Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
134
ең басты құрамдас бөліктері – баспана, еңбек құралдары мен бұйымдары, ас дайындау және тамақтану
жүйесі, киім-кешек сияқты дәстүрлі тіршілікқамы мәдениетінің ең маңызды салалары уақыт пен кеңістік
екшеуінен өткен өзіндік болмыс бітімімен дараланады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық
музей қорындағы этнографиялық коллекциялар халықтың тұрмысы мен мәдениетінің кешенді көрсетуге
мүмкіндік береді және олардың көпшілігі сирек кездесетін тарихи-мәдени құндылық болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі тек Қазақстан аймағында ғана емес, бүкіл
Орталық Азия аймағындағы ең көне және ірі музейлердің бірі болып табылады. Музей қорының негізгі
коллекцияларының қалыптасуы сонау Орынбор өлкелік музейі кезеңінен бастау алады. Музей қорында
300 мыңға
жуық музей құндылықтары бар, оның ішінде бірегей этнографиялық бұйымдар топтамасы
жиырма төрт мыңнан астам сақтам бірлікті құрайды. XIX–XX ғасырларға жататын коллекцияның басым
бөлігі музей қалыптасқан жылдардан бастап жинақталған [1].
Музей заттарының өзіндік өмірбаяны, өмір сүру орны мен уақыты, және олардың музей қорына түсу
жолдарын зерттеу музейлік ғылым үшін маңызды болып табылады. Музей құндылықтарын жинақтау-
шылар мен экспедиция жұмыстарының нәтижесінде музейге келіп түскен музейлік мәні бар заттардың,
сондай-ақ тарихи құндылығы бар халық арасында белгілі бір уақыт аралығында қолданылған заттардың
сипаттамаларын жасау және олардың әртүрлі жолдар арқылы музей қорына түсу
жағдайларын зерттеу
ғылыми қызығушылық тудыратыны сөзсіз [2, 3-б.]. Қарастырылып отырған аймақ бойынша ҚР МОМ
қорында зерттеуді қажет ететін,
әлі ғылыми айналымға енбеген, толыққанды зерттелмеген музей
құндылықтары жетерлік. Сол себепті музей қорында Орталық Азия аумағында тұратын халықтардың
өмірі мен мәдениетіне қатысты жинақталған музей құндылықтарының қалыптасу тарихын зерттеу және
оны ғылыми айналымға енгізу өзекті болып табылады.
Мақаланың мақсаты Орталық Азиядағы түркі халықтарының тарихы мен дәстүрлі мәдениеті туралы
коллекциялардың құрамын, ерекшеліктерін, сонымен қатар олардың қалыптасу
тарихын зерттеу болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: