Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет89/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
85 
алады және олардың қоғамдық игілік үшін құрбан болуға әзір екенін, басқа көзқарастар мен пікірлерге 
төзіммен және түсіністікпен қарайтынын таныта отырып, «қоғамдық қорға» өз үлесін қосады.
Адами және қоғамдық қоры өте жоғары деңгейде дамығандығын байқатқан университеттер 
неғұрлым сапалы бола түседі. Дәл осы жоғары сапалы университеттер ұлттың әлеуметтік бірігуіне 
неғұрлым жағымды ықпалын тигізе алады. Ал жемқорлық етек жайып, университетке қабылдау немесе 
белгілі бір курсқа өту туралы шешім және тіпті несие бөлу пара алу арқылы жүзеге асырылса, ұлттың 
әлеуметтік бірігуіне қатер төнеді. Жемқорлыққа жол берген университет тәртіптілікті емес, ұлттың 
болашағына зиянды кертартпа қылықтарды қолпаштайтын болады.
Бүгінгі таңда жоғары білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы күрес ғаламдық мәселеге 
айналған және оның кеселі тым тереңдеп кеткен. Еуропа одағындағы мүшелердің көмегімен студенттер 
мен оқытушылардың неғұрлым жоғары деңгейде ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін жоғары білім беру 
жүйелерін үйлестіру жөнінде күш-жігер жұмсап жатқан Болон процесі және ЮНЕСКО-ның аккредиттеу 
жөніндегі жаңа басшылығы әлемнің әртүрлі аймақтарындағы университеттерді олардың оқу бағдарма-
ларының сапасына қарай салыстыру мүмкіндігін береді. Үлгілі университеттің өз бағдарламалары мен 
тәжірибесін басқа университеттермен салыстыруға әзірлігі, сірә, университеттің жемқорлықтан аулақ 
екенін көрсетуге қабілеттілігін танытады. Өзінің жемқорлықтан ада екенін дәлелдеу парызы тексерілетін 
университетке жүктеледі. Егер өзінің адалдығын дәлелдей алмаса, студенттер еңбек нарығында қолайсыз 
жағдайда болады да, жұртшылық мұндай университеттің мемлекеттік қаржыны қаншалықты тиімді 
жұмсайтынына күмән келтіруі әбден мүмкін. 
Осылайша, әлемнің барлық аймақтарында кеңінен қолданыла бастаған жоғары білім берудің табысты 
«үлгісі» пайда болды. Бұл үлгі бойынша жоғары оқу орындары өз мақсаттарына қол жеткізуге бағыт-
талған қызметті өздері қаржыландыруға қабілетті. Бүгінгі таңда жоғары білімнің ұлттың әлеуметтік 
бірігуін қамтамасыз етуде бірегей роль атқаратыны дау тудырмайды, бірақ бұл роль кәсіби емес тәртіп 
қошаметтелетін теріс немесе тәртіптің халықаралық стандарттары сақталатын оң бағытта болуы мүмкін. 
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев «бүкіл ғұмырлық білім»» үлгісінен «бүкіл ғұмыр бойы білім 
алу» үлгісіне көшу міндетін тұжырымдап берді [15]. 
Ел Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасына сай жоғары мектептің дамуы 
төмендегі әлеуметтік маңызды міндеттерді орындауға бағдарланды:
Бірінші. Орта жалпы, бастауыш және орта кәсіптік білім беру саласында – азаматтардың мемлекеттік 
оқу мекемелерінде тегін орта білім алу жөніндегі конституциялық құқығын қамтамасыз ету, мектеп 
жасына дейінгі балаларды оқытумен толық қамту, білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету, 
бәсекелестікке қабілетті және еңбек нарығына кәсіби бағдарланған орта буын мамандарын даярлау. 
Екінші. Жоғары білім беру саласында – ел дамуының стратегиялық бағыттарында мамандар әлеуетін 
сақтау және дамыту; ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарын кіріктіру; біліктілігі жоғары 
мамандарды даярлау және аттестациялау. 
Үшінші. Ғылым саласында – өмір сапасын көтеруді қамтамасыз ететін зерттеулерді, жоғары 
технологиялық сыртқа шығарылатын бұйымдардың өндірісін құруға, осы мақсаттар үшін мамандығы 
жоғары ғылымдар даярлауға бағдарланған ғылыми сыйымды, қорүнемдеуші және экологиялық таза 
өндірістерді ашуды басым дамыту. 
Белгіленген міндеттерді жүзеге асыру білім мен ғылым саласында қалыптасқан шынайы жағдаятты 
дәл және салмақты бағалауды талап етті. Соған байланысты жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу 
институттарының оңтайлылығы мен ұтқырлығын арттыру үшін олардың жүйесін одан әрі жаңғырту 
міндеті белгіленді. Қазіргі кезде барлық деңгейлер мен барлық бағдарламалы құжаттарда жоғары 
білімнің әлеуметтік тиімділігінің басты шарттарының бірі ретінде жоғары оқу орындарының дербестігі 
қажет екені мойындалып отыр. Осы тақырыпқа арналған ресми құжаттар арасында Қазақстан 
Республикасының Пезиденті бекіткен «Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі кезеңге 
арналған стратегиялық жоспарын» бөліп көрсетуге болады. Онда бөлім беру жүйесін орталықсыздандыру 
біршама толық тұжырымдалған: «Жоғары білім беру жүйесінде ЖОО-ның дербестігі шынайы түрде 
енгізілетін болады. ЖОО-да оқытудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатына жоғары мектептерді 
аттестациялау және аккредитациялау жолымен, сондай-ақ ЖОО-лар арасында бәсекелестікті дамыту 
жолымен қол жеткізуге болады. Мұндай жағдайда студенттердің өздері мен оларға жұмысқа келетін 
компаниялер осы жүйедегі даярлық сапасын бағалай алады және екінші саптағы ЖОО-ның дипломдары 
заңды түрде сұраныстан айырылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет