Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет186/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
180 
этнография институтында Шығыстану бөлімі ашылды. Құрылған күннен бастап Шығыстану бөлімі мен 
мәдениет тарихы бөлімінің меңгерушілігін Р.Б. Сүлейменов қатар алып жүрді. Қазақ КСР Ғылым 
академиясы төралқасының 1980 жылғы 12 маусымдағы №115 қаулысымен Қазақ КСР Ғылым акаде-
миясының корреспондент-мүшесі Р.Б. Сүлейменов мәдениет тарихы бөлімінен босатылып, Шығыстану 
бөлімі меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Ғалымның жігерлі еңбегі мен іскерлік қабілетінің арқасында 
1992 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының төралқасы Ұйғыртану 
институтының жанынан Шығыстану орталығын құру туралы қаулы қабылдады. Орталық жетекшісі
Р.Б. Сүлейменов тағайындалды. Өкінішке орай, ғалым көп ұзамай науқастан қайтыс болды [9]. 
1993 жылы Шығыстану орталығы 1993-1995 жылдар аралығында орындап шығу үшін 10 ғылыми-
зерттеу жобасын жоспарға енгізді. Олардың тақырыптары: «Түркі тілдерінің лексикалық қоры: 
салыстырмалы сөздік түзу», «Қожа Ахмет Яссауи Хикметтері: текстологиялық сараптама», «Қазақстан 
тарихы мен мәдениетіне қатысты араб-парсы теректері», «Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті», 
«Қазақстанның Таяу Шығыс және Орта Шығыс елдерімен саяси қарым-қатынасы», «Қазақстан мен 
Шығыстың саяси жүйесі», «Қытай қазақтары» және тағы басқа да жобалар орындалған. Сондай-ақ
Шығыстану орталығы әлемнің 10 шақты мемлекеттерімен әріптестік байланыстар орнатқан [10]. 
Шығыстану орталығы 1993-1995 жылдар аралығында тарих ғылымдарының докторы, профессор 
М.Х. Әбусейтованың ғылыми жетекшілігімен «Қазақстан және Орта Азия тарихына қатысты араб, парсы 
және түркі тілдеріндегі деректер» тақырыбында ғылыми-зерттеу жобасын орындаған. Зерттеу жұмысын 
жүзеге асыру барысында Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен деректер жинақталған. Осы аталған 
кезеңде Шығыстану орталығында тарих ғылымдарның кандидаты А.Галиевтың жетекшілігімен 
«Қазақстан мәдениетіндегі ирандық компонент», тарих ғылымдарының кандидаты А. Сұлтанғалиеваның 
«Қазақстан тәуелсіздігі жағдайында исламдық фактор», Д.Н. Нұртазинованың ғылыми жетекшілігімен 
«Қазақстан Республикасының Таяу Шығыс елдерімен қарым-қатынастары» тақырыптары және тағы 
басқа ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылды [11]. 
Шығыстану институты бұрынғы Ұлттық Ғылым академиясының шығыстану секторы және 
Ұйғыртану институты негізінде 1996 жылы 11 қарашада құрылған. Шығыстану институты белгілі
Р.Б. Сүлейменов есімімен аталды. Институтта есімдері Қазақстанмен қатар шет елдерде де белгілі:
Ә.Б. Дербісәлі, М.Х. Әбусейтова, Ә.Қ. Мүминов, К.Л. Есмағамбетов, А.Қ. Арыстанбекова,
Г.М. Меңдіқұлова, Т.Қ. Бейсембиев, Г.М. Исхаков, Ш.Ж. Тоқтабаева, Ә.К. Акишев, А.К. Камалов, 
Б.Еженханұлы және тағы басқа ғалымдар жұмыс жасап, бірқатар еңбектерді жарыққа шығарды. 
Осы институт өз алдына жеке құрылған кезеңде ғалымдардың бірқатар еңбектері жарық көрді: 
М.бусейтованың «XV-XVII ғғ. Қазқстан мен Орта Азия: тарих, саясат, дипломатия» (1996), К.Т. 
Талиповтың «Қазіргі Шыңжаң және оның Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарындағы орны» (1997) атты 
монографиясы жарық көрді. 2000-2002 жылдар аралығында институт ғалымдары «Орталық Азия: түркі 
халықтарының тарихи-мәдени байланыстары» (IX-XIV ғғ.), «Қазақстанның Шығыс елдерімен тарихи-
мәдени және саяси-экономикалық байланыстары» және «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан 
Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар: салыстырмалы талдау» деп аталатын 
жобалар жүзеге асырылды. 
Атқарылған жобалардың аясында А.К. Камаловтың «Көне ұйғырлар. VIII-IX ғғ.», С.К. Көшкімбаев-
тың «Орталық Азия ықпалдасу жолында: геосаясат, этника, қауіпсіздік», Ж.М. Төлебаеваның «XVIII ғ. 
басы – ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан мен Бұқар хандығы», «Иасауи Қожа Ахмед. Хикметтер» 
(Шағатай тілінен аударма) деп аталатын монографиялық еңбектер басылып шықты. 
Осындай зерттеулердің нәтижесінде және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында 
«Қазақстан тарихы туралы парсы деректемелері» сериясымен Өтеміс қажының «Шыңғыс-наме», 
Мұхаммед Садықтың «Тазкира-йи азизиан» (2005), «XV-XIX ғасырлар шығармаларынан үзінділер» 
(2006) жарияланды. «Қазақстан тарихы туралы парсы деректемелері» сериясында: Джамал ал-Каршидің 
«ал-Мулхакат би-с сурах», Абд ал-Кадир ибн Мухаммад-Амин «Маджма ал-ансаб ва-л-ашджар» (2002) 
жарыққа шықты. «Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері» сериясында: «Цин патшалық дәуірінің 
құжаттар» (2005), «Әлеуметтік-тарихи жылнамалар» 2-3 бөлімдерін (2006) Б. Еженханұлы құрастырып 
шығарды. Ал, «Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері» (2006) деп аталатын еңбектерді 
Қ.Мұхамадиұлы, А.Тойшанұлы, Д. Қатран, Б.Қинаятұлының құрастыруымен жарық көрді. 
2006-2008 жылдары институт ұжымы 8 ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асырды. «Орталық Азияның 
тарихы мен мәдениеті: ежелгі заман, орта ғасыр және қазіргі уақыт», «Орталық Азиядағы түркі-моңғол 
конфедерациясының этносаяси және этномәдени дамуы (VIII-XVI ғғ.)» және «Қазақстан, Орталық Азия 
және Қытай: ынтымақтастық үдерістер және оның даму тенденциясы» деп аталатын аса маңызды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет