·Көң жинайтын орындардан зиянды газдар түспеу үшін канализацияға гидравликалық қақпа орнату. ·Зиянды газдарды қора-жай ауасында озондау және иондау нәтижесінде азайтуға болады. 2.13 Күн сәулесінің құрамы, қасиеттері және мал организміне әсері. - Күн радиациясы дегеніміз электромагинттік сәулелерінің бірі. Күн сәулесі жер бетінде жылулық режим жасайды, соның арқасында тірі организмдерде барлық физикалық процестер жүріп отырады. Күн сәулесі қоршаған ортаға (ауаға,жерге,суға)сіңіп жылу энергиясына айналады.
Cәуле энергиясының толқын ұзындығына байлансты бөлінуі спектр деп аталады. Жер бетіне түсетін күн сәулесінің спектрі негізінде 3 бөліктен тұрады: ультра күлгін (1%) көзге көрінетін (40 %) және инфрақызыл (59 %)бөлігі. Спектрдің көзге көрінетін бөлігі жарықтылықты жасайды, ал қысқа толқынды бөлігі (280 мм аз) атмосфералық жоғарғы бөлігінде сіңіріледі, әсіресе азондық қабатта (бұл қабат тіршілікке қарсы қысқа толқындарды жерге жібермейтін сүзгі десек болады). Атмосфераның ластануы ультракүлгін сәулелерді азайтады (50 % дейтін) Күн сәулесінің әсері оның толқын ұзындығына байланысты: ең қысқа толқынды УФ сәулелерінің (150-380 нм) биологиялық әсері жағынан ең күштісі. - Күн сәулесінің әсері оның толқын ұзындығына байланысты: ең қысқа толқынды УФ сәулелерінің (150-380 нм) биологиялық әсері жағынан ең күштісі.
- Барлық сәулелер арганизмге жылулық әсер етеді. ИФ-қызыл сәулелер. Ал,көзге көрінетін сәулелер жылулық, химиялық және электрлік әсер етеді. УФ – сәулелер негізінде фото химиялық әсер етеді.
- Инфрақызыл (ИК) сәулелер – жылулық әсер етеді. (5см тереңдейді). Сондықтан оларды жас төлді қыздыру үшін қолданады (ұлпа қызады, тері қызады, зат алмасу фагацитоз күшейеді,)
- Көзге көрінетін сәулелер – жарық сезімін тудырады (көз торы сәулелерді қабылдап жүйке арқылы миға сигналдайды). Жарықтың әсері,әсіресе ұрықтық бездердің (гипофиз бүйрек үсті, қалқанша) белсенділігін арттырып, күйлеу, шағылысу және буаздық процестерге әсері мол гармондары көп бөлінеді. Зат алмасу (белоктаң,майдаң, көмірсудың) ұлғаяды, эритроцит пен лейкоциттер көбейеді. Жарық пен қараңғы ауысып отырады, организмде ритмикалық өзгерістер тудырады оны фотопериодизм дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |