Vi. Тест тапсырмалары І тарау бойынша тест. Кинематика негіздері



бет5/9
Дата03.01.2022
өлшемі286.69 Kb.
#451882
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тербелістер мен толқындар

1-нұсқа

1.Механикалық тербелістер дегеніміз не?

А.Дененің бірдей уақыт аралағында дәлме-дәл қайталанып отыратын қозғалысы

Б. Денеде бірдей уақыт аралағында жылдамдығының өзгеруі

В.Тербелістің периоды түрде үдеуінің өзгеруі

Г.Тепе -теңдік күйден ең үлкен ығысуы


2. Тербеліс амплитудасы дегеніміз:

А.Толық бір тербелуге кеткен уақыт

Б. Тербеліс периодының ауырлық күшіне тәуелділігі

В. Тербелуші нүктенің тепе-теңдік қалыптан ең үлкен ауытқуы

Г. 1с-тағы толық бір тербеліс
3. Дененің еріксіз тербелісі:

А.Sin және Сos заңдылықтары бойынша өзгеретін заңдылықтар

Б. Ішкі күштер әсерінен болатын тербелістер

В. Сыртқы периодты күштердің әсерінен болатын тербелістер

Г. Сыртқы тұрақты күштердің әсерінен болатын тербелістер
4. Жарық көзінің энергиясы 2есе артса, толқын интенсивтілігі қалай өзгереді?

А.2 есе артады Б.Интенсивтілігі өзгермейді

В.4есе артады Г.2 есе кемиді
5. Толқын көзінің тербеліс жиілігін 2 есе арттырса, ауада таралатын дыбыс толқынының ұзындығы

А. 2есе артады Б. 2есе кемиді В. Өзгермейді Г.4 есе кемиді


6. Маятниктің тербеліс периоды тәуелді болатын физикалық шама

А. Маятниктің массасына Б. Маятниктің тербеліс жиілігіне

В. Маятниктің ұзындығына Г. Маятниктің ұзындығына және еркін түсу үдеуіне
7.Адамды 1с-та өлтіретін инфра дыбыс жиілігі

А. 4 Гц Б. 7 Гц В. 6 Гц Г. 5 Гц


8.Көлденең толқынның таралу жылдамдығының векторы мен бөлшектердің тербелу жылдамдығының векторы өзара қалай орналасады?

А. Параллель Б. Перпендикуляр

В. Қисық сызықты Г.Түзу сызықты
9.Суретте берілген дененің координатасының уақытқа тәуелділік графигінен тербеліс жиілігін анықтаңыз.

10. Төменде келтірілген электромагниттік сәулелерді жиіліктерінің өсу ретіне қарай орналастырыңдар

1. көрінетін жарық

2. ультракүлгін сәулелер

3. инфрақызыл сәулелер

4. радиотолқындар

А.4,3,1,2, Б.2,3,1,4 В.3,2,4,1 Г.1,4,3,2


11. Электромагниттік толқындар қандай толқындар болады?

А.Көлденең

Б.Қума

В.Ортаға байланысты қума және көлденең



Г.Бір мезгілде қума және көлденең
12. Толқын ұзындығы 0,5 мкм жарықтың бірінші дифракциялық максимумы 300 бұрышпен байқалуы үшін, дифракциялық торда 1мм-дегі штрих саны

А. 500 Б. 2*106 В. 2*103 Г. 103


13. Дыбыстың биіктігі неге тәуелді?

А. Тербеліс периодына Б. Толқын ұзындығына

В.Тербеліс жиілігіне Г.Тербеліс амплитудасына
14.Тербелмелі контурдағы еркін тербеліс энергияся конденсатор разряды басталғаннан кейін 1/8 периодтан соң қайда жиналады?

А.Конденсаторда және катушкада Б.Катушкада

В.Энергия 0-ге тең Г.Конденсаторда
15. Жарықтың толқыны жиілігімен, толқын ұзындығымен және таралу жылдамдығымен сипатталады. Бір ортадан басқа ортаға өткенде осы параметрлердің қайсысы өзгереді?

А.Тек қана Б. және В. және Г. Тек қана


16. 2- суретте суда таралатын толқынның профилі көрсетілген. Толқын ұзындығына сәйкес келетін нүктелер аралығын көрсет.
Х,м

А.1-4


Б.2-5

В.1-3


Г.5-6

17. Электр сыйымдылығы С конденсатор және индуктивтілігі L катушка жиілігі айнымалы ток тізбегіне тізбектеп қосылған, Im ток күшінің тербелістерінің амплитудасы. Конденсатор мен катушкадағы кернеу тербелістерінең амплитудалары неге тең?

А. Im С, Im L Б. Im С/ , L I m

В Im / L, С Im / Г. Im/ С, Im L


18. Электромагниттік тербелісті сипаттайтын дифференциалдық теңдеу

А. m=S Б. 0= В.q/ =- 02q Г.q=qmcos 0t


19.Электромагниттік толқынның таралу бағыты

А. В векторының бағытымен анықталады Б. Оң зарядтың бағытымен анықталады

В. Сол қол ережесімен анықталады Г.Оң бұрғы ережесімен анықталады
20. Электромагниттік толқынның берілгне нүктедегі магнит индукциясы мен электр кернеулігі тербелістері арасында

А. Шамалар тербелістерінің айырмасы 2 Б.Фаза айырмасы /2

В.Екі шамада бірдей фазалы Г.Фаза айырмасы 3/4


2-нұсқа
1. Механикалық толқын дегеніміз не?

А. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі

Б.Тербеліс кезіндегі бөлшектердің тасымалдануы

В. Тербеліс кезіндегі өркештер мен ойыстардың пайда болуы

Г.Тербеліс кезінде энергияның ең үлкен шамаға тең болуы
2.Бір период ішінде таралатын тербелістердің ара қашықтығы не деп аталады?

А. Толқын ұзындығы Б. Толқын жылдамдығы

В. Толқын периоды Г. Толқын жиілігі
3. Ауадан суға өткенде дыбыс толқындарында қандай шама тұрақты?

А. Б. В. Г. Т


4. Қума толқын дегеніміз не?

А. Бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бағытына перендикуляр болатын тербелістер

Б.Ортаның бөлшектері гармониялық заңдылықпен тербелетін тербелістер

В.Бөлшектердің тербелуі таралу бағытына сәйкес келетін тербелістер

Г. Бөлшектердің периодты күшке перпендикуляр бағытта тербелуі
5. Механикалық резонанс дегеніміз:

А. Тербелуші дененің сыртқы периодты күштердің әсерінсіз тербелуі

Б. Тербелмелі жүйенің жиілігі мен мәжбүрлеуші күштің жиілігі теңескен кезде еріксіз тербеліс амплитудасының күрт артуы

В. Резонатордың меншікті тербеліс амплитудасының вибратордың меншікті тербеліс амплитудасымен теңесуі

Г. Жауаптар арасында дұрысы жоқ
6. Көлденең толқындағы А бөлшегінің жылдамдығы жоғары бағытталған болса, болқынның таралу бағыты:

1-сурет

А.Оңға


Б.Өзгермейді

В. Солға


Г. Жоғары
7.Электромагниттік толқындардың таралу сипаты параллель сәулелер түрінде. Осы толқынның толқындық бетінің түрі қандай?

А.Сфера Б. Шеңбер В. Жазықтық Г.Жартылай сфера


8.Механикалық көлденең толқындар қандай орталарда тарала алады?

А. Сұйықтар мен қатты денелерде Б. Тек қана газдарда

В. Қатты денелерде, сұйықтарда және газдарда Г. Қатты денелерде, сұйықтардың бетінде
9. Гармониялық тербелістің амплитудасы.

А. Тепе-теңдік күйінен ығысу Б. Толық бір тербеліс уақыты

В.Уақыт бірлігіндегі тербелістер саны Г. Тепе-теңдік күйінен максимал ауытқуы

10. 1 камертонды балғамен ұрып тербеліс тудырады, келесі осындай камертоннан дыбысталынуын бақылайды бақыланған құбылыс қалай аталады?

А.Жаңғырық Б. Дыбыстың жұтылуы В. Дыбыстың сынуы Г.Резонанс
1 1. Тұрғын толқынның түйіні мен оған көршілес ең биік (не төмен) нүктесінің ара қашықтығы қандай?

у

А. А С Е



Б. 0,25 в д

В. 2

Г.0,5 х
12. Электромагниттік толқынның пайда болуының басты шарты:

А. В векторының тербелісі Б. Ортаның болуы

В. Зарядталған бөлшектің үдей қозғалуы Г.Электромагниттік өріс болуы
13. Төрт электрон қозғалып келеді. 1- бірқалыпты және түзу сызықты, 2- шеңбер бойымен бірқалыпты, 3- түзу сызықты бірқалыпты үдеумен, 4- түзу бойымен гармониялық тербелістер жасайды. Олардың қайсысы электромагниттік тербелістер жасайды?

А.2,3,4 Б.1,2,4 В. 1,3,4 Г.1,4


14.Периодтың қандай бөлігі өткен соң зарядталған конденсатор мен индуктивтік катушканы қосқаннан кейінгі контурдағы энергия конденсатор мен катушка арасында теңдей бөлінеді?

А.Т Б.Т/4 В. Т/2 Г.Т/8


15. 3- суретте маятниктің еріксіз тербелістерінің жиілігі мен амплитудасы арасындағы байланыс графигі берілген. Олардың қайсысында үйкеліс күші ең үлкен?



16.Электромагниттік тербелістің периодын анықтайтын формула

А.q=qmcos t Б.T=2 В. T=2 Г. =ВScos

17. Координатаның гармониялық тербелістерінің теңдеуі қайсы?

А. qmcos( 0t+ 0) Б. A cos( 0t+ 0)

В. -A 02 cos( 0t+ 0) Г. Imsin( 0t+ 0)


18. Тербелмелі контурда пайда болатын тербеліс.

А. Механикалық тербеліс Б. Автотербелістер

В. Еркін электромагниттік тербеліс Г. Ерінсіз электромагниттік тербеліс
19. Төменде келтірілген қасиеттердің қайсысы электромагниттік толқындардың көлденең толқын екенін дәлелдейді?

А.Итерференция Б.Дифракция В.Сыну Г.Поляризация


20.Тербелмелі контурда өтетін энергия түрленулері

А. Электр өрісінің энергиясы магнит өрісі энергиясына

Б. Электр энергиясы механикалық энергияға

В. Механикалық энергия электр энергиясына

Г.Кинетикалық энергия потенциялық энергияға



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет