ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-12.1.1/03-2013
|
«WEB-технологиясы» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
|
Баспа №1 18.09.2013ж
|
«WEB-технологиясы»
пәнінен оқу-әдістемелік кешен
050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
мазмұны
1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық және зертханалық сабақтар
4. Студенттің өздік жұмысы
1. глоссарий
Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:
-
Веб-технологиялар – Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені.
Контент – веб-беттерде орналастырылған ақпараттар.
-
URI беттер– Интернет желісіндегі беттің уникалды адресі.
-
Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері.
-
ҒТР-сервер деп FТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер аталады
-
Әдістеме –мәселелерді шешу әдістерінің жиынтығы.
-
Принцип – бұл ереже. Принциптер жиі шексіздіктер мен талаптар түрінде көрсетіледі.
2. Дәрістер
Дәріс сабағының құрылымы:
Дәріс №1. Web-технологияларға кіріспе -
Web-технологиялар
-
Ерекшеліктері
-
Артықшылыұқтары
Негізі Web, Веб, Internet, Интернет – сөздерін синоним деп те қарастыруға болады.
Веб-технологиялар – Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені.
Анықтама. Контент – веб-беттерде орналастырылған ақпараттар.
Анықтама2. URI беттер– Интернет желісіндегі беттің уникалды адресі.
Мысал: http://www.yandex.ru/all_services.html
URI –ға енеді:
-
Ресурсқа қол жеткізу әдісі, яғни хаттамасы (http).
-
Ресурстың желілік адресі(www.yandex.ru).
-
Сервердегі файлдың толық жолы (all_services.html).
Ерекшеліктері
Web-технологиялардың өзін ақпаратпен жұмыс істеу концепциясы деп алуға болады. Оның мынадай ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады:
-
Web-технологиялардың техникалық негізі – локальды және глобальды желілер, көбіне Интернет
-
Клиенттердің ерекше типін пайдалану: web-браузерлер ( браузерлердің типі мен тарихы, қазіргі жағдайын өздігінен оқуға беремін. P.S. Гульмира Жумагалиевна)
-
Ақпараттық көздердегі өзгерістер публикацияларда бірден бейнелене алады;
-
ақпаратты тұтынушылар саны шектеусіз;
-
публикацияларда басқа публикацияларға берілген сілтемелер орны мен материалдар көзіне тәуелсіз түрде беріле алады;
-
іздеу машиналардың белсенді жұмысы (іздеу машиналардың тарихы, рөлі мен қазіргі жағдайын өздігінен оқуға беремін. P.S. Гульмира Жумагалиевна);
-
контентті беру мен тираждау тегін.
Артықшылықтары
Web-технологиялар ақпаратты жеткізу құралы ретінде адам мен компьютер арасындағы әмбебап интерфейс болып табылады. Әр адамға жазбалар, тақырыпшалар, сілтемелер мен картинкалар ұғынықты. Веб-интерфейс ақпаратты алу құралы ретінде түсінікті. Интернеттің коммуникациялық арна ретінде кең ауқымды пайдаланылуы веб интерфейстің қарапайым екендігін көрсететіні даусыз. Браузер – веб-беттерді көруге арналған программа. Браузерлер – казіргі компьютерлер жабдықталған проограммалар. Кең тараған браузерлер: Internet Explorer, Firefox, Opera, Safari, Chrome.
Дәріс №2-4. «Жүйе» терминінің түсінігі. Клиент-сервер архитектурасы. Провайдерлер және олардың жүйелері.
-
«Жүйе» терминінің түсінігі
-
Компьютер-серверлер және компьютер-клиент
-
Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер
-
Провайдерлер және олардың желілері
-
Провайдерлердің желілерін біріктіру
Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында — бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет сөзімен Желінің информациялық құрамын түсінеді. Интернет – бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған технология. Интернет сонымен қатар ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді және оперативті тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық түрде өзін-өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады.Интернеттің басты тапсырмасы бұл – әр тәуліктік, жоғары сенімді байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай “Желі” сөзін қолданғанда Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер – бұл Желінің бір бөлігі.
Компьютер-серверлер және компьютер-клиент
Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі типке бөледі, олар :серверлер және клиенттер. Бір компьютерде серверді де және клиентті де орнату мағынасында бөлу онша қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және почталық клиентпен де жұмыс жасауға болады.Басқа компьютерлерге анықталған сервис ұсынатын компьютерлерді серверлер (ағыл., to serve – қызмет көрсету) деп атайды, ал осы сервисті қолданатындар — клиенттер.Көп жағдайларда үйдегі клиенттік компьютерлерде әр уақытта Интернетке кіруге мүмкіндігі болмайды, сондықтан Желіге тек керек уақытта ғана қосылады. Керісінше, компьютер-серверлер мәліметтерді берудің жоғары жылдамдықты арналары арқылы Интернетпен байланысқан, сондықтан оларға сұраныс арқылы хабарласуға болады.
Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер
Компьютерлерді серверлер мен клиенттер деп атағаннан гөрі, оларды бағдарламалық қамсыздандыру деңгейіндегі клиенттер немесе серверлер деп атаған жөн. Бір бағдарлама клиент есебінде, ал екіншісі сервер есебінде іске қосылатын қосымшалардың өзара байланысы клиент-сервер архитектурасы деп аталады.Сервердің басты тапсырмасы – сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр кезде жұмыс жасап және күту жағдайында болу болып табылады.Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы баяулап және белгілі бір сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір протокол шегінде болады – бұл Желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар жиыны. Серверлік бағдарламалар клиенттік бағдарламаларға қызмет көрсету үшін компьютердің аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-бағдарлама сұраныс құрып, оны Желі арқылы белгілі бір адреске жібереді және алдын ала белгіленген протокол арқылы сервер-бағдарламамен өзара байланысады. Сол бір компьютерде бірнеше серверлік бағдарламалар орналаса алады. Клиенттік қосымша серверлік қосымша орналасқан компьютерде де, сонымен қатар, серверден керегінше жойылған компьютерде де орналаса алады, бірақ олар Желімен байланысса, бұл айырмашылық тек уақыт бойынша жауаптың кідіруіне сәйкестеледі.
Әрбір сервер-бағдарламаның типі үшін өзіндік клиент-бағдарламасы бар. Осылай, Web-клиент Web-серверге, почталық клиент – почталық серверге хабар береді және т.б. Серверлік бағдарлама әрқашан сұранысты орындауға дайын болу керек және сондықтан да сервер-бағдарлама жұмыс жасайтын компьютерлерге сенімділікке және өнімділігіне байланысты жоғары шарттар қойылады. Клиенттік компьютердің жұмысының тұрақтылығы бір адамның жұмысына әсер ететіндіктен, олардың жұмысына сенімділігіне байланысты аз талаптар қойылады, ал аппаратты сервердің жұмысының сенімділігіне байланысты көптеген клиенттердің жұмысының жүргізілуі тәуелді болады. Жоғарыда көрсетілген тәсіл (клиент-серверлік архитектура) дербес компьютердің қолданушысына өзінің жұмыс үстелінен Интернетке қосылған миллиондаған серверлердің ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Провайдерлер және олардың желілері
Интернетке қарап, біз интернет-провайдерлердің қызметтерін пайдаланамыз және ISP(Internet Service Provider – Интернет қызметін жеткізуші). Көбіне ISP – бұл өзіндік желісі бар арнайы ұйым (магистральды деп аталады), оған клиенттердің көптеген саны қосылады. Провайдердің желісі ғаламның кез келген нүктесімен байланысуды қамтамасыз ететін жер жүзінің басқа да желілерімен байланысуы мүмкін. Қалыпты жағдайда ISP-провайдерлер – бұл белгілі бір аймақтарда өзіндік орналасу нүктесі (POP — Point of Presence) бар ірі компаниялар, бұл нүктелерде клиенттерінің Интернетке қосылуын қамтамасыз етуге арналған провайдердің аппаратты қамсыздығы. Ірі провайдердің әртүрлі қалаларда өзінің орналасу нүктесі мен мыңдаған клиентері болады. Бірнеше қалаларда орналасу нүктелері бар провайдерлермен қатар, бір қалада орналасу нүктесі бар провайдерлерді де атап көрсетуге болады. Телефон линиясы арқылы ISP мен байланысуды ұйымдастыру: ДК қолданушысы драйверге хабарласады және модем жинақтарының ішіндегі провайдер модемдерінің бірімен байланыс орнатады (модемді пул деп атауға болады). Қолданушы өзінің ISP не қосылғаннан кейін, ол оның желісінің бір бөлігі болып табылады. Провайдер өзінің серверінде клиенттерге әртүрлі қызмет көрсете алады: электрондық почта (e-mail), желілер жаңалықтары (Usenet) және т. б. Провайдердің магистральды желісін көбіне тіректі желі немесе бэкбоундеп атайды (ағыл. Backbone — қырат). Провайдер желілері көптеген клиенттерге қызмет көрсететіндіктен, оның жоғары жылдамдықты желісі болуы және жоғары трафикті қамтамасыз етуі керек (желі бойымен берілетін мәліметтер көлемі). Өзінің барлық орналасу нүктелерін біріктіру үшін, провайдер ірі коммуникациялық компаниялардан жоғары жылдамдықты арналарды жалға ала алады, сонымен қатар, өзінің арналарын тарта алады. Ірі коммуникациялық компаниялардың өздерінің жоғары жылдамдықты каналдары бар.
Провайдерлердің желілерін біріктіру
Кейбір провайдерлердің клиенттері, мысалы, ISP-A бір бірімен өздерінің жеке желілері арқылы өзара байланысады, ал басқа ISP-В компаниясының клиенттері өздерінің, бірақ егер ISP-A және ISP-B желілерінің арасында байланыс болмаса, онда А компаниясының клиенттері және В компаниясының клиенттері бір бірімен байланыса алмайды. Өздерінің клиенттерін бір желіде біріктіру мақсатында А және В әр қалада желілік кіруді (NAP — Network Access Points) қамтамасыз ететін нүктелер арқылы өз араларында тікелей байланысты орнатады. Осылайша, басқа провайдерлердің магистральды желілеріне қосылу құрылады, нәтижесінде жоғары деңгейлі көптеген желілердің бірігуі болады.
Интернетте жүздеген ірі интернет-провайдерлер орналасады және олардың магистральды желілері NAP арқылы әр түрлі қалаларда жасалады, және мәліметтердің үлкен ағыны NAP-түйіннің әр түрлі желілері арқылы таралады.
Үлкен және кіші желілердің бірігуі (Интернетті құрайтын) негізінде шартты келісімдер жатады. Әрбір клиенттің белгілі бір ISP пен өзінің компьютерін немесе жергілікті желісін провайдер желісіне қосу туралы келісім шарты бар. Кейбір ISP-A провайдерлердің клиенттері ISP-A желісіне қосылу туралы келісім құрайды, өз кезегінде ISP-A ISP-B мен желілерін біріктіру туралы келіседі және солай жалғаса береді..
Дәріс №5-6. INTERNET ЖЕЛІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ
-
Интернет негізгі қызметі
-
ТСР/ІР жүйелік хаттамасы. IP – адрестер, URL – адрестер.
-
Атаулар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі.
-
Internet Explorer – WWW – ке арналған браузер. Internet Explorer бағдарламасының негізгі принциптер.
-
WORLD WIDE WEB – жүйесімен қатынас құру тәсілі
Интернет негізгі қызметі
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әркашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютсрмен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC(Internet Society — Internet коғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық еш нәрсе жоқ.. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.
Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәліметтер
INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінін APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол — желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең, үлкен компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
INTERNET -тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
INTERNET -пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
- қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);
- почталық байланыстар.
ТСР/ІР жүйелік хаттамасы. IP – адрестер, URL – адрестер
Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін қарастырайық. Тұрақты қосылып тұратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей ТСР/ІР желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol - жеткізуді басқару протоколы/интержелі протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютср мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET -ке қызмет ететін компьютермен (хост-компьготері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен INTERNET арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне INTERNET арқылы мәлімет жібере (алады) береді.
Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, Point-to-Point Protocol немесе РРР деп аталады (Serial Line Internet Protocol — тізбекті желі үшін Internet хаттамасы, Compessed Slip — тығыздалған Slip, Point-to-Point Protocol — "нүкте-нүкте" хаттамасы). Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да ТСР/ІР секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.
Почталық байланыс. INTERNET -пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден Іпіетеі-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын INTERNET -ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде почта адресі аддына INTERNET деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (network gateways) деп аталады, олар INTERNET желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.
INTERNET -пен қатынас құру
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol — FТР). Практикада FТР немесе ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FТР жүйесі қолданылатынын білдіреді. FТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер ҒТР-сервер деп аталады. Көптеген FТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан администратор рұқсатымен әр түрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретіндс әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (nameid) және/немесе паролін (password) білу қажет болады.
FТР-серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:
ореn ftp.геlсоm.su nаmеіd раsswоrd — FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
ореn FTP -сервермен қатынас құру сұранысы;
ftp.relcom.гsu — РТР-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты;
nаmеіd — пайдаланушының кіру аты немесе anonimus;
раsswоrd — сұраушы адамның паролі немесе оның почталық (Е-таіІ) адресі;
Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:
һеLр — сервер командалары бойынша анықтама беру;
quit: — сеансты аяқтау.
Пароль мен атау дүрыс болса, катынас құру құқығына
байланысты командалар орындауға болады. Олардың
құрамына мыналар кіреді:
cd каталог аты — каталогты ауыстыру;
cd.. — жоғарғы деңгейден каталогқа кайту;
get файл аты — ҒТР-серверден файл алу;
binary — екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері ехе, сот, аг]), гаг, іаг, 2Ір жәш т. б.)
dіг — ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.
ҒТР-сервермен байланысу сеансықда пайдалануга болатын командалар жиынтығын НЕLР командасы арқылы алуға болады.
ҒТР-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.
сd риb — барлық ҒТР-серверін пайдаланушыларға ашық РАВ каталогын (директориін) пайдалану;
dir — сол каталог файлдар тізімін беру;
get 03ndex.txt — ҒТР-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;
bіnагу — екілік файлдарды өңдеуге өту;
get fаг 140.ziр — ЕТР-серверден екілік файл алу;,
guit — ҒТР-серверден ажырау (байланысты үзу).
Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әр түрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі дсңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзак 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.
Атаулар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі
Netscape Nаvіdаtог және Іntегnеt Ехрlогег тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.
Мысал ретінде Місгоsoft Іntегnеt Ехрlогег 3.01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервермен ftp:// ftp.ге1соm.ru қатынас құру сеансын талқылап шығайық.
Браузерді іске қосу үшін жүмыс столынан немесе есептер тақтасынан Іntегnеt Ехрlогег пиктограммасын табу қажет (29.1.сурет), соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.
Іntегnеt Ехрlогег -ді іске қосар алдында желімен алыстан қатынас кұру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.
Мұндайда үш терезегс мәліметтер енгізілуі тиіс Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы Іntегnеt -ке қосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады. Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез келген сәтте "Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.
Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Іntегnеt Ехрlогег терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Соларды қарастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.
Алдымен "Адрес" өрісін карастырайық, Бұл өрісте FTP адресі былай теріледі: ftp://ftp.relcom.ru
Адрес терілген соң, "Еntег" пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер кажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.
Internet Explorer – WWW – ке арналған браузер. Internet Explorer бағдарламасының негізгі принциптер
Internet ішінен керекті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып өтейік. Word wide web(WWW, /Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әр түрлі информация алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде, WWW ессптеледі. Internet -тің қалған бөліктерінш гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.
Мұнда бір-бірімен байланысқан сездер тізбекше арқылы іздеу жүргізілсді. Өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты тандап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып қарап шығасыз, бірақ, қажет болса, кейін оралуыңыз да қиын емес.
WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Гипермәтін дегет не? Егер сіз Windows жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Macintosh компьютерінің Нуреr Саrd файлын көрсеңіз, сол гипермәтін мысалы бола алады. Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші ұғымға мәтіндік байланыс арұылы (мазмүны арқылы) тез өтуді қамтамасыз етеді (links). Бір мәтінді бастан аяқ оқудан гөрі сол мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана оқып, сонан кейін сол бөлікпен байланысты басқа үғымдарға жылдам өте аласыз. Бұлай жылжу ерекшеленген мәтін үзіндісіне курсорды алып барып тышқанды шерту арқылы орындалып отырады.
WORLD WIDE WEB – жүйесімен қатынас құру тәсілі
Web жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық ортасында сервистік қызмет көрсететін, компания жасап қойғақ, арнайы команда арқылы WWW браузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін WWW немесе linх сөздерін енгізу керек.
Егер тұрақты қызмет атқару қажет болса немесе тікелей теру арқылы байланыс орнату керек болып жатса, өз браузеріңізді пайдалану мүмкіндігі де бар.
Қолданылып отырған тәсілге қарамастан сіз гипермәтіндік файлдарда мәліметтерді іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді біз желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Ехрlorer графиктік браузерімен сіздерді таныстыралық. Әрине бұдан басқа да браузерлер бар, мысалы, Netscape Navigator, бірақ Windows 98 жүйесі өз Internet Ехрlorer программасының ішкі браузерімен жабдықталады. Windows жүйесінің басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс істеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Ехрlorer -мен жұмыс істегіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері бір-біріне ұқсас болады.
Сонымен FТР-серверімен жұмыс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше адресін білсеңіз, онда желіге кіріп жұмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті информацияларды тақырыбы арқылы іздеу ісіне кірісіп кете бересіз.
Internet Ехрlorer немесе Navigator іске қосылса, браузер автоматты түрде, сіз араласпай-ақ, "өз" серверімен байланыс орната береді. Ал, егер де Internet Ехрlorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаныз, онда бірден Місrosoft компаниясының WWW сервері парағымен байланысатыныңыз есіңізде болсын, оған мынадай мәлімет енгізілсе, http://www.home.microsoft.com./int/ru
Мұнан кейін "лифт" көмегімен парақтың төменгі жағына өтіп, өзіңізге керекті ақпаратты таңдайсыз. Курсорды ерекшеленген мәтін бөлігіне алып барып, тышқанды бір рет шертіңіз, браузер осы таңдап алынған жаңа мәтін бетін сіздің өз машинаңызға жеткізеді. Біздің жағдайда курсорды " Internet -те парақты іздеу үшін осы сілтемені тандаңыз" (выберите данную ссылку) деген сөзге, яғни оның ерекшеленіп тұрған үзіндісіне алып барып, тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз. Сол сәтте браузер сіздің компьютеріңізге Internet -тегі информация іздеу жүйелерінің жиі қолданатын бірнеше адресі көрсетілген келесі парақты шығарады да, сіздің іздеу шарты көрсетілген (критерий) информация енгізуіңізді және "іздеу" батырмасын басуыңызды өтінеді.
Бұл сервердің тағы бір ерекшелігі — кодтарды сәйкестендіре отырып өзгерту: бір сұрақты әр түрлі кодтар түріне келтіру үшін бірнеше рет енгізудің керегі жоқ. Бір енгізілген мәлімет автоматты түрде барлық кодқа айналады (нәтижені қарап шығу үшін тек қаріпті өзгерту жеткілікті), сервердегі кодтау түрі екеу — КОИ-8 бен 1251). Басқа да кодтарда өрнектелген информациялар болғанымен, олар осы екі кодтау түріне автоматгы түрде айналады. Керекті ақпарат табылса, ары қарай барлық жұмыс FТР- серверіндегі сияқты орындалады.
Дәріс №5-6. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
-
Интернеттегі клиент-серверлік архитектура.
-
Компьютер мен қосымшаның клиент-серверлі әрекеттесуі.
-
Компьютерлік тораптар.
-
Интернеттегі тораптардың иерархиясы.
-
Интернеттегі ISP, POP, NAP түсініктері.
-
Интернетке ақпаратты жіберу. TCP/IP протоколдарының стэгі.
-
IP – бағдарының үрдісі.
-
Домендік аттардың жүйесі. DNS – сервер.
-
Браузерлер мен серверлер.
-
Прокси-сервер. URL-мекенінің форматы.
№7-8. WEB технологиялар негіздері: КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ. КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
-
Компьютерлік жүйелерді құру негіздері
-
Компьютерлік жүйелердің пайда болуы мен даму тарихы
-
Жасанды және нақты желілер
-
Компьютерлік желілер классификациясы
-
Компьютерлік желілер топологиясы
-
Серверді пайдалану технологиясы
Компьютерлік жүйелерді құру негіздері
ЭЕМ-нің пайда болуымен жеке компьютерлер арасында мәліметтермен алмасу және ЭЕМ ресурстарын рационалды бөлу туралы сұрақ туындады.
Бірінші ЭЕМ-лар эксплуатацияда қиын болды және қымбат аппараттық компонент керек болды, ЭЕМ-ді құрудың бірыңғай стандарты болмады. Компьютерлердің аппараттық және программалық базасының дамуымен желілік технологиялар да жаңдандырыла басталды. Басында мәліметтерді беру жүйесі коммерциялық, әскери және ғылыми мақсатта құрылды, содан кейін желіні пайдалану ортасы ұлғая түсті.
Қазіргі уақытта компьютерлік желілер біздің өміріміздің бір бөлігі болып табылады, оларды пайдалану облысы адам қызметінің барлық сфераларын қамтиды.
Компьютерлік жүйелердің пайда болуы мен даму тарихы
Компьютерлік желілердің дамуы ЭЕМ-нің дамуымен және телекоммуникация жүйелерінің дамуымен байланысты.
Компьютерлік желілер құру бойынша жұмыстар ХХ ғасырдың 60-шы жылдары басталды. Компьютерлік желі түрінде үлкен (кейін миниЭЕМ) ЭЕМ-дер негізінде құрылған мәліметтерді телеөңдеу жүйесі (МТЖ) болып табылды.
Мәліметтерді беру құралы ретінде телефондық желі пайдаланылды. МТЖ негізгі элементі модем, абоненттік пунктер және коммуникация құрылғылары болып табылады. МТЖ тек аналогтық сигналдар арқылы берілді.
МТЖ негізгі кемшілігіне төмен жылдамдығы (9600 бит/с, нақты 2400 бит/с) болып табылады. Сондықтан МТЖ жетілдіру бағытының бірі цифрлік телефондық коммутаторлар құру болып табылады.
МТЖ екінші кемшілігі тек бір жылдамдықпен сол уақыт моментінде байланыс арнасы бойынша мәліметтерді беру мүмкіндігі болып табылады. Бұл кемшілік АҚШ-та 70-ші жылдары кабельдік телевидение коммуникациясын бірінші рет пайдалану арқылы өтті.
Желіге көшудің үшінші бағыты бірнеше үлкен ЭЕМ-дің бір-бірімен байланысын қамтамасыз ету үшін жоғары жылдамдықты шиналар құрылды.
Желі дамуының төртінші бағыты мәліметтерді өңдеуді жетілдіру болды. 80-ші жылдардың ортасына қарай ДЭЕМ пайда болуымен желінің барлық қарастырылған даму тенденциялары бір-біріне жақындай түсті, бұл қазіргі компьютерлік желілерді құруға әкелді.
Жасанды және нақты желілер
Желіні ұйымдастыру әдісі бойынша жасанды және нақты болып бөлінеді.
Жасанды желілер (псевдожелілер) компьютерлерді параллель порттар арқылы бірге байланыстыруға мүмкіндік береді және қосымша құрылғыларды қажет етпейді. Кей кезде мұндай желідегі байланысты ноль-модем (модем пайдаланылмайды) бойынша байланыс деп аталады. Қосылудың өзін ноль-модем деп атайды. Жасанды желілер бір компьютерден екіншісіне ақпаратты тасымалдау кезінде пайдаланылады. MS-DOS және windows ноль-модемдік қосылуды өндіру үшін арнайы программалармен қамтылған. Негізгі кемшілігі – мәліметтерді берудің төмен жылдамдығы мен тек екі компьютерді қосуға мүмкіндігі бар.
Нақты желілер коммутацияның арнайы құрылғысы көмегімен компьютерлерді байланыстыруға мүмкіндік береді.
Негізгі кемшілігі – қосымша құрылғыларды қажет етуі.
Барлық компьютерлік желілерді белгілер тобы бойынша классификациялауға болады:
1) Территориялық таралу;
2) Ақпаратты жіберу жылдамдығы;
3) Топология;
4) Компьютерлер арасындағы байланысты ұйымдастыру.
Территориялық таралу
Территориялық таралу бойынша желілер жергілікті, ауқымды және аймақтық болуы мүмкін.
Жергілікті – бұл 10 м2 көлемінде территорияны қамтамасыз ететін желі
Аймақтық – қала немесе облыс территориясында орналасқан
Ауқымды мемлекет немесе мемлекеттер тобы территориясында орналасқан, мысалы, бүкіләлемдік желі Internet.
Компьютерлік желілер классификациясы
Желі классификациясында екі негізгі термин бар: LAN және WAN.
LAN (Local Area Network) – тұйық инфрақұрылымы бар жергілікті желі. "LAN" термині кішкентай офистік желіні, бірнеше жүз гектар алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні сипаттауы мүмкін.
WAN (wide Area Network) – жергілікті желіні, сонымен қатар телекоммуникациялық желі мен құрылғыларды қосатын, үлкен географиялық аймақтарды біріктіретін ауқымды желі. Мысалы WAN – коммутация пакеттері (Frame relay) бар желілер, олар арқылы әртүрлі компьютер желілері өзара «сөйлесе» алады.
Сондай-ақ "корпоративті желі" термині әдебиетте бірнеше желілерді біріктіруді белгілеу үшін пайдаланылады, олардың әрқайсысы әртүрлі техникалық, программалық және ақпараттық принциптерде құрылуы мүмкін.
Жергілікті желілер жабық типті желі болып табылады, оларға кіру тек қана пайдаланушылардың шектеулі ортасына ғана рұқсат. Ауқымды желілер ашық болып табылады және кез келген пайдаланушыға қызмет көрсетеді.
Жіберу жылдамдығы бойынша
Ақпаратты жіберу жылдамдығы бойынша компьютерлік желілер төмен-, орташа- және жоғарыжылдамдықты болып бөлінеді.
-
төменжылдамдықты (10 Мбит/с дейін),
-
орташажылдамдықты (100 Мбит/с дейін),
-
жоғарыжылдамдықты (100 Мбит/с жоғары);
мәліметтерді жіберу жылдамдығын анықтау үшін желіде бод пайдаланылады.
Baud (бод)
Дискретті көшу немесе бір секундта болатын жағдайлар санымен өлшенетін сигналдарды жіберу жылдамдығының бірлігі. Егер әрбір жағдай бір битті көрсетсе, бод бит/сек эквивалентті.
Компьютерлік желілер топологиясы
Компьютерлерді желіге қосу әдісі оның топологиясы деп аталады.
Желі топологиясының ең кең тараған түрлері:
- шиналық топология [bus topology], онда кабель ЭЕМ-нен ЭЕМ-ге тізбектей байланыса отырып жүреді. Магистраль ретінде коаксиальды кабельді пайдаланады.
1 -сурет. Шиналық топология
- жұлдыз топологиясы [star topology] әрбір сервер мен жұмыс станциясы арнайы құрылғыға – орталық концентраторға [hub] қосылады.
Бір жұмыс станциясынан келетін кабельдің үзілген жері қалған жұмыс станцияларына әсер етпейді.
Егер желіде көп тораптар бар болса, сонымен қатар олардың бір-бірінен арақашықтығы үлкен болған жағдайда, жұлдық тәрізді топологияны пайдалануда кабель кететін шығын үлкен болады. Сондай-ақ, концентраторға кабельдің шектеулі саны ғана қосылуы мүмкін.
2 -сурет. Жұлдыз тәрізді топология
- сақина топологиясы. Бұл желіде мәліметтер бір тораптан екіншісіне жабық шеңбер бойынша беріледі.
Серверді пайдалану технологиясы
Серверді пайдаланудың екі технологиясын ерекшелейді: файл-сервер технологиясы мен клиент-сервер архитектурасы.
Бірінші модельде файлдық сервер пайдаланылады, онда көптеген программалар мен мәліметтер сақталады. Пайдаланушы талабы бойынша оған қажетті программа мен мәліметтер жіберіледі. Ақпаратты өңдеу жұмыс станциясында орындалады.
Клиент-сервер архитектурасында мәліметтермен алмасу қосымша-клиент (front-end) және косымша-сервер (back-end) арасында жүзеге асады. Мәліметтерді сақтау және оларды өңдеу күшті серверде жүргізіледі. Жұмыс станциясы тек қана сұраныстың нәтижесін алады. Ақпаратты өңдеу бойынша қосымшаны пайдаланушылар көбінесе осы технологияны пайдаланады.
Дәріс №7-8 Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
-
Ақпаратты өңдейтін және беретін WEB-технологиялар туралы түсінік.
-
WEB-технологияларының дамуының тарихи мәліметі.
-
WEB-қосымшаларының типтеріне шолу.
Дәріс №9-10. ГИПЕРМӘТІНДІК БЕЛГІЛЕУЛЕРДІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
-
Құжаттардың құрылымы.
-
НТМL тегінің топтары.
Құжаттардың құрылымы
HTML –да тегтік модельдер құжаттың белгілеулері болып табылады Тегтік модель құжатты тегпен басталып және аяқталатын контейнерлердің жиынтығы сияқты сипаттайды. Яғни НТМL құжаты қарапайым АSСII-файлы сияқты көрсетіледі .
Көбінесе НТМL құжаттарының тегтерін түсіну және қолдану оңай, өйткені олар ағылшын тілінің сөздерімен пайдаланылған қысқартуларды және белгіленулерді түсінеді. НТМL – тегі қажет емес тегтің атрибуттар тізімінен кейін болатын аттан құралады. Тегтің мәтіні бұрышты жақшалардан тұрады (< және >).Тегтің ең қарапайым оңай вариянты – бұрыштық жақшаларға негізделген аты. Мысалға: немесе . Қиын тегтер үшін, функцияның тегтерін видео өзгерту үшін автормен анықталған дәл мағынасы бар болатын атрибуттардың айырмашылығы сипатталады.
Тегтердің атрибуттары атымен жүреді және бір немесе бірнеше табуляциялардың белгілерімен біріншісі екіншісінен бөлінеді. Тегте атрибуттардың жазылу реті қажет емес. Атрибуттардың мағынасы, егер ондай бар болса, атрибуттардың атынан кейін тұратын теңдік белгісінен кейін тұрады. Егер атрибуттың мағынасы бір сөз немесе сан болса, онда оны қосымша белгілемей – ақ теңдік белгісінен кейін көрсетуге болады. Барлық қалған белгілеулерді бір (‘) немесе екі (“) тырнақшалармен аяқтау керек, әсіресе егер олар бірнеше пробелдармен бөлінген сөздерден тұрса. Атрибуттың ұзындығының мағынасы 1024 таңбамен шектелген. Атрибуттардың мағынасын айтуға болмайтын, тегтердің және атрибуттардың аттарында таңбалардың регистрі саналмайды. Мысалы, HREF атрибутының мағынасы ретінде басқа құжаттарда URL- ді енгізу кезінде керекті регистрді қолдану қажет.
Көбінесе НТМL-тегі арасында мәтін және құжаттардың басқа элементтері орнласатын бастапқы және соңғы компонеттерден тұрады.
Соңғы тегтің аты бастапқы тегтің атымен бірдей, соңғы тегтің алдына қисық сызық (/) таңбасы қолданылады. Мысалы : шрифт тегінің – курсив түрі үшін , оны жабатын қос былай белгіленеді - , ал тақырып тегі үшін <ТIТLЕ>, оны жабатын қос былай болады - ТIТLЕ> . Соңғы тегтер ешқашан атрибуттардан тұрмайды. Тегтер мағынасы әмбебап программалау тіліндегі тырнақшалардағы "begin/end" түсінігіне жақын.
Жазылған тегті қолдану кезінде құжатта ерекше назар аударып отыру керек. Соңынан бастап біріншісіне дейін жазылған тегерді жауып отыру керек. Кейбіреуі автономды элементтер болғандықтан НТМL-тегтерінің соңы элементтерден тұрмайды.Мысалы графикалық бейне құжатына қою үшін, бейне тегі қолданылады.Сондай-ақ автономды тегтерде жолдарды бөлу (
), көлденең сызық ( ) және қөрініс мазмұнына әсер етпейтін құжат туралы ақпараттан тұратын тегтер, мысалға: және .
Кейбір жағдайларда құжаттарда соңғы тегтерді жіберуге болады. Браузердің көпшілігі құжаттағы мәтінді Большинство браузеров реализованы так, что при обработке текста документа начальный тег воспринимается как конечный тег предыдущего. <Р>.
Ең көп таралған тег абзац тегі -
өйткені оны құжаттарда өте жиі қолданады, кейде оны әр абзацтын басына қояды. Бір абзац біткен кезде, келесі тег
браузерге: «Алдындағы абзацты аяқтап келесіні бастау керек» деп сигнал береді. Авторлардың көбі абзацтың соңғы тегін қолданбайды.
Басқада соңғы тегтер бар, браузерлер жақсы жұмыс істейтін. Мысалы НТМL-дың соңғы тегі . Дегенмен құжатты құруда шатаспау және қате кетірмес үшін соңғы тектерді мүмкіндігінше қолданып отыру керек.
Жалпы HTML форматында контейнерлерді құру схемасының жазылу түрі:
"контейнер" := <"тегтің аты" "атрибуттардың тізімі">
контейнер мазмұны " тегтің аты ">
НТМL тегінің топтары
Барлық НТМL тегтерінің тағайындалуы мен әрекеттесу орталарын келесі негізгі түрлерге бөліп көрсетуге болады;
-
Құжаттың құрылымын анықтайтындар;
-
Гипермәтін блоктарын өңдеу (параграфтар, тізімдер, кестелер, суреттер);
-
Гипермәтіндік сілтемелер немесе закладки;
-
Диалог ұйымдары үшін формалар;
-
Программаны шақыру.
Гипермәтіндік желінің құрылымы гипермәтіндік сілтемелермен беріледі. Гипермәтіндік сілтеме - бұл сілтемесі анықталған тематикалық, логикалық немесе құжатпен қандайда бір басқа тәсілмен байланысқан HTML құжатының басқа адресі немесе Internet – тің ақпараттық ресурсы.
WWW жүйесінде гипермәтіндік сілтемелерді жазу үшін, Universe Resource Locator деп аталатын арнайы форма өңделіп шығарылған. Бұл өңделген форманы қолдануды келесі мысалда көруге болады:
Бұл мәтін
Гипермәтіндік сілтеме - дан тұрады.
Жоғарыда көрсетілген мысалда HTML – де якарь (anchor) деп аталатын "A" тегін URL формасында бұл сілтемені жазу үшін, гипермәтіндік сілтемені (Hypertext Reference) білдіретін "HREF" атрибутын қолданады. Берілген сілтеме "polyn.net.kiae.su" желіде "http" протоколымен жүзеге асырылатын рұқсат "altai" директориясында "index.html" атпен жазылған құжатты көрсетеді.
HTML – гипермәтіндік сілтеме екі класқа бөлінеді: жалпы және контексті гиперметіндік сілтеме. Жалпы сілтемелер толықтай барлық құжаттармен байланысқан және құжатың кез келген фрагментін көру кезінде қолдану мүмкін уақытта, жоғардағы мысалда корсетілгендей, контексті сілтемелер құжат денесінде ендірілген. Стандартты тілде, оның пайда болған кезінен бастап екі класс сілтемелері бар, бірақ алғашқы кезден бастап әйгілі контекстік сілтемелерді қолданған.
HTML-құжатының құрылымы бірін-біріне қойған контейнерлерді қолдануға мүмкіндік береді. Құжаттың өзі – бұл тегінен басталатын және тегімен аяқталатын үлкен бір контейнер:
құжаттың мазмұны
HTML контейнері немесе гипермәтіндік құжат екі қойылған контейнерден тұрады: құжаттың тақырыбы (HEAD) құжаттың денесі (BODY):
Класикалық құжаттың қарапайым түрін қарастырайық:
Netscape Communication компаниясы фрейм организациясының мүмкіншілігімен құжаттың классикалық формасын кеңейтті, онда жұмыс терезесін бірнеше бағынышсыз фреймдерге бөлуге болады. Әр фреймда өзінің HTML беті жазылған.
Дәріс №9-10. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
1. Интернетте адрисация: ip-адресі және URL.
2. HTML тілі. Таңбалар, тегтер, элементтер, атрибуттар.
Дәріс №11-12. HTML ТЕГТЕРІ
-
Құжат бетінің тегі
-
Белгілеуді басқару тегі
-
Символдарды бейнелеуді басқару тегі
-
Бейнелеу формасын басқару тегі
-
Табуляция
-
Тізім
Құжат бетінің тегі
Әрбір құжаттың құрама бөліктерінде оның ішінде қолданылатын өзінің контейнер жинағы болады. Құжат денесінің контейнерлері тақырыпта немесе FRAMSET контейнерінде қолданылмайды. Контейнерлердің әрбір тобын толықтай қарастырайық.
HTML-HEAD құжаты тақырыбының контейнерлері
Құжат тақырыбы атрибутты қажет етпейді. Тақырып тегінің басты тағайындалуы – бұл барлық құжаттардың бейнелеу параметрлерін түгелдей сипаттау. Бұндай параметрлерге құжаттарды бейнелеу стилін, гипермәтіндік сілтеменің жалпы базалық адресін, жалпы гипермәтіндік сілтеме, идентификатор және құжат атын және т.б. жатқызуға болады. Біз тек қана жиі кездесетін контейнерлерді қарастырамыз.
TITLE
Такырып тегінде жиі қолданылатын құжат аты болып табылады.
TITLE келесі синтаксисті алады
Құжат аты
TITLE тегінің мазмұны құжат атының алаңында бейнеленеді.
BASE
BASE тегі URL формасында гипермәтіндік сілтеме көрсету формасымен байланысты. URL спецификациясы құжат адресатының екі формасын анықтайды: толық және толық емес. HTML URL адресінің толықтай формасын қолдануға рұқсат етеді. Сонымен спецификацияның екінші формасын қолдану үшін, оны басқа нәрсемен негіздеу керек, базалық адресті сұрау толық еместен URL-дің толық формасын қалыптастыруда қолдануға болады. BASE тегі осы базаны анықтауға мүмкіндік береді.
ISINDEX
HTML-құжатын кілттік сөз бойынша іздеу мүмкіндігі құжат тақырыбының ISINDEX тегі арқылы анықталады. Тілдің алғашқы версиясында берілген тег қосымша атрибут қабылдамады. Егер сервер кілттік сөз бойынша сұраныс жасайтын болса, онда ол автоматты түрде тақырыпқа ISINDEX тегін қояды. Кілттік сөз тізімін клиент құжат адресіне “?” символдан кейін жазады. Тілдің алғашқы версиясында өңдеу программасын көрсету және “SEARCH ISINDEX” стандартының орнына сөйлемді сұрау мүмкіндігі туды.
http://polyn.net.kiae.su/cgi-bin/search
PROMPT=”Enter Keywords:”>
Көрсетілген мысалда HREF атрибуты сұранысты өңдеу программасының адресін анықтайды, ал атрибут PROMPT – шақыру мазмұнын анықтайды.
META
META тегі HTML спецификациясында жоқ құжат тақырыбының конструкциясын анықтау үшін қажет. Ол үш атрибут қабылдайды: NAME, CONTENT, HTTP-EQUIV. Берілген тексті қолдану қиындығы, осы тег арқылы еңгізілетін конструкцияны интерпретациялау үшін, сервис немесе интерфейс қолданушылар осы конструкцияны кеңейтуі және қолдануы керек. Осындай жұмыс түрі үшін программа SGML конструкциясын түсіндіріп беру (интерпретировать) керек. Берілген тегті тәжірибеде қолданудың бірден-бір түрі тақырыпқа анықталған HTTP-EQUIV атрибуты арқылы протокол бойынша HTTP ақпаратын қосу.
< META HTTP-EQUIV=”Keywords”
CONTENT=”Plasma, Nuclear Physics”>
Осындай қолдану кезінде почтаны жіберуге ыңғайлы болу үшін, HTTP-пакет тақырыбында мынадай жолдар қосылады: Keywords: Plasma, Nuclear Physics.
Құжат денесінің тегі.
Құжат денесінің тегі интерфейстік қолданушы программасында ақпаратты көрсетуді басқарады. Олар мәтінде тізілген контекстік гипермәтіндік сілтеме көмегімен деректер базасының гипермәтіндік құрылымын бейнелейді. Құжат денесі тұрады:
-иерархиялық контейнер және заставка;
-тақырыптар (Н1-Р6 дейін);
-блоктар(параграфтар, тізімдер, формалар, кестелер, суреттер және т.б.);
-көлденеңінен белгілеп алу және адрестер;
-мәтіндер, стильдерді жүргізу облыстарына бөлінген(сызылған, белгіленген, курсивті);
-математикалық бейнелеу, графиктер және гипермәтіндік сілтеме;
BODY
Құжат денесінің тегін бейнелеу BODY тегі арқылы бастап жазылады. HEAD тегінен айырмашылығы, BODY тегі атрибут қабылдайды:
ID-тег идентификаторы. Тегті атау үшін, сол сияқты гипермәтіндік сілтеме бойынша нүктелік ауысу түрінде қолданылады. Берілген атрибут құжат бетінің барлық тегінде бар.
LANG-екісандық ISO-639 код түрінде құжат тілін анықтайды, нүктеден кейін міндетті емес ISO-3166 форматында қала коды алынады. Тіл стандартын құраушылардың ниеті бойынша берілген атрибут түсіндіру программасын тану және көптілді мәтінді бейнелеуді басқару керек. Сонымен қатар Arena да, арнайы HTML 3.0 иллюстрациялау үшін арналған, ол осы мүмкіндікті іске асырмайды.
BACKGROUND-құжат мәтінін бейнелейтін фонды анықтайды, мысалы, HTML-құжатында фон ретінде үлкен емес графикалық кескін ”bgr.gif” қолданылады.
< BODY BACKGROUND =”bgr.gif”>
Осы мысалда көрсетілгендей, берілген атрибуттың мәні ретінде URL формасында қысқартылған адрес қолданылады. Бұл локальдық файл адресі.
Белгілеуді басқару тегі
Тақырыптар.
Тақырыптар құжаттың бастапқы бөлімін қарастырады. Стандарт бойынша тақырыптың алты деңгейі анықталған: Н1-ден Н6-ға дейін. Мәтін, <Н1>Н1> тегімен қоршалған, үлкен көлемде болады-бұл басты тақырып. Егер мәтін <Н2>Н2> тегімен қоршалса, онда ол бірнеше есе кішірек көрінеді; ішкі мәтін <Н3>Н3> одан да кішірек және ары қарай <Н6>Н6> дейін. Кейбір программалар тақырыптың көп санын қолдануға мүмкіндік береді, бірақ та үш деңгейден көбі сирек кездеседі, ал бестен көбі тіпті сирек кездеседі.
ALIGN атрибуты.
ALIGN атрибуты мәтінді сол жақ шетке, оң жақ шетке, ортаға және ені бойынша теңестіруге арналған. Үнсіздік бойынша мәтін сол жақ шетке қарай теңестіріледі. Берілген атрибутты сол сияқты кестеге және графикке қолданамыз.
Келесі кесте ALIGN атрибутының мүмкін мәнін анықтайды.
Мән
|
Қолданылуын сипаттау
|
Left
Right
Justify
Center
|
Сол жақ шетке теңестіру
Оң жақ шетке теңестіру
Сол және оң жақ шетке теңестіру
Ені бойынша теңестіру
|
Justify мәні интерпрпетацияның барлық программаларында іске асырылмаған.
ALIGN атрибутының көмегімен сіз мәтінді графикалық объектінің айналасында <орналастыруға> болады. Ол үшін тегін графикалық объект тұратын жерге апарып қою керек және ALIGN=LEFT, ALIGN=RIGHT және ALIGN=CENTER атрибутын қосу қажет. Одан басқа HSPACE= және VSPACE= атрибутының (олар төменде сипатталады) көмегімен бейнені мәтіннен айыратын тік және көлденең алаң ұзындығы сұралады. Сонымен қатар бейненің айналасына рамка құруға және кестені мәтінмен жиектеуге болады.
Жалпы айтқанда, CLEAR барлық блоктық тегтер үшін жалпы болып табылады, бірақ та барлығына да іске асырылған жоқ.. CLEAR келесі мәндерді қабылдайды:
Мәні
|
Тағайындалуы
|
Left
|
Беттің сол жақ шетінде орналасқан суретті өткізу
|
Right
|
Беттің оң жақ шетінде орналасқан суретті немесе кестені өткізу
|
All
|
Суреттің немесе кестенің алдында тұрған мәтінді үзу және төменде жалғастыру
|
CLEAR атрибутында сандық мәнді де көрсетуге болады:
тегі
Жолдың аударылымы мәтінді бейнелеудің стандарттар ретін бұзу үшін қолданылады. Интерпретацияның қарапайым режимінде қолданушының интерфейс программасы мәтінді автоматты түрде жолдарға бөлу арқылы жұмыс терезесінде көрсетеді. Бұл режимде мәтінде бар болған соңғы жол ескерілмейді. Кей-кезде үлкен айқындық үшін басуды жаңа жолдан бастау керек. Ол мақсатта
тегі қолданылады.
тегіндегі CLEAR атрибуты көрсетілген нүктеде объектіні мәтінмен көрсету (обтекание) үшін және содан кейін мәтінді объекттің ар жағында бос областа жалғастыру үшін қолданылады. Объекттің ар жағында жалғасып жатқан мәтін CLEAR атрибутында LEFT, RIGHT және ALL мәндеріне сәйкес тегістеледі
|
Мәтін сол жақтағы жақын арадағы бос алаңнан бастап жалғастырылады
|
|
Мәтін оң жақтағы жақын арадағы бос алаңнан бастап жалғастырылады
|
|
Мәтін сол және оң жақтағы алаң бос болғанда жалғастырылады
|
тегі
тегі (No Break, үзіліссіз) браузерге барлық мәтінді бір жолда үзіліссіз бейнелеуге нұсқау береді. Егер тегінде бекітілген мәтін экранға сыймаса, браузер құжат терезесінің төменгі бөлігіне горизонтальды айналдыру жолағын қосады. Егер сіз айкын жерден жолды алып тастағыңыз келсе, сол жерге
тегін қойыңыз.
Символдарды бейнелеуді басқару тегі
Бұл тегтерді екі классқа бөлуге болады: бейнелеу формасын басқару тегі (font style) және ақпарат типін сипаттайтын тегтер (information type). Әртүрлі тегтер бейнелеу кезінде бірдей нәтиже көрсетеді.
Бейнелеу формасын басқару тегі
Курсив, асты сызылған, жоғарғы индекс, төменгі индекс, үлкен шрифт, кіші шрифт, қызыл, көк, әртүрлі комбинациялар – бетті көркемдеуге және функциональдауға мүмкіндік береді. Internet Explorer және Netscape Navigator Face= атрибутының көмегімен шрифты анықтауға болады. Енді бір бетке бірнеше шрифт түрлерін біріктіруге болады.
SIZE=атрибуты
тегіндегі SIZE=атрибуты берілген областа мәтін мөлшерін сұрауға мүмкіндік береді. Егер сіз барлық беттің шрифт мөлшерін беру үшін тегін қолданбасаңыз, онда үнсіз келісім бойынша 3 алынады.
және тегтері
және тегтері арасында орналасқан мәтін сәйкес келеді.
COLOR=xx атрибуты
Егер біз өз бетімізді одан әрі безендіргіміз келсе, онда тегіндегі COLOR= атрибутын қолдануымызға болады және басты шектеу компьютердегі қолданушылардың түстер палитрасы болады. Әзірше тек қана танымал браузерлердің шрифт түсін бейнелейді.
тегін шрифт түсін ауыстыруға қолданады.
Бейнелеу формасын басқару тегтері
Тегтер
|
Мәні
|
…..
|
Курсив (Italic)
|
…
|
қою (BOLD)
|
…
|
Телетайп
|
…
|
Асты сызылған
|
…
|
Сызылған текст
|
…
|
Үлкейтілген фонт
|
…
|
Кішірейтілген фонт
|
…
|
Жолма-жол символдар
|
…
|
Жол үсті символдар
|
Ақпарат типін сипаттайтын тегтер
Тегтер
|
Мәні
|
…
|
Типографиялық қою
|
…
|
Цитата
|
…
|
қою
|
…
|
Мысал кодын көрсетеді (мысалы, программа коды)
|
…
|
Клавиатура арқылы символдарды еңгізу мысалы
|
…
|
Айнымалылар
|
…
|
Анықтау
|
…
|
Жақшаға алынған мәтін
|
Осы тегтерді қолдану кезінде, олардың бейнеленуі программа-интерфейсін қолданушылардың жөнге келтіруіне байланысты екенін ұмытпаған жөн, олар гипермәтіндік программа құрушының жөнге келтіруімен сәйкес келмеуі де мүмкін. Интерфейс жөнге келтірулерін айырбастау стильдерін қолдану, казіргі кезде проблемалық болып келеді.
тегі
(Definition List: ) тізіміндегі тегті қолдану қарапайым мәтіндік редакторда шегіністі қолдануды еске түсіреді. тегі мәтінді форматтау үшін құрылған, оңға қарай үлкен шегініс арқылы анықталады. тегі номерсіз шегінетін жеке абзацтар және маркерлер құруға арналған. Шегініс ол жақтан басталады. Егер сіздің бетіңізде бірнеше тегі бар болса, онда мәтін ақырын оңға қарай жылжи бастайды. Анықтау соңында жабылған тегін қойыңыз. Ұмытпаңыз, тегі тек қана абзацтың сол жақ шекарасын жылжытады.
Табуляция
Бұл құралдардың қажеттілігі бұрын пайда болды, тек жақында ғана құрастырушылар ұсынды. Табуляцияны бірнеше тәсілмен беруге болады.
Ең қарапайым, тегін жазу, онда n жаңа абзацтың алдындағы n-бос орындар санын анықтайды. n-бос орын – өлшеудің типографиялық бірлігі, сіз қолданатын шрифтағы n әріпінің енімен бірдей. Соған сәйкес тегі ені 4 n-бос орын болатын табуляция символын алады.
Егер сіз бірнеше орынға берілген мөлшерде табуляция символын қолданғыңыз келсе, онда оның мөлшерін беретін орынға тегін ID= атрибутымен бірге қойыңыз, мысалы, соған сәйкес:
Енді беттің кез-келген жеріне жазса жеткілікті, және табуляция символы TABONE тең болады. Сәйкесінше TABTWO, TABTHREE, TABFOUR ұқсас тілімен құруға болады.
тегін мәтінде және графикте орналастыруда қолдануға болады.
Тізім
Тізімдер мәтін құрылымының негізгі құралдары болып табылады және белгілеулердің барлық тілдерінде қолданылады. HTML-де келесі тізім түрлерінен тұрады: номерленбейтін тізім (реттелмеген), номерленетін тізім (реттелген) және анықтамалық тізімі. Номерленбейтін тізім тегі (Unordered Lists ) және номерленетін тізім тегі (Ordered Lists ) – бұл HTML негізі. HTML номерленбейтін тізімде маркердің әртүрлі типін таңдауда тізім тегіне бірнеше атрибуттар қосады. Тізім ортасындағы маркер типін ауыстыру үшін мынадай - (List Item) тегіне атрибут қосуға болады. Жаңа атрибут пайда болған кезде, тізімде қалған маркерлер де осындай түрді алады.
Номерленбейтін тізім. Номерленбейтін тізім мәтін типін құруға арналған.
тізімнің бірінші элементі
тізімнің екінші элементі
тізімнің үшінші элементі
Берілген тізім келесі түрде жазылады:
- тізімнің бірінші элементі
- тізімнің екінші элементі
- тізімнің үшінші элементі
тегі – бұл номерленбейтін тізімнің басы және соңы, - (List Item) тегі тізім элементінің тегін береді. Осы тегке қосымша, тізімді атауға арналған - LH (List Header) бар. Келесі түрдегі номерленбейтін тізімді бейнелейтін мысал келтірейік:
тегі
Горизонтальды сызып алу (horizontal rule) құжатты бөлікке бөлу үшін қолданылады. Бір ғана тегі арқылы бетке мүлдем өзгеше түр беруге болады. тегін тәжірибеде көріңіз және сонда сіз қолданып жүрген сызықтан өзгеше сызық аласыз.
тегі
Форматтаусыз мәтінді бейнелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |