2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға жүгінген кезде:
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге – 30 (отыз) жұмыс күні және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне – күнтізбелік 60 (алпыс) күн болатын басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға – 10 (он) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына, транзитіне рұқсат (бұдан әрі – рұқсат), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақысыз көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) орталықтың – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі – сенбі аралығында үзіліссіз 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті брондауға болады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) экспорт кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;
орталыққа:
1) экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) экспорт кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;
порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) экспорт кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) электрондық көшірмесі;
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда түрлері туралы конвенцияға жатқызылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге және оларды Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге рұқсат туралы, ветеринариялық препараттар мен жемшөптік қоспаларға тіркеуді куәландыру туралы, асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Орталық қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде құжаттардың электрондық көшірмелерін жаңғыртады, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мыналар өтініштің қабылданғанын растау болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті берушіге – өтінішінің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі;
2) орталыққа – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
3) порталға – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жеке куәлігін көрсеткен кезде, қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет нәтижесіне жүгінбеген жағдайда, орталық оларды бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Көрсетілетін қызметті алушы орталыққа дайын құжаттарды алуға бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, орталық бір күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды орталыққа жібереді, орталық дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайсыз болуы;
2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындау мүмкіндігінің болмауы
3) экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайының өзгеруі;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына:
1) Халықаралық эпизоотиялық бюро кодексінің стандарттарына, ұсынымдарына және нұсқамаларына сәйкес, Дүниежүзілік сауда ұйымының Санитариялық фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі расталған, оның ішінде үшінші елдің құзыретті органдарымен байланысы арқылы, келісіміне сәйкес жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздыққа байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу;
2) ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты ветеринариялық-санитариялық тәуекелдің қолайсыз деңгейі;
3) ұйымның немесе адамның Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін бақылауға жататын тауарларды өндіруді, өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен адамдар тізілімінде болмауы;
4) өтініште көрсетілген жекелеген экспорттаушы кәсіпорынға (экспорттаушы кәсіпорындар тобына) қатысты уақытша шектеулер енгізу;
5) бақылауға жататын тауарлардың әкелуінуі жоспарланған Қазақстан Республикасының аумағына немесе ол арқылы жүру маршруты өтетін аумаққа шектеу шараларын, карантинді енгізу (егер шектеу шаралары, карантин қойылған тиісті бақылауға жататын тауарлар аурулардың таратушысы (тасымалдаушысы) болған жағдайда);
6) ветеринариялық бақылау және қадағалауға жататын таауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмеуі;
7) экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайының өзгеруі;
Көрсетілетін қызметті алушы орталыққа осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар Орталық басшысының атына, сондай-ақ мына мекенжайлар бойынша Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының не Министрлік басшысының атына беріледі:
1) Комитетке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй,
605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15, 55-59-45, электрондық мекенжайы: priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz;
2) Министрлікке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй,
301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63.
Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымда:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады;
3) Орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша орталықтың басшысына жолданады.
Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды орталықтың кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін орталықтың басшысына жолданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің немесе орталықтың атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
14. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жеке келу мүмкіндігінің болмауын ескере отырып, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын адамдарға мемлекеттік қызметті көрсету сенімхат бойынша, порталдағы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» не почта байланысы арқылы жүзеге асырылады.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.minagri.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) орталықта – www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурстағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектiлердiң экспортына, импортына
және транзитiне рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
_____________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің атауы)
______________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, өндіріс объектісінің ведомство берген есептік нөмірі (коды) / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), есептік нөмірі (коды) ЖСН, БСН, мемлекеттік тіркеу анықтамасының (куәлігінің) №, берілген күні, ДК куәлігінің №, тіркеу күні)
Нысан
Өтініш
Сізден __________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын. (экспортқа/импортқа (керегінің астын сызу)
-
|
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі;
|
| -
|
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттаушы ел (импорттаушы ел), шыққан жері;
|
| -
|
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттау, импорттау кезінде пайдалану жоспарланған көлік түрі;
|
| -
|
олар арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру маршруты;
|
| -
|
экспорттың, импорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – көбейту және күтіп-бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізу, өңдеу; жемшөп пен жемшөп қоспалары үшін – оларды жейтін жануарлардың түрі);
|
| -
|
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектісінің атауын және есептік нөмірін көрсете отырып, Кедендік одақтың кедендік аумағындағы межелі пункті;
|
| -
|
Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға (бұдан әрі – СИТЕС) жатқызылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге арналған рұқсаттардың берілген күндері және нөмірлері, жоғалу қаупі бар және СИТЕС ықпалына түсетін тірі жануарларды, аң олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орама жапсырмалары немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваты) болатын немесе бола алатын туындыларына (дериваттарына) берілген рұқсаттың күні мен нөмірі;
|
| -
|
ветеринариялық препараттарды, жемшөпті, жемшөп қоспаларын экспорттау кезінде – шыққан елін және тіркеу куәлігінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеу күнін), өндіруші ұйымдар және жемшөп қоспалары мен ветеринариялық препараттарды көрсете отырып;
|
| -
|
асыл тұқымды жануарларды және асыл тұқымдық өнімді (материалды) импорттау кезінде, экспорттаушы елдің ресми органы жануардың әр басына берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың нөмірі және күні;
|
| -
|
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы;
|
| -
|
объектінің орналасқан жері;
|
| -
|
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантиндеу, өндіру, сақтау шарттары
|
| -
|
ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін,
Мәліметтердің шынайылығын растаймын.
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________
(қолы)
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектiлердiң экспортына, импортына
және транзитiне рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №____бөлімі (мекенжайды көрсету керек) мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1._________________________________________________;
2._________________________________________________;
3._________________________________________________
Осы қолхат, әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_____________________________________________________________
Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) (ХҚО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: ________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Телефоны_______________
Алдым: ______________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) /қолы
20___жылғы «____» __________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
9-қосымша
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу қажет болған жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындаған өткізу мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады;
Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшерме беру – 30 (отыз) минут;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
4) сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген кезде (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет жануарларға жаңа жеке нөмір бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Ірі жануардың сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмір беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақысыз көрсетіледі. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы
2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес чиптердің құнын қайтару ақылы негізде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған чиптердің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бастапқы бірдейлендіру үшін ветеринариялық паспорт беру:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжатдың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
чиптер үшін ақы төленгенін (чиптен кезінде) растайтын кұжат;
2) сырға (сырғалар) жоғалған немесе бүлінген кезде телнұсқасын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру өткізу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
-
жоғалған немесе ескірген кезде ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшін:
ветеринариялық паспорттың екінші нұсқасын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (ветеринариялық паспорттың жоғалғанын, бүлінгенін растайтын құжаттардың қосымшасымен қоса) өтініш;
жеке басын куәландыратын құжатың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
-
ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілдің өкіметтілігін растайтын (сәйкестендіру үшін);
порталға ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін электронды құжат нысанындағы өтініш;
Жеке басты куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге –көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |