Атмосфералық ауаның құрамы
Азот (N) - отын жанғанда және органикалық заттар ыдырағанда (микробтар әсерімен) пайда болады. N оттегіні араластыру үшін қажет және оның улылығын азайтады. Көптеген өсімдіктер, бактериялар мен балдырлар үшін қорек көзі.
Ауадағы азот электрлік разрядтар әсерімен тотықтарға айналып, топыраққа түсіп оны тұздармен (азоттық және азот қышқылдарының) байытады.
Оттегі (О2) - ең маңызды газ, барлық реакцияларға қатысады, барлық организмдердің құрамды бөлігі. Егер О2 жетіспесе (гипоксия) барлық ағзалардың қызметі бұзылады. Температура көтерілгенде және ылғал молайғанда оның парциальды қысымы төмендейді (тауға көтерілгенде сондықтан оттегі жетіспейді). О2 негізгі көзі жасыл өсімдіктер. Қора ауасында О2 мөлшері тұрақты деуге болады (ауытпалығы 0,1-0,5%), ал ШЖК (ПДК) -17-18%. Ауада О2 15% болса клиникалық көрсеткіштер нашарлайды, ал 6% - мал өледі. Озон (О3) - атмосферада ультракүлгін сәулелердің әсерімен су буға айналғанда пайда болады. Озон тек таза ауада болады. Озон тыныс алу органдары, жүрек-қан тамыр және ас қорыту жүйелеріне жақсы әсер етеді. Озон (О3) - атмосферада ультракүлгін сәулелердің әсерімен су буға айналғанда пайда болады. Озон тек таза ауада болады. Озон тыныс алу органдары, жүрек-қан тамыр және ас қорыту жүйелеріне жақсы әсер етеді. Көмірқышқыл газы (СО2) – тіршілікке өте маңызды газ, тыныс орталығының физиологиялық тітіркендірушісі. Кейінгі уақытта СО2 мөлшері көбеюде (0,04% және жоғары), әсіресе өндірісі дамыған өлкелерде. СО2 мөлшерінің 70%-ы мұхиттар мен теңіз суында еріген, ал 22%-ы минералды заттар құрамында (әктер мен доломиттер), қалғаны жануарлар мен өсімдіктерден бөлінеді. Табиғатта үнемі СО2 шығуы мен сіңіруі үздіксіз жүріп жатады. Мал қора ауасының құрамы атмосфералық ауадан өзгеше (қорадағы санитариялық-гигиеналық режимге байланысты). Себебі онда зиянды газдар жиналады (тіршілік барысында, қидың, төсеніштің және азық қалдықтарының ыдырауы нәтижесінде).
Достарыңызбен бөлісу: |