«Wi-Fi роутердің бала денсаулығына зияны мен салдары»


Wi-Fi желісінің жұмыс істеу принципі



бет2/4
Дата19.05.2023
өлшемі332.5 Kb.
#473990
1   2   3   4
Алия А Жоба 1 класс

Wi-Fi желісінің жұмыс істеу принципі
Ұялы телефондардан бөлінетін сәулеленудің зияны жайлы көптеген мәселе қозғалғанымен, оның денеге әсері әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Өйткені біз мұндай гаджеттер мен сымсыз желілерді қолданып жатқанымызға аз уақыт болды. Бұл технологиялар адам ағзасына қаншалықты зор әсер ететінін түсіну үшін көбірек уақыт керек.
Электромагниттік толқындар мен олардың адам миына әсері жайлы ғылыми зерттеулер бар. Шынында, өсімдіктердің өсуін тежейтін және адам миының қабілетін төмендететін жасушалық деңгейде өзгерістер жүреді.
Wi-Fi құрылғылармен жұмыс істейтін адамдар Wi-Fi толқындарының ағзаға тигізетін теріс әсерін төмендету үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нақты нұсқаулықтарды ұстанады.
Wi-Fi-дың зиянын қалай төмендетуге болады?
*Wi-Fi-ді ешкім қолданбай тұрған кезде немесе түнде роутерді әрдайым өшіріп жүрген жөн;
*Телефонды ескі, сымдық телефонға ауыстырыңыз, сымсыздан бөлінетін сәулелену де миға теріс әсер етеді;
*Wi-Fi роутер ас үйде, балалар бөлмесінде немесе жатын бөлмеде болса, оны басқа жаққа қойыңыз. Бұл құрылғы адам аз болатын бөлмеде тұруы тиіс;
*Сымсыз желінің өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығына жанама әсерін барынша азайтыңыз: көбірек таза ауада болыңыз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жаңалықтар таспасын оқып отырғанша қағаз кітаптарды оқыңыз.
Әрдайым электромагниттік толқын аймағында жүретін адамның ағзасы қалай өзгеретінін байқау үшін бізге шамамен 30 жыл уақыт керек. Бас ауруы, алаңғасарлық, ұйқысыздық, әрдайым болдырап жүру сынды жағымсыз күйге осы технологиялардың әсері себеп болуы мүмкін.
Біздің ұялы телефондарымыз бен планшеттер де интернетке қосылу қызметін атқара береді. Бұл бағдарлаушы құрылғылар WLAN – электромагниттік толқынды таратады. Бұл адам денсаулығына үлкен зиян әкелуі мүмкін. Біз бұл жағдайды жете білмегендіктен, мән бере бермейміз. Ұлыбритания денсаулық сақтау агенттігі жүргізген зерттеу де мұны дәлелдей түсті. Wi-Fi бағдарлаушы құрылғыларынан шыққан сәуле адам мен өсімдіктердің өсуіне кедергі жасауы мүмкін екен.
Wi-Fi әсерінің зардаптары:
*Шаршай беру;
*Құлақ ауруы;
*Тепе-теңдік жетіспеуі;
*Жиі бас ауруы;
*Ұйқысыздыққа ұрыну.
Біздің технологиясыз өмір сүре алмасымыз белгілі. Бірақ, бізге аталмыш техникалардан келетін зияндардан қалай қорғанудың жолын білу аса маңызды. Осы ретте Wi-Fi толқындарынан қорғанудың мынадай жолдарын біле жүру керек:
*Wi-Fi – ды ұйықтар алдында сөндіріп тастаған жөн;
*Wi-Fi пайдаланылмайтын кезде де, оны ажырата тұру керек;
*Үйдің сымсыз телефонын ескі сыммен жалғанатын құрылғыға ауыстырған дұрыс;
*Wi-Fi бағдарлаушыны жатын бөлмеде және асүйде қолданып қосуға болмайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет