SOME QUESTIONS ABOUT MUSIC IN ALASH PERIODICALS Abstract The article highlights the problem of music in periodicals of the colonial period, in the Alash press in Soviet
Kazakhstan, analyzes in detail the role of the "Rukhani Zhangyru" process in the era of independence in the
modernization of historical consciousness. In addition, the author, who used in abundance the materials of
newspapers and magazines from the archives of "Turkestan Vedomosti", "Ak Zhol", "Sholpan", etc., tried to
reveal the topic as much as possible.
The issues of popularization of national values, which are the main support of "Rukhani Zhangyru", the basis
of the idea of "Mangilik El", the scientific positive assessment of the views of the Alash press on the national
musical art, the importance of rethinking some moments of our history in the formation of a competitive united
nation, the influence of this branch of science on the younger generation in the formation of independence, raising
the spirit of the nation, have not been ignored.
Keywords: Rukhani zhangyru, Mangilik el, music, periodicals Alash, publishing house, musical art, heritage of the nation. Кіріспе. Ел тарихын тану – ең маңызды міндет. Қуатты Қазақстанымыздың Тәуелсіздік жылдарын-
дағы тарих ғылымын дамытудағы қомақты жетістіктері жаһандық сын-қатерлер төніп тұрған тұста
ұлттық болмысымызды сақтаумен бірге, өскелең ұрпақтың рухани толысуына да мейлінше ықпал
ететіні даусыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының да басты көздегені осы.
Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев та өз Жолдауларында төл тарихымыздың түйткілді мәселелеріне
ұдайы тоқталып, бағыт-бағдар берумен бірге оң бастамалардың баяндылық табуына мұрындық болып
отырды.
Ал біз зерттеу нысаны ретінде қарастырып отырған Алаш баспасөзіндегі музыка мәселесінің әлі де
болса індете зерттелмегені көпке аян. Демек, бұл тың тақырыпты ғылыми тұрғыда саралау да бүгінгі
таңда өте өзекті болып отыр. Сол себепті біз де негізінен Кеңестік Қазақстанның 20-30 жылдарындағы
қоғамдық-әлеуметтік пікірлердің ұйытқысы болған «Ақ жол» газетінде жарияланған музыка турасындағы
мақалаларға кеңірек тоқталу арқылы тың деректерді айналымға енгізудің, жаңа мұрағаттық құжаттарды
игерудің маңыздылығын қайта қаперге салғымыз келеді.
Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Назарбаев та «Тарих толқынында» атты еңбегінде ұлттық нығаю
жолында қазақ тілін қарыштата дамытудың маңызы жоғарылығын, тарих толқынындағы елдің өткен
шежіресін қайта саралаудың сәті туғанын жеткізсе [1], бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
та «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтары-
мыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында
халқымызға қайта оралды. Туған тарихымызды зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі
қолдауға ие болуы және бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс
[2], - деп тарихи сананы қалыптастырудың «Рухани жаңғыру» жолына түскен ұлт үшін ерекше міндет
екенін баса айтады.
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, егемендікке қол жеткізгелі бері ұлттық тарихымыздың беймәлім
беттері қайта қарастырылып, жан-жақты зерттеліп жатыр. Осы тұста Алаш оқығандарының бабалар
аманатын мінсіз атқаруға барын салып, ұлттық мәселелерді өздері қызмет атқарған мерзімді басылым-
дарда ұдайы көтеріп, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткені де біздіңше ұмыт қалмауы керек. Өйткені
олар ел ертеңі үшін қызмет етті, жалған жалаға ұшырап, большевиктік идеологияның құрбаны болды.
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 195