ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г.
87
мүмкіндік береді. Осы тұста ішкі ұлттық даму көзқарасы тұрғысынан білім беру саласын жаһандандыру-
дың сыртқы шарттарын ескеру қажет болатын. Бұл үшін жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына
әлемдік мәдениет, этнология, саясат, экономика, әлеуметтануды, тарих пен елтануды оқытатын жаңа
қоғамдық пәндерді енгізу қажет еді [18].
Жаһандану дәуірінде жалпы адамзаттық құндылықтар аясында Батыс пен Шығыстың барлық ұлттық
құндылықтарын ұштастыру туралы мәселе өткір тұр. Қазақстанның ұлттық және халықаралық интегра-
циясын жүзеге асыру жолдарының бірі – үштілділікті енгізу. ҚОАҮ (қазақ-орыс-ағылшын үштілділігі) –
бұл бірден-бір дұрыс тілдік стратегия, біріншіден, Қазақстандағы көптілділік жағдайында және екіншіден
ағылшын тілінің сыртқы нарықтағы басымдылығына байланысты аса қажет. ҚОАҮ-стратегиясы
бизнестің басты барлық жақтарын: менеджмент, маркетинг, мониторинг және басқаларды қамтиды [19].
2001 жылдан бастап мамандықтарды ірілендіру бағытында қайта қаралған және 43 топ бойынша 274
атаулы мамандықтардан тұратын жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлау
бағыттарының жіктемесі
(классификаторы) енгізілді. Ол болашақта ЮНЕСКО-ның Лиссабон Конвенциясына қол қойған мем-
лекеттерге ұсынған білім берудің халықаралық стандарттық жіктемесіне сәйкестендірілетін болады [20].
Кеңестік және төңкеріске дейінгі Ресейлік білім берудің көптеген ұстанымдары күні бүгінге дейін
негізінен кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте, соның ішінде Қазақстанда да сақталып отырғанын атап
өткен жөн. 1990-шы жылдардың басында Қазақстандағы білім беру дәстүрлі емтихандардың орнына
тестілер енгізіп, батыстық оқу жүйесіне икемделе бастады. Алайда тестілердің қоғамдық пәндер бойынша
студенттердің шынайы білімін көрсете алмайтыны анықтала бастады.
Атап айтқанда, сабақтарға
қатыспау үлгеруші студенттердің тестідегі көрсеткішіне кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ белгілі бір сұрақ-
тарға жауаптардың нұсқалары бірдей дұрыс болуы мүмкін. Тестілер оқыту мен студенттерді даярлаудың
сапалық деңгейін әлсіретті, шәкірттерді тұрғындардың материалдық қуатсыздығы секілді рухани байлық-
қа талпыныстан ада етті. Сол себепті қоғамдық пәндер бойынша тестілерді мұқият және неғұрлым терең
көзқараспен қайта қарау әлде оны мүлдем алып тастап, бұрынғы дәстүрлі ауызша немесе жазбаша
сынақтарға қайта оралу қажет.
Олар орындайтын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік–құрылымдау жұмыстарының көп бөлігі
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Мемлекет зерттеулерді басқаруды қазіргі тұтқалары
қаражаттар бөлу және олардың ұтымды пайдалану жүйелері мүлдем жетілдірілмеген жағдайда ғылымға
көбірек қаржы бөлуге қауқарсыз жағдай қалыптасы. Осындай жағдайда
республикада ең алдымен
ғылыми-техникалық потенциалды сақтауға, оны жаңа нарықтық қатынастарға бейімдеуге, ғылыми-
техникалық өніммен отандық нарығын қалыптастыру мен қорғауға, инновациялық қызметті дамытуға
бағытталған бірқатар басты заңдық, нормативтік құжаттар қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: