Вишневый селолық округі әкімінің округтің 2009 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуы туралы есебі және 2010 жылға қойылған міндеттері



жүктеу 46.74 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі46.74 Kb.
Вишневый селолық округі әкімінің округтің 2009 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуы туралы есебі және 2010 жылға қойылған міндеттері.

2010 жылдың 1.01 Вишневый селолық округінің құрамында 5 ауыл болды, (Вишневое – селолық округтің әкімшілік – шаруашылық орталығы Белояров, Усаков; Балықты; Уйское селолары) оларда 1296 адам тұрады:

Вишневый селосы – 623 адам

Белояров селосы – 309 адам

Усаков селосы -135 адам

Балықты селосы – 128 адам

Уйское селосы – 101 адам.

2008 жылмен салыстырған тұрғындардың саны 42 адамға өсті. Туғандар саны көбейіп (14), өлгендер саны (8) азайды.

Еңбекке жарамды 537 адам, соның ішінде: ЖСШ, ШҚ, мемлекеттік мекемелерде тұрақты жұмыс істейтін 287 адам. Округ тұрғындарының 43% - ер кісілер, 53% - әйел адамдар. Білімділік деңгейі: жоғары білім - 12%, арнаулы орта - 17% орта кәсіптік - 35%.

Аула саны – 426

Жеке сектордағы мал саны:

ірі қара мал – 827 бас

шошқа – 621 бас

қой, ешкі – 263 бас

жылқы – 62 бас.

Жалпы ауылшаруашылық жер көлемі – 30981 га, оның ішінде: егістік – 18156 га, жайылым – 10457 га.

Селолық округ аумағында «Абайское» ЖШС дәнді – дақыл өсіру бағытындағы, «Сатмурзина» ШҚ, «Люлюк» ШҚ бар. Округ бойынша ауылшаруашылық құрылымдары жұмысшыларының орташа еңбекақысы – 51153 (ЖСШ бойынша) 2008 жылмен салыстырғанда (41035) еңбекақы 24,6% көбейді.

Егін шаруашылығының жоғары мәдениеті, жаңа технологияларды еңгізудің, жұмысшылардың кәсіптілігі арқасында биыл округ бойынша гектарынан 22,3 ц өнім алынды бұл былтырғымен салыстырғанда 4,3 ц. жоғары. «Абайское» ЖШС аудан және округ бойынша алда келеді – 23,8 ц/га.

2009 жылы агроқұрылымдар жаңа техника алды:

2 МТЗ – 83 тракторы, 4 К – 744 тракторы.

Тауар өндірушілер 9742,5 мың теңге субсидия алды.

Қазіргі таңда 2010 ж. көктемге егіс жұмыстарына дайындық жүріп жатыр.

Селолық округі әкімі аппаратының бюджеті 5768,6 мың теңге.

Әкім аппаратында 8 адам жұмыс істейді, оның ішінде 4 мемлекеттік қызметкер штаттық кесте бойынша және 4 штаттан тыс адам. Әкім аппараты жылдық жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Әр қызметкердің қызмет бабына байланысты қызметтік міндеттері бар. Әкім азаматтарды аптасына 2 рет қабылдайды, ал бас маман – күнделіктіҚұжаттар екі тілде жүргізіледі. 2009 жылы шағымданды: 2 ауызша – 233 азамат, жазбаша – 25 азамат: 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемқы беру жәрдемақы көптеген жұмыстар жүргізілген, 102 бала оындай жәрдемақы алады, барлық сомасы – 928,1 мың теңге. Округте 3 әлеуметтікқызметкер 11 адамқа қызмет көрсетеді.

Қоғамдық жұмыстарға 6 адам тартылды (122 мың теңге).

Зейнетақы және жәрдемақының орташа айлық қоры 4440,4 мың теңге құрады.

Бюджет 5 бағдарлама бойынша ұсынылған:



  1. Вишневый селолық округ әкімі аппаратының қызметі – 5028,6 мың теңге

  2. Көшелерді жарықтандыру – 281,0 мың теңге

  3. Елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету – 100,0 мың теңге

  4. Абаттандыру және жасылдандыру – 42,0 мың теңге

  5. Балаларды жеткізіп салу және алып қайту 317,0 мың теңге (Уйское-Белояровка)

Қаражат толығымен игерілді.

Абатандыруға және санитралық тазалыққа 142 мың теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 2 билборд алынып, орнатылды, сондай-ақ қоғамдық жұмыстар үшін сыр, әк, әктейтін және сырлайтын, техникалық құралдар. Қоғамдық жұмыскерлер Вишневый селосының орталығындағы темірбетон қоршаулары, аркалар, құдық шахталары сырланып, жалғызбасты зейнеткерлердің қоршаулары әктеліп, көшелер арам шөптерден тазартылды.

Қыркүйек айында қоқыс жинайтып алаң ретке келтірілді. Мұсылман зиратының көлемі ұлғайтылып, іші-сырты тазартылды. Бұл жұмысты ұйымдастырып,атқарған «Абайское! ЖШС және «Сатмурзина» ШҚ.

Күзде тұрғындардың қыс бойы жиналған қоқыстарын шығарып тастау ұйымдастырылды. Бұл жұмыста көмек көрсеткен «Абайское» ЖШС.

Көктем-күз уақытында округте 152 ағаш отырғызылды.

«Абайское» ЖШС көмегімен билборд орнатылды, ол Ұлы Отан соғысына арналған, стелла жөнделді. Белояров селосында Ұлы Отан соғысына қатысқандарға арналған обелиск жөндеуден өтті.

Селодағы әлеуметтік жағдай әлеуметтік объектілердің жұмысына байланысты.

Округте орыс тілінде оқытатын 1 орта, 1 негізгі және 1 бастауыш мектеп бар. Оқушылар саны 2010 ж. 1.01 – 187 адам. Шағын орталықтар және мектепке дейінгі даярлық сыныптары жұмыс істейді.

Білім беру жүйесінде 36 мұғалім жұмыс істейді, олардың ішінде жоғары білімді 31 адам (86%), жоғары және бірінші санатты 8 адам - 22%.

Мектептердің бюджеті 2009 ж. 23550,4 мың теңге құрады: оның ішінде енбекақы 20556,4 мың теңге. Мектептерге 429,0 мың теңгеге ағымдық жөндеу өткізілді.

Демеушілердің көмегімен Минск ОМ және Белояров ОМ қазандықтары ауыстырылды, оларға 425 теңге көмір жеткізіліп берілді. 2009 жылы округ бойынша білім саласына бөлінген қаржы 3923,7 мың теңге. Бұл қаржы бөліп берген «Абайское» ЖШС, «Жанақой» ШҚ, «Сатмурзина» ШҚ, «Люлюк» ШҚ.

Оқушылардың денсаулығын қорғау мақсатында ыстық тамаққа көп көңіл бөлінеді (26,5). Әсіресе отбасы жағдайы нашар, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға көп қамқорлық жасалады. Жазғы демалыстарда мектептер жанынан сауықтандыру алаңдары жұмыс істеді.

Округте 3 емдеу-профилактикалық ұйымдары бар, оның ішіндн 1 дәрігерлік амбулатория және медпункт. Медициналық мекемелер медициналық қызметкерлермен жедел жәрдем автокөлігі бар.

2009 жылда Белояров медпунктінде және Минск дәрігерлік амбулаториясында жылу пештерінің жөнделуі жоспарланған болатын және округтегі барлық медпункттерге ағымдық жөндеу жүргізілу көзделген болатын. Бұл жұмыстар толығымен орындалды, оған 52000 теңге ақша жұмсалды. Бұларға демеушілік жасаған «Абайское» ЖШС, «Сатмурзина» ШҚ, С.Ю. Кищик – ЖК.

Округте АТС жұмыс істейді, ол 11 қызметтік және 90 жеке телефон нөмірлеріне қызмет етеді. Қазіргі таңда округтегі барлық білім ошақтары мен медициналық мекемелер телефондадынрылған. Қаңтар айында Уйское БМ және Уйское медпунктіне телефон қойылды. Округ телефондандырылған, бірақ оның сапасы төмен.

Округ тұрғындары 3 мемлекеттік телеорналы қарайды, 193 спутнитік антенна қойыгған.

2009 жылда Уйское және Белояров селоларнда ретранслятор қойылды. «Абайское»ЖШС, «Сатмурзина», «Люлюк» ШҚ және жеке кәсіпкерлер мектептерді және медициналық мекемелерді жөндеуге, әлеуметтік – мәдени объктілеріне көмір жеткізіп беруге, қыс уақытында жолдарды қалпында сақтауға, мәдени шараларға демеушілік жасауға, қайырымдылық акцияларын өткізуге көмектеседі.

2009 жылы жұмысын қорыта келіп. 2009 жыл бізге көп позитивті жағдайлар әкелді деп қорытында жасауға болады:

- округте жақсы өнім алынды.

- шаруашылық ұйымдар өз міндеттерін орындады (жұмыс орны сақталды, еңбекақы уақытында төленіп тұрды)

- мектептер мен мдициналық мекемелер қысқа дайын

- Уйское селосында телефон байланысы кеңейтілді

- Уйское және Белояров селоларында ретранслятор орнатылды

- қоқыс тастайтын жер ретке келтірілді

- бұлардың бәрі округ тұрғындарының еңбегі. 2010 жылға негізгі міндеттер

- мектептерге ағымдық жөндеу

- медициналық мекемелерге ағымдық жөндеу

- Ұлы Отан соғысына қатысқандар ескерткіштеріне күрделі жөндеу



- Белояров, Уйское селоларын, орталықтың Абай көшесін жарықтандыру.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет