Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет185/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
179 
Төртінші топ. Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы З.С. Самашевтың басқаруымен Ембі
Сағыз, Жайық өзендері бойынан, Үстірт өңірінен көне ғибадатханалар мен қала қоныстары зерттеді. 
Сонымен қатар, Ақтау маңынан Тоқсанбай, Айтман, Сайатөс, Бейнеу жерлерінен қоныстарды қазды. Осы 
Батыс Қазақстан аймағынан сармат заманының Бәйте І-ІІІ, Терең, Қара-Қонай, Үстірттен оғыз заманының 
Жезді қалашығы, Жайықтың жағасынан Алтын Орданың астанасы болған Сарайшық қаласына қазба 
жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде З.С. Самашев пен В.С. Ольховскийдің «Население Арало-
Каспиского региона в сарматскую эпоху» (1997) деп аталатын көлемді ғылыми-зерттеу мақаласы жария-
ланды. Бесінші топ. Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясының тобы. Онда бірнеше бағытта 
жұмыстар атқарылды. Солардың ішінде әлемдік деңгейде айтарлықтай жаңалық болған сақ заманының 
«Берел қорғаны» (1998). Қорғаннан сақ патшасы және әйелі 13 атымен бірге көмілген көптеген алтын 
әшекейлер табылды. Бұл – ерте көшпенділер өркениетінің болғандығының айқын дәлелі [3]. 
Археология институты 1997-1999 жылдар аралығында 6 ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асырды. 
Институт ғалымдары 7 топ болып жұмыс атқарды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша архео-
логиялық экспедициясына тарих ғылымдарының докторы, профессор К.М. Байпақов жетекшілік жасады. 
Көне тас дәуіріне байланысты «Ранние палеолитические памятники в травертинах аридной зоны Евразии» 
деп аталатын ғылыми жобаға Ж.Қ. Таймағамбнтов жетекші болды. Сонымен қатар, Арал-Каспий өңіріндегі 
көшпенділер мәдениетінің тарихын зерттеуге арналған жобаны З.С. Самашев басқарды [4]. 
2007 жылы Археология институты «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Алматы 
облысының «Қойлық» қалашығы, Атырау жеріндегі «Сарайшық» қаласы, Үстірт даласындағы «Қызыл 
Үйік» ғибадатханасы сияқты тарихи орындарды зерттеді. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның қатысуымен 
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Отырар қаласы» және Алматы облысының территориясындағы 
«Таңбалы тас» ескерткіштеріне зерттеу ұмыстары жүргізілді [5]. 
Археология институты ғалымдары 2009 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 
көптеген жұмыстар атқарған. Мысалы, Алматы облысында А.А. Горячев «Түрген шатқалы археология-
лық кешені»; Атырау облысында З.С. Самашевтың жетекшілігімен «Сарайшық қаласындағы зерттеулер»; 
Батыс Қазақстан облысының мәдени мұрасынан Ж.Е. Смайлов пен Е.С. Қазиев «Қырық оба ІІ некропліне 
археологиялық зерттеу» жүргізді; Жамбыл облысында У.Х. Шәлекенов, Е.Ш. Ақымбек және
Б.А. Байбугунов «Ортағасырлық Актөбе (Баласағұн)» қаласына; М.Елеуов «Ортағасырлық Тамды» 
қаласына зерттеу жасады. 
Қарағанды облысында А.З. Бейсенов және А.Е. Қасеналин «Беғазы-Дәндібай мен Тасмола ескерт-
кіштерін» зерттеді. Ал, Қызылорда облысында С.Ж. Жолдасбаевтың жетекшілігімен «Сығанақ» қаласына 
зерттеу жүргізді. 
Оңтүстік Қазақстан облысында Е.А. Смағұлов пен М.Қ. Тұяқбаев «Түркістан қаласының» 
шаһристанына; Д.А. Тәлеев «Созақ» қаласына зерттеу жасады. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында 
А.Т. Төлеубаев, Ұ.Ү. Үмітқалиев және Р.С. Жұматаев «Шілікті қорғандарын»; З.С. Самашев 
жетекшілігімен «Берел қорғандарының зерттеу» қорытындыларын жариялады [6]. 
2011 жылы Археология институты ғалымдары көне және ортағасырлық ескерткіштерге байланысты 
іргелі ғылыми жобаларын жүзеге асырған. Зерттеу жұмыстарының негізгі нысандары ретінде – ж.с.д.
І мың жылдықтағы Қазақстан жерінде болған этномәдени процестерді теориялық тұрғыда модельдеу 
аясында ерте көшпенділердің мәдени кешендерін зерттеу; қола дәуірінің, сақтардың, үйсіндердің, 
қаңлылардың, Қаратөбе сияқты қоныстардың және Ұлы Жібек жолындағы: Отырар, Алтынтөбе, Оқсыз, 
Сауран, Талғар, Қоялық, Түркістан, Сидақ қалаларына археологиялық экспедициялар жүргізілген [7]. 
Институттың ғылыми-ұйымдық қызметіндегі ең бір маңызды бағыты – 2004-2013 жылдарға арналған 
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуы.
2012 жылдан бері институттың гранттық басымдық бағдарламасы бойынша «Елдің зияткерлік 
әлеуеті» деген тақырыпта жұмыстар жүзеге асырылды. Институт ғалымдары 2014-2016 жылдары «Халық 
тарих толқынында» деп аталатын мемлекеттік бағдарламасының аясында да бірқатар қазба жұмыстарын 
атқарып, экспедиялар ұйымдастырды. 
2017-2020 жылдар аралығында да Археология институты бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Олар 
негізінен көне және орта ғасырлар кезеңінің материалдық мәдениеті мен ескерткіштері, ортағасырлық 
қалашықтар, қалалар мәдениеті, өркениетке қатысты тың зерттеулерді жасады [8]. 
Қазақстанда Шығыстану институтының қызметіне және зерттеулеріне тоқталсақ. 1970 жылдардың 
соңында Тарих, археология және этнография институтында шығыстану зерттеулерін жүргізуде біршама 
нәтижелерге қол жеткізген еді. Осы бағытта Б.Е. Көмеков, К.А. Пищулина, В.Я. Басин сияқты ғалымдар 
табысты еңбектер атқарды. 1979 жылдың наурыз айында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет