Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы



бет41/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Қаз АКСР-нің құрылуыКазревкомның басты мақсаты өлкенi автономияға әзiрлеу едi. Сөйтiп, 1920 жылы 26-тамызда РКФСР Халық комиссарлар кеңесiнiң төрағасы В.И.Ленин және БОАК төрағасы Н.И.Калинин “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестiк Социалистiк Республикасын құру туралы” декретке қол қойды. Сөйтiп, РКФСР құрамында Қазақ АКСР-i құрылды. Оның астанасы Орынборда болды. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақстан Кеңестерiнiң Құрылтай Кеңесi өттi. Съезд ҚАКСР-нiң орталық мемлекеттiк органдарын Қазақ Орталық атқару комитетiн құрып, оның төрағасы етiп С.Меңдешовты, ал, Қазақ Халық Комиссарлар кеңесiнiң төрағасы етiп Р.Радусь-Зенковичтi бекiттi. Республика территориясы 5 миллионнан астам жұртшылығы бар 2 млн. шаршы км-ге жуық территорияны алып жатты. Құрылтай съезi “Қазақ АКСР-нде Кеңес өкiметiн ұйымдастыру туралы” қаулы қабылдады және “ҚАКСР-дiң еңбекшiлерi құқығының декларациясын” қабылдады. Бұл конституциялық қуаты әрi мәнi бар декларация Қазақ автономиясының мемлекеттiк құрылымын, территориясын, сайлау жүйесiн тағы да басқа жақтарын анықтаған құжат болды. Кейiн аталған декларация 1926 жылы қабылданған ҚАКСР-дiң тұңғыш Конституциясының жобасына кiрдi. Жалпы, Қазақстандағы жоғарғы өкiмет билiгi кеңестердiң бүкiлқазақтық съезi болып танылды. Осы съезде Қазақ Орталық Атқару Комитетi сайланды. Ол 75-ке дейiн мүшеден тұрып, 25 мүшелiкке кандидаттан құралды. Қазақ Атқару Орталық Комитетi бүкiлқазақтық съездi жылына бiр рет шақырылды және ол аталған съезд аралығында жоғарғы билiк органы болып есептелiндi. Төтенше немесе кезектен тыс бүкiлқазақтық съездi ол өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1 бiлдiретiн жергiлiктi кеңестердiң талабымен шақыра алатын едi. Бүкiлқазақтық съезд мемлекеттегi барлық билiкке басшылық жасап, Қазақ Орталық Атқару Комитетiн сайлады, әрi өкiметтiң есебiн тыңдап заңдар қабылдады. Бүкiлқазақтық съездiң делегаттары уездерден жiберiлiп, съездер аралығында жоғарғы заң шығарушы, өкiмшi және бақылаушы съезд сайлаған Қазақ Атқару комитетiнiң қолында болды. ҚазОАК-нiң құрамын бүк-нiң құрамын бүк белгiледi. Ол ҚазОАК өкiметi Халық комиссарлар кеңесiн құрып, өкiметтiң жұмысына жалпы бағыт-бағдар берумен бiрге барлық өкiмет билiк органдарының жұмысын басқарды. Сондай-ақ, оларды бiрiктiрдi, өзара келiстiрдi және бақылады. ҚазОАК Халық комиссарлар кеңесiмен бiрiге отырып республикадағы әртүрлi салаларды басқаратын халық комиссарларын құрды. Халық комиссарлар кеңесi — ҚАКСР-дың өкiметi және өзiне берiлген құқық шеңберiнде ҚазОАК-тiң заң шығарушы, атқарушы және өкiмшi органы болды.
Жалпы, Халық комиссариаттары жеке дара және бiрiккен болып екiге бөлiндi. Бiрiккен халық комиссариаттарға РКФСР-дiң халық комиссариаттарына тiкелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттары, сондай-ақ ҚазОАК пен Қазақхалық комиссарлар кеңесiне де бағынды. Бiрақ РКФСР басшылығымен келiсiп отырды. Бiрiккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестiң 1920 жылғы 26 тамыздағы декретi бойынша мыналар жатты: азық-түлiк, қаржы, жұмысшы—шаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесi, почта және телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия.
Жалпы, Қазақстандағы кеңестiк социалистiк жүйе Кеңестiк Ресейдегi жүйенiң құрамдас бөлiгi ретiнде жасалып, ол Ресейдiң Орталық мемлекеттiк органдарының басшылығымен түзелiп отырды. Соның бiр дәлелi ретiнде аталып өтiлетiн жай, ол 1926 жылғы 18 ақпанда ҚАКСР ОАК-тi ҚАКСР-нiң Конституциясының жобасын қабылдауы болды. Конституцияның алғашқы жобасы 1920 жылғы Қазақ Автономия Кеңестерiнiң құрылтай съезiнде көтерiлiп, ол БОАК-нiң бекiтуiне тапсырылған болатын. Бiрақ, оны ол қарамай қойды. Конституция жобасы 7 бөлiм, 18 тарау, 103 баптан тұрады. Жобаның 1-бөлiмiне жоғарыдағы айтып өткен 1920 жылғы бүкiлқазақтық Құрылтай съезiнде қабылданған «ҚАКСР-ның еңбекшiлерi құқығының Декларациясы енген болатын. Декларацияда Қазақ автономиясының РКФСР құрамындағы мәртебесi көрсетiлiп, оның басқару органдары жергiлiктi совдептер, ҚазОАК және халық комиссарлар кеңесi екенi аталып өтiлдi. Жалпы, Қазақстан жерiнде РКФСР заңдарының жүзеге асатыны да баса көрсетiлген болатын. Мемлекеттiк тiл қазақ және орыс тiлдерi болып табылды және осы екi тiлде бүкiл заң актiлерi жарияланып, онда шiркеудiң мемлекеттен, мектептiң шiркеуден бөлiнгенi көрсетiлдi. Жобаның екiншi бөлiмiнде көрсетiлген өтпелi кезеңнiң негiзгi мiндетi ретiнде қалалар мен селолардағы пролетариаттың кедей және шаруалардың кеңес өкiметi түрiндегi диктатурасын орнатып, жалпы ұлттық езгiнi жою жарияланды. Жобаның үшiншi бөлiмi қазақ автономиясының территориясына арналып, оған кiретiн губерниялар мен облыстар көрсетiлдi. Қазақ автономиясының конституция жобасы БОАК тарапынан бекiтiлмегендiктен Қазақстан территориясында РКСФР конституциясы қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет