Vi. Тест тапсырмалары І тарау бойынша тест. Кинематика негіздері



бет6/9
Дата03.01.2022
өлшемі286.69 Kb.
#451882
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Астрономия

1-нұсқа
1. Астрономия сөзі грек тілінде қандай мағына береді?

А. Аспан денелері туралы ғылым

Б. Космос туралы ғылым

В. Жұлдыздар туралы ғылым

Г. Астероидтар туралы ғылым

2. Астрономияның негізгі құралы

А. Телескоп

Б. Обсерватория

В.Экваторлық координаттар

Г.Дүрысы жоқ

3.Айнасының диаметрі 6м болатын дүниедегі ең үлкен телескоп

А. Дұрысы жоқ

Б.Рефрактор

В.Рефлектер

Г.Максутов телескопы

4. Шырақтың горизонттан бұрыштық қашықтығы осы шырақтың

А. Горизонттан биіктігі

Б. Бұрыштық ара қашықтығы

В. Азимуты

Г. Меридианы

5. Аспанда қанша шоқ жұлдыз бар?

А. 98


Б.88

В.78


Г. 68

6. Горизонт жазықтығына перпендикуляр сызық

А.Дүние өсі

Б.Тік сызық

В.Тал түстік сызық

Г.экватор сызығы

7.Темірқазық аспанның қай нүктесінде орналасқан?

А.Дүниенің солтүстік нүктесінде

Б. Дүниенің оңтүстік нүктесінде

В. Дүниенің оңтүстік полюсінде

Г. Дүниенің солтүстік полюсінде

8. Шырақтың кулминациясы дегеніміз, шырақтың

А. Экватор арқылы өтуі

Б. Горизонт арқылы өтуі

В. Меридиан арқылы өтуі

Г. Эклиптика арқылы өтуі

9. Күн 22 желтоқсанда қай нүктеде болады?

А. Күзгі күн теңелу нүктесінде

Б. Көктемгі күн теңелу нүктесінде

В.Жазғы күн тоқырау нүктесі

Г. Қысқы күн тоқырау нүктесі

10. Күн бетіндегі дақтарды бақылап және олардың айналуы негізінде Күн өз өсінен айналады деп айтқан ғалым кім?

А. Бруно

Б. Галилей

В. Струве

Г. Коперник

11. Гелиоцентрлік жүйені ұсынған кім?

А. Коперник

Б.Птоломей

В. Ньютон

Г. Ұлықбек

12.Планеталардың конфигурациялары дегеніміз

А. Орналасуындағы ерекше қалыптары

Б. Көріну қалыптары

В. Экватор арқылы өтуі

Г. Меридиан арқылы өтуі

13. Орбита бойымен қозғалысы кезінде планета жылдамдығы қай уақытта баяу болады?

А. Күнге жақын нүктеде

Б. Күнен ең қашық нүктеде

В. Күнен орташа қашықтықта

Г.Дұрысы жоқ

14. Қалам ұшымен табылған планета

А. Уран

Б.Плутон


В.Нептун

ГСатурн


15. 1 астрономиялық бірлік дегеніміз

А. Жерден Айға дейінгі қашықтық

Б. Жерден Күнге дейінгі қашықтық

В. Жерден Марсқа дейінгі қашықтық

Г. Жерден Юпитерге дейінгі қашықтық

16. 10 меридиан доғасының ұзындығын дәлірек өлшеген ғалым

А. Кеплер

Б.Эротоспен

В. Струве

Г. Галилей

17.Ұйтқу дегеніміз

А. Кеплер заңының орындалуы

Б. Планета массасының елеусіз аз болуы

В. Басқа планеталардың тартылысының есептелмеуі

Г. Кеплер заңдарынан ауытқу

18.Аспан сферасының айналу өсі

А. Дүние өсі

Б. Тік сызық

В. Талтүстік сызық

Г. Дұрысы жоқ

19. Қазіргі күнтізбеге қатысы жоқ күнтізбе

А. Ескі стильді Күнтізбе

Б. Григориан Күнтізбесі

В. Жаңа стильді күнтізбе

Г. Хиджра күнтізбесі

20. кулминация кезінде шырақтар қандай аспан жазықтығын қиып өтеді

А. Горизонт жазықтығын

Б. Аспан меридианын

В. Экватор жазықтығын

Г. Жер орбитасының жазықтығы



2-нұсқа

1. Әлем


А. Шектеулі

Б. Шексіз

В. Шегін біле алмаймыз

Г. Дұрысы жоқ

2. Ең үлкен рефрактор телескоптың диаметрі

А. 3м


Б. 6м

В.1м


Г. 2м

3. 1 шамадағы жұлдыз бесінші шамадағы жұлдыздан қанша есе жарық

А.9

Б.15


В. 25

Г. 39


4. Планетаның перигелий нүктесінде болуы дегеніміз

А. Күннен ең қашық кетуі

Б. Күнге ең жақын келуі

В. Фокуста болуы

В. Дұрыс жоқ

5. Шолпанның Күннен қашықтығы 108*106 км, оның жұлдыздық айналу периоды қандай?

А. 225 тәулік

Б. 230 тәулік

В.226 тәулік

Г. 236 тәулік

6. Спектрдің фотографиясы

А. Спектроскоп

Б. Спектрограмма

В. Спектрограф

Г. Дұрыс жоқ

7. Жазғы Күн тоқырау нүктесінде қай уақытта боламыз?

А. 22 желтоқсанда

Б. 22 наурызда

В. 23 қыркүйекте

Г. 22 маусымда

8. Дүние осіне перпендикуляр жазықтық

А. Горизонт жазықтығы

Б. Меридиан жазықтығы

В. Экватор жазықтығы

Г. Жер орбитасының жазықтығы

9. Планеталардың радиус- векторлары тең уақыт аралығында тең аудандар сызады деген заңды ұсынған ғалым

А. Галилей

Б. Ньютон

В. Кеплер

Г.Ұлықбек

10. Аспан сферасының қай нүктесінде тік шарықтау мен ауысудың мәндері 0-ге тең

А. Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі

Б. Жазғы күн тоқырау нүктесі

В. Күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі

Г. Дүниенің солтүстік нүктесі

11. Құралсыз көзбен горизонттан жоғары айсыз түні қанша жұлдыз көрінеді?

А. 6000

Б. 3000


В. 5000

Г. 1500


12. Жер өз орбитасының бойымен

А. Айға жақындаған кезде шапшаң

Б. Күнге жақындаған кезде шапшаң

В. Түн кезінде тез

Г. Тұрақты жылдамдықпен

13. Күннен ең қашық планета

А. Плутон

Б. Сатурн

В. Нептун

В. Уран


14. Атмосфераның төменгі қабаты

А. Литосфера

Б. Атмосфера

В. Гидросфера

Г. Тропосфера

15. Массасы мен мөлшері бойынша Жерге ұқсас планета

А. Марс

Б. Плутон

В.Шолпан

Г.Меркурий

16. Күн жүйесінің пайда болуы туралы ең жетілген гипотеза ұсынған ғалым

А.Кант


Б. Лаплас

В. Шмидт


Г. Струве

17. Спектрі бойынша Күн қай жұлдыздар класына жатады?

А. М

Б. G


В. А

Г. С


18. Күн массасы барлық планеталардың жиынды массасынан қанша есе көп?

А. 750


Б. 850

В. 950


Г. 850

19. Біздің галактика қайсысына жатады?

А. Қисық формалы

Б. Эллипстік

В. Спиралды

Г. Дұрысы жоқ

20. Дат ғалымы Ремер жарық жылдамдығын өлшеуге пайдаланғаны қай серіктің қозғалысы?

А. Ганимед

Б. Фобос

В. Харон

Г. Ио



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет