Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет87/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
83 
комиссия шешімінің болуы бакалавриат деңгейінде оқудың міндетті шарты болып табылады. Қойылған 
міндеттерді іске асыру үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. 
«Болашақ» стипендиясының конкурсына 6,5 мыңға жуық үміткер қатысты [12]. 
Сөйтіп, жоғарыда келтірілген талдау жоғары білім беру жүйесінде әлі де шешімі тікелей жергілікті 
жерлердегі жоғары оқу орындары тарапынан оқу жүйесін ұйымдастыруға көзқарасты қайта қарауға 
тәуелді бірқатар түйінді мәселелердің бар екенін еске салуға мүмкіндік береді. 
Ғылым мен инжиниринг саласындағы қазіргі жағдайға баға бергенде қоғам дамуының мына 
сатыларында оның өміршеңдігін қалыптастыратын алты саланы: генетика, энергетика, материалтану, 
адамның миын тану, ақпараттану мен экологияны бөліп көрсетуге болады. ХХ ғасыр қоғамды техно-
логиялық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан сапалық деңгейде өзгертті.
Бүгінгі таңда ХХІ ғасырда ғылым мен технологияны дамытудың қазіргі басты үрдістерінің бірі 
экономиканың жаһандануымен қатар жүріп жатқан өскелең жаһандану үрдісі болып саналады. Біршама 
тұрақтанған аумақтық шекараларда қалыптасқан мәдениет пен өркениеттің өзара ықпалы мен өзара 
сіңісуінің күшейіп келе жатқан үрдісін бейнелейтін жаһандану сондай-ақ әлемнің әр түрлі аймақтары 
үшін ортақ өзекті мәселелердің (мәселен, экологиялық, азық-түлік, демографиялық, көші-қон, денсаулық 
сақтау және т.б.) пайда болғанын да көрсетеді. Жаһандану сонымен қатар әлем мемлекеттерінің өзара 
әлеуметтік-саяси тәуелділігінің тұрақты кеңейіп келе жатқанын және ұлан-байтақ ортақ мүдделер аймақ-
тарының пайда болғанын білдіреді. Әлеуметтік-тарихи өзгерістердің, соның ішінде жаһандану процесінің 
іргелі факторларына ақпараттық және техналогиялық қайта құруларды жатқызуға болады [13].
Ғаламдық ықпалдар едәуір дәрежеде жоғары білім беруге де қозғау салуда. Бүгінгі таңда әр елдің 
дерлік жоғары білім беру саласында үш мақсат бар. Біріншісі – жоғары білім алуға неғұрлым кең жол ашу 
және әлемнің әр аймағында бұл мүмкіндіктің ауқымы тез кеңейіп келеді. ХХ ғасырдың алпысыншы 
жылдарының аяғында Батыс Еуропада жоғары білім алушылардың жас шамасының (18-22 жас) үлесі
8%-дан асатын бірде-бір ел болмады, ал бүгіндері бұл үлес 35%-ға жетпейтін ел қалған жоқ. Бүкіл дүние 
жүзінде ЖОО-ға түсушілер саны жылына 10-15%-ға артуда, мұның ішіне әр тұрғынға шаққандағы 
табыстары орташа және төмен болып саналатын Азия, Африка және Латын Америкасы елдері де кіреді. 
Нәтижесінде әлемде жоғары білім таңдаулылардың ғана үлесі болып табылатын, яғни жас шамасы 
бойынша үлесі 15%-дан аспаған ел қалған жоқ. Демек, жоғары білім «бұқаралық» сипат алды. 
Мексиканың ұлттық автономиялық университетінде 269 мың студент, Дели Университетінде 309 мың, 
Анатолий Университетінде (Түркия) 1 млн-нан астам, әлемдегі жекеменшік ең ірі университеттерінің бірі 
– Ирандағы Азад Ислам университетінде оның 145 кампусымен қоса алғанда – 850 мың студент оқиды. 
Сірә, жоғары оқу орындары қалың жұртшылық үшін жабық, сыртқы әлемнен алшақ, санаулы таңдаулы-
лар ғана оқи алатын белгілі бір «эксклюзивті» интернаттар деген дәстүрлі түсініктен арылу қажет шығар.
Әр елдің екінші мақсаты жоғары білім сапасын арттыру болып табылады. Соңғы онжылдықта 
жоғары білім сапасы көрсеткіштерінде нағыз төңкеріс болды. Енді сапалы жоғары білім сыныптарда, 
жатақханаларда, ғылыми зертханаларда, сабақтар өтетін дәрісханаларда қазіргі заманға сай электроника-
ның болуын талап етеді. Көптеген студенттер ересектеу және бос уақыттарында жұмыс істеп, жатақхана-
ларда тұрмайды. Ең сапалы және озық оқу жоспарлары көбіне оқулықтарға емес, баспа және электронды 
көздерден алынатын ең жаңа ақпараттарға негізделеді. Студенттерге арналған ақпарат сканерленіп
Интернеттен орын алады. Студенттер қай жерде тұрса да, бір жаққа кетсе де, оқу ақпараттарына қол 
жеткізе алады. 
Сонымен бірге оқыту тәсілі де өзгерді. Енді сабақтар студенттерге ақпарат беруден тұрмайды: оның 
орнына студенттердің өз бетімен меңгерген ақпаратқа талдау жасауына баса көңіл бөлінеді. Интернет пен 
басқа да ақпарат тарататын электронды арналар академиялық кітапхана бейнесін өзгертіп, оның сапасын 
арттырды. Оған оқытушылар мен студенттердің тікелей барып-отыру қажеттігі азайды. «Сапалы» 
академиялық кітапхананың әдетте өзіндік бай коры болады. Бүгіндері бұл сапа ақпараттарға қол жеткізу 
тәсілдерінің «санымен» айқындалады. Демек, бұрынғымен салыстырғанда орасан зор айырмашылық бар. 
Әрбір жақсы академиялық кітапхананың әртүрлі кітапханалардың қорымен өзара алмасуға мүмкіндік 
беретін эксклюзивті «ақпараттық желілерге» қосылуы үшін қаржысы жеткілікті.
Академиялық кітапханалар жүйесінің ұлтаралық сипаты бар және оның құрамына Еуропа, Азия және 
Солтүстік Америка университеттерінің кітапханалары енеді. Ақпараттарға қол жеткізу – міне, озық 
кітапханалардан орташадан айырмашылығы осында. Барлық академиялық қызметтер: оқу да, библио-
графиялық қызмет те электронды түрде көрсетіледі. Шындап келгенде, қазіргі университеттердің беделі 
онын Интернетке қол жеткізу жылдамдығымен анықталады. Интернетке қол жеткізу мүмкіндіктері 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет