Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет205/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
198 
фотографияға түсіргенмен, өзімізден өнерпаздар шықпай, олар өлі мәтериал болады да жата береді. 
Ендеше бізге өнер мамандары керек» [10], - деп қазақ музыкасын қарыштата дамытуға қолбайлау болып 
отырған мәселелерді бүкпесіз баяндапты. Ұлт музыкасының әлемге таныту арқылы ғана оны саф күйінде 
сақтауға болатынын байыппен жекізіпті. Ал редакция алқасы атынан шығып, бар жауапкершілікті өз 
мойнына алған, «Қазақта ұлт музыкасы бар ма?» деген талай тартысты талқылауға арқау болған мате-
риалда музыканың мәдениеттің ең үлкен белгісі екені атап көрсетіліп, іргелі мәдениетті ұлттардың бәрін-
де де музыка саласының өсіп-өркендеп бара жатқанына налып, сол музыкадан құр жүрген қырғыз-қазақ 
халқының өркениет көшінен кейін қалып қоймауына алаңдайды. Озық елдер қатарынан орын аламын 
десе, мәдениетті жұрттар қатарына қосылуға ұмтылғаны жөн болатындығын да жасырмай айтады.  
Шындығында ұлт өнерінің өркен жаюын қалаған басқарманың «Қазақ-қырғыз әнге бай жұрт. 
Қазақстандық бір жолдас 500-дей қазақ әнін нотаға салған деген хабарды қазақ газеттерінде оқыдық. Бұл 
кішкене байлық емес. Бірақ, әнге оның құралы болған музыка керек. 
Біз осы күнге дейін қазақ музыкасын тудыруға салақ қарап келдік. Көршіміздегі біз қатарлы жұрттар 
балаларына тым болмаса Еуропа музыкасын үйретіп жатыр. Бізде ол да жоқ. Біздің екі-үш техникум-
дарымыз бұл туралы ұйықтап жатқан болса, бұдан былай көзін ашып, мұны ескеруі керек болар» [11] 
деген байламын да теріс дей алмаймыз. Осылайша мәселені төтесінен қойған «Ақжолдықтар» мұнан әрі 
қарай түйінді тақырыпты тарқата түсіп, «Бізге осы күнде музыка керек пе?», «Керек болатын болса, 
Еуропа музыкасын аламыз ба? я Күншығыс музыкасын аламыз ба?», «Қазақтың өз музыкасы жоқ па?» 
деген сияқты қазақ оқығандарын толғандырған сауалдарға жауап іздеуге тырысып бағады.
 «Бұрынғы Абылай һәм одан бұрынғы хандар заманында соғыс болғанда қазақ жауға шабарда, он екі 
музыкадан ән салыпты-мыс» деген сөзді бұрынғы қариялар айтушы еді. Оның рас өтірігін білмейміз» деп 
тың тақырыптың ұшын шығарған қаламгерлер қазақ сазының сан ғасырдан бері келе жатқан бай тарихы 
барлығын да емеурінмен ұқтырып, қазаққа музыканың керектігінде еш шүбә болмасқа керек деген 
тоқтамға келеді. Осы мәселеге қатысты уәж айтушыларға, үн қосып, пікір білдірушілерге де газеттің беті 
ашық екендігін айтып, Қазақстан һәм Түркістан білім комиссияларының бұл туралы не ойланып, не 
бітіріп жүргендерін ортаға салса оң болатындығын да билік басындағылардың қаперіне салып, бұл 
мәселенің бұл күйінде қалмайтынын, Орынборда өтетін қазақ білімпаздарының сиезінде қайта көтері-
летінін ескерте кетеді. 
Жалпы ұлт оқығандары ішінен аталған тақырыпқа көбірек қалам сілтегендердің қатарына Жүсіпбек 
Аймауытовты қосуға болады. Тағдыры ауыр тұлға жастардың сапалы білім алуы үшін оқу-ағарту сала-
сында да аянбай тер төгіп, «Тәрбиеге жетекші», «Жан жүйесі мен өнер таңдау», «Психология», «Сабақ 
берудің комплексті жүйе әдістері» т.б. оқулықтарын қалдырып кетті. Жоғарыда айтылған «Ақ жолда» да 
Алаш үнін бұқараға жеткізіп, музыка мәселесін де өз мақалаларына өзек етті. 
Мысалы, «Күйлерді жинау керек» деген көлемі шағын еңбегінде ол оқырманға көл-көсір ой тастап, 
төңкерістен соң ұлт республикасын құруда құтты қадамдар мен жемісті жетістіктердің көп болып тұр-
ғанына қарамастан, ұлттық музыканың ұлықталмай, ұмыт қалған тұстарын да тамыршыдай тап басып 
танып: 
«... Қазақтың тілі мемлекет тілі болып, кеңседе жүріп жатыр. Қазақ тарихы жазылып жатыр, қазақ 
әдебиеті жиналып, басылып, балапандап келеді. Мұның бәрі төңкерістің жемісі екенінде дау жоқ.
Әдебиетпен қарайлас деуге болатын ұлт қазынасы-музыка (ән, күй). Қазақтың тұрмыс дүние тануы 
қандай өзгеше болса, әдебиеті де, музыкасы да сондай өзгеше екені анық. Басқа ұлттардың әнімен қазақ-
тың әні бір емес. Қазақ ұлтының басынан кешірген еркін, жауынгер, сайранды, қуанышты, қайғылы, 
мұңды күндерін көз алдына келтіруге қазақ әдебиеті қандай айна болуға жараса, ән-күйі, зары, сарыны 
оданда бетер, оданда нәзік айна бола алады. Көңілдің көлеңкесі ән-күйге түседі. Әдебиеттің айта алма-
ғанын ән-күй айтып береді. Күй халықтың жүрегі ғой, жүрек қалай қақса, әуезде солай толқымақ, бар-
мақта солай билемек. Ән-күй қазақ тарихына бір қымбат дерек, ән-күй (музыка) ұлттықтың бір нысанасы. 
Қазақстан оқу комиссариатының тарихтан ұмтылмастай бір қызметі қазақ әндерін нотоға салғыз-
ғаны. Қазақ әндерін жанындай сүйіп жинаған нәзік жүректі, аяулы азамат Затаевичке бас иіп құрмет 
көрсетуіміз керек. Затаевич Қазақстанның әр түкпірінен қазақтың 3 мыңдай әнін жинап, нотаға түсірген. 
Жинаған еңбегін бастыруға Мәскеуде жүр. Бұл  табылмайтын асыл қазына. 
Бірақ Затаевич ылғи ән жинаған, күйлерді жинауға мүмкіндік болмаған» [12], - деп, қазақтың әні 
қандай көп болса, күйі де сондай көп екендігін қаперге салады да, ән өнері әп-әдемі-ақ насихатталып 
жатқанын атап көрсетіп, керісінше, қадым замандардан бері желісі үзілмей, атадан балаға мұра болып 
келе жатқан күйлеріміздің насихаты кемшін тартып, кейбірі тіпті ұмытылып, ұрпақ жадынан шығып бара 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет