Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет193/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Мақсаты мен міндеттері: Қазақстан тарихының деректемесіне қажетті Ежелгі түркі жазбаларды 
зерттей отырып, оларды ғылыми айналымға түсіру; Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі 
міндеттер қойылады: 
- Отандық және шетелдік жазба деректерге анализ жасау; 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
186 
- Ежелгі түркілердің Орхон- Енисей жазуларындағы тарихи деректер мен дәйектерге анализ жасай 
отырып, Қазақстан тарихына байланысты жаңа қортындылар мен тұжырымдар жасау; 
Материалдар мен әдістер: Ежелгі түркі жазбалары алғаш рет Енисей алқабында XVIII ғасырдың
20-жылдарында ашылды. Оларды тапқан 1 Петрге қызмет еткен неміс ғалымы Даниил Мессершмидт және
швед офицері Филипп-Иоганн Страленберг болатын. Олар хатты скандинавиялық руникалық мәтіндерге 
ұқсастығына қарай «руникалық» деп атады және бұл атау ғылымда сол атпен бекітілді. 1889 жылы орыс 
этнографы және археологы Николай Михайлович Ядринцев солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзенінің 
жағасында Білге қағанның(680-734) құрметіне және оның ағасы, қолбасшы Күлтегіннің (684-731) құрметіне 
732-735 жылдары салынған екі үлкен руникалық ескерткішті тапты. Білге қаған мен Күлтегін ескерткіштері, 
сондай-ақ Екінші Шығыс Түрік қағанатының бірінші қағандарының кеңесшісі (689-744 жж.) Тоныкөк
(646-731 жж.) ескерткіші оның көзі тірісінде жазылған көне түркі жазуының ең алғашқы ескерткіштері 
болып табылады.Руникалық жазу ескерткіштерін зерттеуге фин және орыс ғалымдары Аксель Гейкельдің 
және Василий Васильевич Радловтың жетекшілігімен үлкен үлес қосты. Олардың ғылыми экспедиция-
ларының нәтижелері бойынша түрлі елдердің ғылыми мектептерінің түркітанушыларының, тарихшылары-
ның, шығыстанушыларының кейінгі ұрпақтарының үстел кітабына айналған суреттері, схемалары бар екі 
атлас және алты еңбек жинағы жасалды [3]. 
Сібірдегі Енисей, Моңғолиядағы Орхон, Қазақстандағы Талас өзендері бойынан табылған ежелгі 
түркілік сына жазуларын оқу ісімен түркітанушы-ғалымдардың бірнеше буыны 100 жылдың үстінде 
айналысып келеді. Олардың көш басында дат ғалымы В.Томсен, орыс түркітанушысы В.В. Радлов тұрды. 
Бұл ғалымдар ХІХ ғасырдың аяғында белгісіз жазулардың сырын ашқан еді. В.Томсен ең алғаш «түрік», 
«тәңірі» деген сөздерді оқып шықты.Мәскеулік зерттеуші Мурад Аджи бұл күнді – түріктердің екінші 
туған күні атады. Олардан кейін Д.Клеменц, П.Мелиоранский, С.Малов сынды ғалымдар түркі жазу-
ларының сырын ашты. Қазақстанда бұл жауапты шаруамен ғалымдар Айдаров, Құрышжанов, Томанов-
тар айналысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет