ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г.
37
қамқорлығында қарттар мен жас балалар болды. Олардың көпшілігіне оқуға уақыт табу қиын болды.
Әйелдерді механизатор мамандығына оқытудың қиындықтарына бірқатар тарихшылар назар аударды.
Ю.В. Арутюнян өз монографиясында былайша жазды, - «Әйелдер арасынан ауылшаруашылығына
қажетті білікті мамандар даярлау ісінде бірқатар қиындықтар болды. Оқыту колхозда, МТС-та емес
арнайы мектептерде жүрді. Ерлері әскер қатарына шақырылып, отбасының бар жүгі өз мойындарына
түскен әйелдер үшін, аз уақытқа болса да, балаларынан жырақтап кету, әрине қиынға соқты» [27, с.112.].
Соғыс жылдарында эпидемиялық аурулардың көбеюіне, сонымен қатар санитарлық жағдайлардың
сақталмауымен бірге, неміс әскерлері тылдағы халықты әлсірету мақсатында әр түрлі
медициналық
қитұрқы әрекеттерді ойластырған. Қылмыскерлер денсаулыққа зиянды қауіпті эпидемияларды жасанды
жолмен таратқан [28, 30 п.]. Соғыс жылдарында Батыс Қазақстан халқы туындаған әлеуметтік-
тұрмыстық қиындықтарға мойымай, ежелден қанына берілген төзімділігімен ел басына түскен
ауыртпалықтарды бірдей көтеріп, денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениет саласында майдан мен жеңіс
мүддесі үшін аянбай қызмет атқарған. Сонымен қатар қорғаныс қоры және т.б. мемлекет тарапынан
ұйымдастырылған майданға көмек беру қорларына, Қызыл Армия отбасыларына, азат етілген аудандарды
өз қамқорлықтарына алып, оларға қаржылай-заттай, рухани жағынан көмектерін беріп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: