Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет86/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
82 
2004 жылы Президенттің Жарлығымен сапасы жағынан әлдеқайда жаңа Қазақстан Республикасында 
білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. 
Оны әзірлеуге ең үздік отандық және шетелдік мамандар қатысты. 
Мемлекеттік бағдарлама білім беруді жалпы ұлттық басымдық ретінде айқындайды және ұзақ 
мерзімге арналған Қазақстан Республикасының білім беру саясатын іске асырудың ұйымдық негізін 
құрайды. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға 
мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылдарға дейінгі 
Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін 
жаңғырту. 
Мемлекеттік бағдарламаны институционалдық қолдау үшін «Мектепке дейінгі балалық шақ» 
республикалық орталығы, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Республикалық 
біліктілікті растау және беру орталығы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, Ұлттық білім беру сапасын 
бағалау орталығы құрылған. 
2005 жылы педагогикалық мамандықтарға деген мемлекеттік тапсырыс бес мың грантқа көбейтіліп, 
9250 бірлікті құрады. Педагогикалық қызметкерлердің барлық санаттарының жалақысы 32 пайызға өсті.
Педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты көбейту, қайта даярлау және білікті-
лігін арттыруға бюджеттен қаражат бөлу, жалақыны көтеру, педагогикалық қызметкерлер мәртебесін 
айқындау жөніндегі барлық шаралар мұғалім мамандығының беделі мен тартымдылығын арттыруға, 
жастарды мектептерде тұрақтандыруға және тәжірибелі мұғалімдердің мектептерден кетуін қысқартуға 
ықпал етеді.
Осы саладағы қазіргі кәсіптік білім берудің жай-күйі және процестер динамикасы көрсетіп отыр-
ғандай кәсіптік даярлық қоғамның қарқынды дамуындағы шешуші факторға айналуда.
Кәсіптік мектептер мен колледждерде кәсіптік білім беруді жетілдіру мен дамыту үшін кластерлік 
бастамаларды ескере отырып, білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау 
жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын 
іске асыру мақсатында 2006-2009 жылдар бойы кластерлік бастамаларды ескере отырып, экономиканың 
жекелеген салалары бойынша: мұнай газ саласы - Атырау облысында (2006 ж.), отын-энергетикасы – 
Павлодар облысында (2007 ж.), өңдеу - Оңтүстік Қазақстан облысында (2008 ж.), машина жасау – Шығыс 
Қазақстан облысында (2009 ж.) техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта 
даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталықтарды кезең-кезеңмен құру бойынша шешім қабылданды. 
Аталған орталықтар республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады.
Осы кластерлік бастамалардың басымдылығын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2005-2006 оқу жылдарына арналған мемлекеттік тапсырыс құры-
лымы нақтыланды. Мемлекеттік кредиттер есебінен мемлекеттік білім беру гранттарының саны көбейді. 
Жалпы мемлекеттік білім беру гранттары бойынша жаңа қабылдау 2005 жылы 31 210 бірлікті құрады.
Мемлекеттік білім беру кредиттері бойынша білім алушы студенттер 2005 жылдың 1 қыркүйегінен 
бастап мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауысып, бұл мемлекеттік бюджеттің есебінен
оқитын студенттерді бірыңғай қаржыландыру жүйесін құруды қамтамасыз етті. Осы ретте 2005-2006 оқу 
жылының басталуына дейін берілген кредит сомасы шегінде студенттердің мемлекет алдындағы 
міндеттемелері сақталынып қалды.
Осы шараларды іске асыруда талантты жастарға жоғары білім алуда мемлекеттің қолдау көрсеткені 
айқын көрініс тапты және республиканың 40 мыңнан астам азаматының әлеуметтік жағдайын жақсартуға 
мүмкіндік берді: 
- біріншіден, олар кәсіптік жоғары білімді тегін алу мүмкіндігіне ие болды; 
- екіншіден, білім алушы студенттерге білім беру кредиті бойынша бұрын төленбеген мемлекеттік 
стипендия осы санаттағы студенттерге берілетін болды. 
Республикада 15 жыл бойы “Болашақ” бағдарламасы іске асырылып келеді. Осы уақытта шетелдің 
ең үздік жоғары оқу орындарында 3626-дан астам адам беделді білім алды. Жастардың әлеуетін одан әрі 
ашу мақсатында “Болашақ” бағдарламасының қызметі жандандырылуда. Мемлекет басшысының 
тапсырмасына сәйкес 2005 жылдан бастап, “Болашақ” стипендиаттарының саны 3 мыңға көбейтілді. 
Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді 
іріктеудің жаңа ережесі бекітілді. Мектеп бітірушілер мен ЖОО-ның студенттеріне бакалавр 
бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігін беру жаңашылдық 
бетбұрыс болып отыр. ҰБТ-ны (90 балдан кем емес) тапсырғаны туралы сертификаттың және конкурстық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет