЖ 069.5 
ҒТАР 03.61.91  https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.14 
А.Ш. Ермекбаева 
1

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Алматы, Қазақстан, e-mail: ainur.kaznu@gmail.com 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ ҚОРЫНДАҒЫ 
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ 
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КОЛЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ 
 
Аңдатпа 
Мақалада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қоры негізінде Орталық Азия түркі 
халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты коллекциялардың жинақтау мәселелері қарастырылады 
және сол жинақталған коллекциялардың құрамы сипатталады. Себебі, ерекше екшеп айтар болсақ
отандық музейлердегі этнографиялық коллекцияның қорын үнемі толықтырып отыру мәселесі өзекті 
ғылыми әрі ғылыми-практикалық мәселе болып табылады. Ұлттық мәдениетті насихаттау мен оны сақтау 
мәселесінде этнографиялық коллекциялардың алар орны айрықша. Әсіресе, дәстүрлі мәдениетке қатысты 
тұрмыстық және шаруашылық бұйымдары қолданыс аясынан шығып кеткен жағдайда этнографиялық 
коллекциялардың маңызы арта түседі. Сондай-ақ, этнографиялық коллекциялар ғылыми-зерттеу жұмыс-
тары үшін үлкен маңызды дереккөз ретінде қолданылады. Қарастырылып отырған мақалада этнография-
лық коллекциялардың қалыптасу ерекшеліктері мен факторларына басты назар аударылған. Сонымен 
қатар, автор жоғарыда көрсетілген халықтардың этносаралық өзара қарым-қатынас аясында пайда болған 
дәстүрлі-тұрмыстық қолданыстағы заттардың ұқсастықтар мен айырмашылықтарға ерекше назар 
аударады. Музейдің этнографиялық коллекциялары халықтардың дәстүрлі-тұрмыстық мәдениетінің 
әртүрлі аспектілерін көрсетеді. Аталмыш коллекциялардың жинақтау жұмыстары арнайы тақырыптарды 
зерттеу үшін ұйымдастырылған этнографиялық экспедициялар мен тұлғалардың сыйға тартуы және 
сатып алу негізінде жүзеге асырылып отырғандығы анықталды. Сондай-ақ, коллекциялардың толығуына 
жергілікті әкімшіліктің мемлекеттік қызметкерлерді ынтымақтастыққа тарту сияқты факторлар да 
айтарлықтай әсерін тигізген. 
Түйін сөздер: коллекция, қор, орталық музей, этнографиялық коллекция, түркі халықтары, тарих, 
мәдениет. 
 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
133 
Ермекбаева А.Ш. 
1

1
Казахский национальный университет имени аль-Фараби,
г. Алматы, Казахстан, e-mail: ainur.kaznu@gmail.com 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет