Бақылау сұрақтары:
Аудандық ветеринарлық қызметтің құрлымы және талаптары қандай?
Аудандағы ветеринариялық істі әкімшілік тарапынан басқару қызметі қандай?
№ 7 САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
Пәннің немесе модульдің атауы
|
«Ветеринарлық істі ұйымдастыру»
|
Сабақтың тақырыбы
|
Бөлімшелік ветеринарлық емхана, оларға қойылатын талаптар ұйымдық, құрылымы, штаты.
|
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік
|
Бөлімшелік ветеринарлық емхана, оларға қойылатын талаптар ұйымдық, құрылымы, штатын білу.
|
2.Дамытушылық
|
Есте сақтау,тілдік, ойлау қабілеттерін дамыту.
|
3. Тәрбиелік
|
Студенттерді жауапкершілікке, заң аясында әрекет етуге бағыт бағдар беру.
|
Пәнаралық байланыстар
|
«Ветеринарлық менеджмент», «Ветеринарлық зоогигиена»
|
Жұмыс нәтижесі
|
Бөлімшелік ветеринарлық емхана, оларға қойылатын талаптарын білу.
|
Сабақтың типі
|
Аралас сабақ
|
Сабақ оқуда қолданатын әдістер мен технологиялар
|
Дәстүрлі әдіс, фронтальды, СLILL әдісі.
|
Ресустар, техникалық жабдықталуы, материалдар
|
Оқулық, видео жазбалар, заңнамалар жинағы
|
Қолданатын әдебиеттер
|
«Ветеринарлық менеджмент», «Ветеринарлық зоогигиена»
|
|
Кезең
дер
|
Сабақтың барысы
|
Әдістер
|
І
|
Ұйымдастыру кезеңі.
|
Сұрақ –жауап
Quizizz. сом
|
|
Сәлемдесу, студенттердің сабаққа қатынасын тексеру.
|
ІІ.
|
Үй тапсырмасын сұрау.
|
|
Ветеринрлық органдар мен мекемелер жүйесі қандай?
|
|
Ветеринарлық қызмет түрлерін атаңыз?
|
|
Аудан көлеміндегі қызмет түрлерін ұйымдастыру.
|
|
Тест тапсырмалары: Joinmy quiz.com
|
ІІІ
|
Аралас сабаққа мотивация жасау.
|
Видео бейне
|
|
Тақырыптың не жайында екендігін білдіру мақсатында видео ролик.
|
ІV
|
Аралас сабақтың барысы.
|
Әңгімелесу, өзара пікір алмасу.
|
|
Ветеринарлық мекемелердің жұмыс істеу тәрртібі.
Аудандағы ветеринарлық қызметті басқару.
|
V
|
Сабақты бекіту. Сабақты қортындылау: баға қою және қортындылау
|
БББ
|
|
Таблица толтыру: I now, I found out, I want to know.
|
VІ
|
Рефлексия
|
«Tarsia»
|
|
Пирамиданы құрау.
|
VІІ
|
Үй тапсырмасы
|
|
|
Өтілген сабаққа шолу жасау. Жаңа тақырыпты оқу.
|
|
№ 7 сабақтың жоспары
Пән: «Ветеринарлық істі ұйымдастыру»
Сабақтың тақырыбы: Бөлімшелік ветеринарлық емхана, оларға қойылатын талаптар ұйымдық, құрылымы, штаты.
Сабақтың мақсаты: Бөлімшелік ветеринарлық емхана, оларға қойылатын талаптар ұйымдық, құрылымы, штатын білу.
Сабақтың жабдықталуы: Ветеринарлық заңнамалар, видео жазбалар, оқулық.
Жоспар:
Ветеринарлық мекемелердің жұмыс істеу тәрртібі.
Аудандағы ветеринарлық қызметті басқару.
Бөлімшелік ветеринарлық емхана – ауданның өзіне бекітілген аймағында шараларды ұйымдастыруға, жүргізуге, бақылауға арналған мемелекеттік мекеме. Ол сонымен қатар ведомстволық және жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызмет жұмысына әдістемелік басшылық және бақылау жүргізеді.
Типтік штат кестесі бойынша емханадағы жұмыскерлер саны – 7. Соның ішінде меңгеруші-аға дәрігер, дәрігер –эпизоотолог, фельдшер, санитар және автокөлік жүргізушісі бар. Бөлімшелік ветеринарлық емхана аудандық ветеринарлық станцияға бағынады.
Ветеринарлық бөлімше –шағын мекеме, оның құрамында дәрігер, фельдшер және санитар бар. Мұндай шағын мекеме көбінесе бір немесе бірнеше елді мекенде емдік профилактикалық шаралар жүргізуге, мал өнімдері мен шикізаттарын дайындау, өңдеу, сақтау орындарында, базарларда ветеринарлық – санитарлық бақылау жүргізуге қатысады.
Ветеринарлық мекемелердің жұмыс істеу тәртібі – мемлекеттік ветеринария мекемелері мамандарының міндеттерін мекеме басшысы ережеге сәйкес бекітеді. Мамандардың қызмет бабындағы арнайы міндеттерінен басқа еңбек тәртібін сақтау, қоғамдық жұмыс, еңбек қауіпсіздігін сақтау туралы да міндеттері бар.
Мемлекеттік ветеринария мекемесінің жұмысы оның ішкі тәртіп ережелері бойынша атқарылады. Онда жұмыс уақыты, санитарлық тазалық, ауру малдарды, материалдарды қабылдау, дезинфекциялаушы және улы заттармен жұмыс істеу ережелері және т.б туралы айтылады. Мекеме басшысы мекеменің жұмыс тәртібін жергілікті әкімшіліктің келісімімен бекітеді. Мекеменің жұмыс кестесі келушілер үшін де, мамандар үшін де қолайлы болуын ескереді.
Достарыңызбен бөлісу: |