Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет88/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
84 
шектеулі университеттер білім беру сапасы жөнінен арналары кең университеттермен бәсекелесе 
алмайды. 
Бүкіл әлемдегі университеттердің үшінші ортақ мақсаты тепе-теңдікті көтеру – яғни, кедей 
отбасылар мен шет аймақтардан келген қабілетті студенттерге шәкіртақы беру. Көптеген ең үздік 
университеттердің шамамен әр үшінші студентке шәкіртақы төлеу үшін жеткілікті қаражаты бар. 
Өкінішке орай, мемлекеттік оқу орындарының мұндай мүмкіндіктері жоқ. 
Бірақ осы үш мақсатты жүзеге асыру көп шығынды талап ететіндіктен, оны тек мемлекет тарапынан 
қаржыландыруға мүмкіндігі бар елдер санаулы ғана шығар. Студенттердің көбеюі жағдайында білім беру 
сапасы мен оны алудағы теңдікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ресурстар жеткіліксіз болатын анық. 
Сірә, мемлекеттік ресурстардың тапшылығы тұрақты сипат алатындықтан, ғаламдық түйіткіл туындайды: 
жоғары білім жүйесі қалайша өзін-өзі қаржыландыра алады, яғни өз мақсаттарын, соның ішінде қоғамдық 
игілікке қызмет етудегі дәстүрлі мақсаттарын қаржыландыра ала ма?
Бұл түйіткіл штаттағы, сондай-ақ жеке меншіктегі оқу орындарына да қатысты. Мәселен, қазір
АҚШ-та штаттағы университеттер өз шығындарының 15-20%-ын ғана штаттардың заң шығарушы 
ұйымдары бөлген қаржымен өтей алады; басқа қаражатты университеттердің өздері «табады». Бұл 
беделді штаттық университеттер мен жеке меншік оқу орындарының басқаруы мен стратегияларын ұқсас 
етіп ұштастырады. Бүгінгі таңда әлем университеттерінің қаржылануының 4 тәсілі бар [14]:
- дәстүрлі қаржылану көздерінен (оқу үшін ақы, жалға берілетін ақы және т.б.) түсетін ақшаны 
көбейту;
- қаржыланудың жаңа көздерін пайдалану (өнертабысы үшін авторлық құқықтар белгілеу немесе қор 
нарықтарындағы инвестициялар); 
- қолда бар ресурстарды неғұрлым тиімді бөлу (мәселен, баптар бойынша қаржыландырудан 
оқытушылардың жалақыларын жіктеу арқылы блоктық қаржыландыруға көшу және басқалар); 
- ескірген бағдарламалар немесе қызмет түрлерін жою. 
Барлық тәсілдердің құптарлық және теріс жақтары бар. Озық университеттер қаражатты табысты 
жинаумен қатар қолда жинақталған ақшаны қоғамдық игілікке қызмет ету мақсатымен, мәртебесін асқақ-
тату үшін барынша ұқыпты да тиімді бөлуге тырысады. Әлбетте, институттар өз мақсаттарына жетуге 
бағытталған қызметті қаншалықты табысты қаржыландыра алуына байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. 
Қайсыбіреулерінің сылбырлық танытуына, сірә, олардың жоғары сапалы оқу орны болу үшін қазірден 
бастап қаржы-қаражат пен басқаруды өз қолына алу қажеттігін әлі түсінбеуі себеп болса керек. 
Біреулері бұдан жоғары білімді «коммерцияландыру» үрдісі байқайды. Басқалары оны жоғары білім 
берудің «американдық үлгісінің» жаһандануы деп қабылдайды. Шындығында, бұл ресурстарды басқаша
барынша көбейту қажеттігін білдіреді. Сірә, бұл үрдісті коммерцияландыру емес, ал жоғары білім 
беруді жетілдіру мақсатында «кәсіптендіру» деп және америкалық үлгі емес, ал жалпыға бірдей түйткілді 
– бірінші жағынан, білімге деген қоғамдық қажеттілікті көтеру және, екінші жағынан, осы қажеттілікті
қанағаттандыруға бөлінетін мемлекеттік ресурстарды азайту мәселесін шешуге тырысатын барлық 
жоғары оқу орындары талпынуы тиіс табысты үлгі деп сипаттаған жөн болар. 
Жаһанданудың жоғары білімге назар аударуға тұрарлық тағы бір ықпалы бар. Ол жоғары білімнің
ұлттың әлеуметтік топтасуына қалай көмектесетініне (немесе кедергі келтіретініне) қатысты. Жеке 
меншік те, мемлекеттік жоғары білім беру жүйесі де азаматтардың бір-бірімен, көршілерімен тату-тәтті 
өмір сүруін және де ЖОО түлектерінің сенімді ақтап, еңбек нарығында көзге түсуі үшін техникалық 
даярлығының жоғары болуын қамтамасыз етуде белгілі-бір роль атқарады. 
Университеттердің басты мақсаты қандай болмасын – оқыту, зерттеулер жүргізу немесе кәсіби-
техникалық әзірлік болса да – олардың бәрі де екі тетік арқылы әлеуметтік топтасуға ықпал етуге тыры-
сады. Осы тетіктердің алғашқысы – олардың оқу жоспарлары және тарих, мәдениет, биология, физика, 
инженерлік іс пен экологияны шеберлікпен оқытуы. Үздік университеттер барлық студенттерге
мейлінше көп тақырып бойынша әлем әдебиеті мен деректерді еркін пайдалану мүмкіндігін береді. Бірде-
бір жақсы университет студенттердің ақпарат алуын шектемейді. 
Екінші тетік университеттің үлгілі тәртіпті қалай ынталандыруы мен кәсіби стандарттарды қалай
сақтауына байланысты – бұған университеттің академиялық табыстар үшін қаншалықты адал және әділ
марапаттайтыны, оның оқытушылары мен әкімшілігі тәртіптілік кодексін қаншалықты ашық-насихаттап, 
орындайтыны, оның қабырғаларында ашық талқылаулар қаншалықты қолданатыны және айтылған 
әртүрлі пікірлер қалай құрметтелетіні енеді. Университеттерде осы қасиеттер қаншама жоғары деңгейде
көрінсе, соған қарай студенттердің алған білімдері мен қалыптасқан әдеттері «адами қорды» көрсете 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет