Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы



жүктеу 31.17 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі31.17 Kb.
Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 маусымдағы N 545 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 22, 251-құжат


      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.30.  № 1714 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң, бiрақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау ережесi;
      2) ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.30.  № 1714 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң, бiрақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:


      1) "Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 38, 365-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 11 сәуiрдегi N 556 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 19, 206-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 және 1999 жылғы 31 наурыздағы N 343 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 1347 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 46, 463-құжат).

      3. Осы қаулы ресми жариялануға тиiс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 28 маусымдағы
№ 545 қаулысымен  
бекiтiлген     

      Ескерту. Бiлiктiлiк талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.30. № 1714 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң, бiрақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



Ветеринария саласындағы қызметке
қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары:


      1) заңды тұлғаның штатында (кемiнде бiр ветеринар дәрiгер немесе фельдшер) «ветеринарлық медицина», «ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптiк (колледж) бiлiмi бар мамандардың (бiрiншi басшы қол қойған және ұйымның мөрiмен бекiтiлген тегi, аты, әкесiнiң атын қамтитын жиынтық кесте);
      2) жеке тұлғада «ветеринарлық медицина», «ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптiк (колледж) бiлiмiнiң
      3) жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi өндiрiстiк үй-жайлардың (өндiрiстiк үй-жайға құқық белгiлейтiн құжаттардың немесе жалға алу шартының салыстыру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды расталған көшiрмелерi) болуын қамтиды.
      2. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру бойынша ветеринария саласындағы қызметтiң кiшi түрiн жүзеге асыру кезiнде қосымша:
      1) ветеринариялық препараттарды өндiрудi және бақылауды регламенттейтiн нормативтiк-техникалық құжаттамалардың (ветеринариялық препараттарды өндiру жөнiндегi нұсқаулық, өндiрушiнiң басшысымен бекiтiлген, ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген, техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органмен тiркеуден өткiзiлген, өндiрiлетiн немесе сатылатын ветеринариялық препараттарға арналған техникалық шарттар, ветеринариялық препараттарды қолдану жөнiндегi басшылық, микроорганизмдердiң өндiрiстiк және бақылау штаммаларының паспорты);
      2) «Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, өндiрiлетiн ветеринариялық препараттардың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық препараттар өндiруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтарының болуы талап етедi.
      3. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шиiзаттарды ветеринариялық-санитарлық сараптау жөнiндегi ветеринария саласындағы қызметтiң кiшi түрiн жүзеге асыру кезiнде қосымша сынау әдiстерiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың (стандарттар, әдiстемелiк нұсқаулар), сондай-ақ «Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргiзуге арналған өлшеу, сынау жабдықтарының болуы талап етiледi.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет