2 –нұсқа
1.Қозғалыс жылдамдығын екі есе азайтып, үйкеліс күшін екі есе арттырғанда, пойыздың тежелу жолы неше есе кемиді ?
А) 2 есе Б) 4 есе В) 16 есе Г) 8есе
2.Екі дененің арасындағы тартылыс күші мына формуламен анықталады F=GmM/R2 . Егер m, М өзара әсерлесушілердің ара қашықтығы R болса, берілген жағдайлардың қайсысында осы формуланы қолдануға болады?
А)Күн мен Жер Б) Дұрысы жоқ В)Ай жене Жер Г) Биік екі үйдің арасы
3. Төменде аталған денелердің салмақсыз күйде болатыны:
А) Лифтімен көтеріліп бара жатқан адам Б) Жерді айнала қозғалатын жасанды серік
В) 100 метрлікке жүгіріп бара жатқан спортшы Г) Центрофугодағы айналмалы қозғалыстағы ғарышкер
4. Дене шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалыста. Тең әсерлі күш туралы дұрыс берілген тұжырым:
А) нөлге тең емес, бағыты бойынша емес, модулі бойынша тұрақты.
Б) нөлге тең емес, модулі және бағыты бойынша тұрақты
В) нөлге тең емес, модулі бойынша емес, бағыты бойынша тұрақты
Г) нөлге тең және модулі мен бағыты бойынша тұрақты
5. Футболшы футбол алаңында солтүстікке қарай 40м. Шығысқа қарай 10м. оңтүстікке қарай 10, және тағыда шығысқа қарай 30м жүгіріп өтті. Оның орнын ауыстыру модулі қандай?
А)10 Б)10 В)50м Г)0м
6. Күштің денеге әсерінің нәтижесі қандай шамаларға тәуелді?
А) күш модуліне
Б) Тіреудің бірлік ауданына түсірілген күшке
В) Күш модуліне және дененің затының тығыздығына
Г) Күш модулі мен сол күш перпендикуляр түсіп тұрған беттің ауданына
7. Тұтас сымның қатаңдығы К-ға тең болса, онда сымның жартысының қатаңдығы неге тең?
А) к Б) к/2 В) 2к Г) 4 к
8. Динамиканың инерция заңы қалай аталады?
А) Егер денеге басқа денелер әсер етпегенде немесе әсер еткен жағдайда олардың әсері өзара компенсацияланса, онда дене өзінің салыстырмалы тыныштық қалпын немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс қалпын сақтап қала береді.
Б) Денелер бір-бірімен шамасы жағынан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы және бір түзудің бойымен бағытталған күштер мен әсерлеседі.
В) Дұрыс жауабы жоқ
Г) Барлық инерциялық санақ жүйесіндегі табиғат заңдары бірдей түрде жазылады.
9. Ауырлық күші 3 Н білеуше қабырғаға горизонталь бағытталған 4 Н күшпен қысылып тұр. Егер сырғанау үйкеліс коэфициенті 0,8 болса, онда қабырғаның денеге әсер ету күші қандай?
А) 5 Н Б) 5,2 Н В) 3 Н Г) 4 Н
10. Қозғалыс жылдамдығын 2 есе азайтып, үйкеліс күшін 2 есе артырса поездың тежелу жолы қаншаға қысқарады?
А) 2 есе Б) 4 есе В) 8 есе Г) 16 есе
11.Арқан тарту ойынында екі топ сайысуда. Әр топ арқанды өзіне 5000Н күшпен тартады. Арқанның керілу күші қандай?
А)5000Н Б)10000Н В)2500Н Г) 6000Н
12. Сүңгуір қайық судың түбінде қатты жерде тұр. Қандай денелердің әсерінен теңгеріледі?
А) Жердің қатты тарту күші судың кері итеруші және қатты жердің серпінділігі
Б) Жердің тарту күші мен судың кедергі күші
В) Жердің тарту күші мен судың молекулаларының әсерлесу күші
Г) Жердің тарту күші мен судың кері итеруші Архимед күші
13. Жылдамдығы 10м/с автомобиль шеңбер бойымен бұрылады. Үйкеліс коэффициенті 0,4 болса, автомобильдің бұрылу радисының минемал мәні:
А) 250м Б) 25м В) 50м Г) 100м
14. Екі дененің бір-біріне әрдәйім әсері шама жағынан. . .
А) Тең және бағыттас Б) Тең емес және бағыттас
В) Тең және бағыты жағынан қарама-қарсы Г)Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ
15. Гравитациялық тұрақтының сандық мәнін қалай табуға болады?
А) Теория жүзінде Б) Логикалық жөнінде В) Абстарактілі ойлау жөнінде Г) Тәжірибе жүзінде
16. Еркін түсу үдеуі дегеніміз . . .
А) Ауырлық күші беретін бірдей үдеу
Б) Ауырлық күші беретін әр түрлі үдеу
В) Қысым күші беретін үдеу
Г) Серпімділік күші беретін үдеу
17. Салмақ . . . түсірілетін күш
А) Тіреуге
Б) Денеге
В) жерге
Г) ауаға
18. Вертикаль бойымен дене жоғары үдемелі қозғалғанда салмағы . . . артады.
А) mg-ге
Б) -ғ
В) ma-ға
Г) -ға
19. Вертикаль бойымен дене төмен үдемелі қозғалғанда салмағы . . . азаяды.
А) -ге
Б) mg-ге
В) ға
Г) ma-ға
20. Жерді серіктердің айнала қозғалуы . . . әсерінен жүзеге асады.
А) бүкіл әлемдік тартылыс күштің
Б) ауырлық күштің
В) серпімділік күштің
Г) гравитациялық күштің
Достарыңызбен бөлісу: |