Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет260/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 
Сурет 2. Шығыс Қазақстан облысы қала және ауыл халқының үлес салмағы(1959, 1970, 1979, 
1989 ж. халық санақтары нәтижесі бойынша) [1] 
Шығыс Қазақстан облысы диаграммасынан байқайтынымыз, қалаға көшу процесі тез 
қарқынмен өсе бастады. Өңірде қала халқының саны 1989 жылы 1959 жылмен салыстырғанда қала 
халқы 17,3% өсті. Ал ауыл халқы керісінше 17,3% кеміді (сурет 1). Осылайша, жылдан жылға қала 
халқының саны арта түсті.
Ал екі облысты салыстыратын болсақ, жоғарыдағы диаграммалар (сурет 1, сурет 2) мүлдем екі 
бөлек тенденцияны көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысында 1959 жылдан бастап, қала халқы 
басымдылықта болып, жылдан жылға ауыл халқы кеміп, халықтың қалаға көшуі арта түсіп, 1989 
жылы қала халқының саны 65,0%-ға дейін жетеді. Бұл құбылыстың жоғарыда айтқандай, әлеуметтік-
экономикалық тұрғыда халыққа қалада тұру тиімді екенін көрсетеді. Ал Семей облысында керісінше 
1959 жылдан 1980 жылдың ортасына дейін ауыл қалхы басымдылықта болып, тек 1980 жылдың 
ортасында ауыл және қала халқы теңесіп, 1989 жылғы көрсеткіш бойынша қала халқы тек 2,5% 
басымдылықпен алға шығады. Яғни бұл колхоз-совхоз жүйесінің дамып, ауыл халқына әлеуметтік 
көмек көрсетіліп, халықтың ауылдағы тұрақтылықты сақтап қалғандығын айқындайды. 
1959-1970 жылдардағы урбанизацияның қарқынды дамуы ауыл тұрғындарының қалаға көшуі 
әсерінен болды. Бұл қала мен ауылдық жердегі тұрмыстың сапасымен түсіндіріледі. Сондай-ақ 1960 
жылдары 70-тей үлкен ауылдар қала және қала типтес аудандарға ауыстырылғанымен олардың 
көпшілігі бұрынғысынша ауылдық аумақ болып қала берді. 1970 жылдардағы урбанизацияланған 
қазақ халқының Шығыс Қазақстандағы үлесі 13,9% құрады, ал 1970-1979 жж. 16,4% және 1989 жылы 
4,4% ұлғайып 20,8% құрады [7, 65-67]. 
Республикааралық көші-қон есебінен ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің кадрлық әлеуетінің 
өсуінің салдары 1950 жылдардың соңында республикада еуропалық компонент халқының құрамында 
үлес салмағы жоғары «орыс тілді белдеу» қалыптасқандығы болды [6, 50]. Бұл Шығыс Қазақстан 
облысынла айқын көрінді. Өңірдегі қазақтардың үлес салмағы небәрі 18,9% құрады (2 сурет). 
ХХ ғасырдың соңында белең алған экономикалық дағдарыс, сондай-ақ егемендіктің 
жариялануы «ауыл – қала» көші-қон ағынының эволюциялық процестеріне өзгерістер енгізді.
Қазақстан ауылдарында ұзақ уақыт бойы жинақталған әлеует көшіп, қалаларға қарай ағылды [8, 65].
Ал енді Қазақстанның шығыс өңірі тұрғындарының 1959-1989 ж. аралығындағы этникалық 
құрамын қарастырайық. Бұл жерде де біз екі облыста этникалық құбылыс әртүрлі бағытта дамығанын 
байқаймыз (сурет 3, сурет 4). 
Қазақстан шығыс өңірінің ұлттық құрамының аймақтық ерекшелігі аумақ құрамының басым 
бөлігін қазақ және орыс ұлттары 1959 жылы Семей облысында 80,9%, Шығыс Қазақстан облысында 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
250 
89,8%, ал 1989 жылы Семей облысында 87,9%, Шығыс Қазақстан облысында 93,2% құрады. Сол 
себепті ұлттық құрам үлес салмағында осы 2 ұлт басымдылыққа алынды. Қазақстан шығыс өңірі 
тұрғындарының этникалық құрамы – халықтың биэтникалық құрамына жатады.
Ал енді Семей өңірі тұрғындарының 1959-1989 ж. аралығындағы этникалық құрамын 
қарастырайық. Семей облысы ұлттық құрамының аймақтық ерекшелігі аумақ құрамының басым 
бөлігін қазақ және орыс ұлттары құрады (1959 ж- 81%). Сол себепті төмендегі 2 суретте ұлттық 
құрам үлес салмағында осы 2 ұлт басымдылыққа алынды (1989 ж- 88%). Семей тұрғындарының 
этникалық құрамы – халықтың биэтникалық құрамына жатады.
 
 
Сурет 3. 1959, 1989 жылдардағы
Семей облысындағы халықтың ұлттық құрамы (%)[4] 
 
Семей облысы диаграммадан байқап отырғанымыздай, халықтың 80% астамын тек 2 ұлт 
құраған. 1959 жылы 9,5% басымдылықпен орыс ұлтының үлес салмағы көп болса, 1989 жылы бұл 
құбылыс керісінше өзгеріп 15,9% басымдылықпен қазақ ұлтының саны артқан. Қазақ ұлтының 
пайыздық мөлшері 1989 жылы 1959 жылмен салыстырғанда 132,8% өсуі табиғи өсімнің арқасында 
дамыған. 1960 жылдардағы «Демографиялық жарылыс» қазақ ұлтының үлес салмағына әсер етті. 
Орыс ұлтының өсімі 27,8% өскен (сурет 3). Ал, өзге ұлттар саны 1959 жылы қандай деңгейде болса 
1989 жылы да сол деңгейде қалған . Шығыс Қазақстан облысында ұлттардың құрамы мүлдем басқа 
векторда дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет