Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы конституциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер



бет44/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы конституциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсiз Қазақстан тұңғыш рет өзiнiң жаңа Конституциясын қабылдады. Сөйтiп, тәуелсiз Қазақстанның өмiрiнде жаңа бiр кезең басталып, ол 1995 жылғы наурыз айында аяқталды. Аталған жылдар аралығында Қазақстан Республикасының халықаралық беделi өсiп, өзiнiң iшкi-сыртқы саясатын нығайтты.
Жаңа Конституцияны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қабылдап, оның Жобасы бүкiл халықтық талқылаудан өттi. Конституция жұмысына Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаев төрағалық еткен Конституциялық комиссия басшылық жасады. Ол преамбуладан, “Конституциялық құрылыс негiздерi” деген арнайы бөлiмнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Конституциялық құрылыс негiздерi деп аталатын арнайы бөлiм, конституцияның беташары болып табылып, онда конституциялық құрылыстың сипаты, қағидалары мен принциптерi, ерекшелiктерi көрсетiлдi. Қазақстан Республикасын сипаттауға арналған Конституцияның бiрiншi ережесiнде Қазақстан демократиялық, зайырлы және бiртұтас мемлекет деп сипатталған, сондай-ақ онда “Қазақстан Республикасы өзiн-өзi билейтiн қазақ ұлты мемлекеттiгi түрi” деп жазылған. Ал екiншi ереже болса, бiрiншi ереженi толықтырып, “Қазақстан Республикасының жерi бiртұтас, ол бөлiнбейдi және оған қол сұғылмайды” деп көрсетедi. Конституцияда сондай-ақ тiл мәселесi де ерекше жолға қойылған. Онда “қазақ тiлi мемлекеттiк тiл, орыс тiлi ұлтаралық қатынас тiлi” деген сөздер бар. Азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi:
- азаматтық құқықтар мен бостандықтар;
- саяси құқықтар мен бостандықтар;
- экономикалық және әлеуметтiк құқықтар деген үш топқа бөлiнген.
Сөйтiп, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi алғашқы Негiзгi заң болып табылып, ол республикамыздың және халқымыздың тарихи, саяси-құқықтық өмiрiнде елеулi оқиға болды. Соған қарамай аталған Конституцияны Кеңес дәуiрiнде сайланған Жоғарғы кеңестiң қабылдауы оған өзiнiң елеулi таңбасын салған едi. Уақыт талабына сай ондағы қайшылықтар анық байқалып, ол жаңа Конституция қабылдауға негiз болды. 
1995 жылы 30 — тамызда Қазақстан өмiрiндегi елеулi оқиға болып қалатын, жаңа бiр кезеңдi бастайтын Конституция қабылданды. Ол бүкiлхалықтық референдум арқылы қабылданып, өмiрге енгiзiлдi. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы кездесетiн кейбiр кедергiлер мен жайсыздықтар, әрi қайшылықтар жойылып, елiмiздiң мәдениет пен өркениет жолына жаңаша түсуiне кең мүмкiндiк ашылды. Қазақстан президенттiк республикаға айналып, қос палатадан тұратын тұрақты Парламент құрылды. Үкiметтiң рөлi артып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нығайды.
1997 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев өзiнiң Қазақстан халқына деген Жолдауында “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасын ұсынып, оның ұзақ мерзiмге арналған жетi басым бағыттарын көрсеттi. Аталған стратегиялық бағдарламадағы “Ұлттық қауiпсiздiк”, кәсiпқой мемлекет деген басымдықтары түгелдей мемлекет және құқық сипаттарына ие десе де болатын едi. Жаңа саяси реформалар мен елiмiздi демократияландыруды тереңдетудi қолға алу барысындағы стратегиялық негiздiң рөлi ерекше. Сөйтiп, Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлiп, партиялық тiзiм бойынша сайлау арқылы Парламент Мәжiлiсiне қосымша он депутаттық орын берiлдi. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi 7 жылға созылып, Парламент палаталары төрағаларының конституциялық өкiлеттiлiгi жоғарылатылды. Ал, 1999 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев баламалы негiзде 7 жыл мерзiмге қайта Президенттiкке сайланды. Сол жылдың 10 қазанына Парламент Мәжiлiсi және жергiлiктi мәслихаттарға сайлау белгiленiп, оларға депутаттар сайланса, 17-қыркүйекте Парламент Сенатына да депутаттар сайланды. Ол демократиялық және баламалық негiзде жүргiзiлдi. 
Қазiргi Қазақстан территориясының қалыптасу тарихы, сөз жоқ, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихымен тығыз байланысты. Бүгiнгi тәуелсiз де егемендi мемлекеттiлiкке қол жеткiзгенге дейiн қазақ халқы, сондай-ақ, Қазақстан халқы күрделi де елеулi тарихи жолдан өттi. Ол құқықтық қатынастардың дамуының белгiлi бiр жүйесiн қалыптастырды. Қазақ халқы ұлт ретiнде бiр территория мен ұлттық идея төңiрегiнде топтасты және көп ұлтты Қазақстан халқы атанды. Ал, құқықтық қатынастар болса, оларды реттеп, рәсiмдеп отырды. Мiне, осының өзiнен-ақ Қазақстан халқының тарихы өте күрделi екендiгi байқалса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет