«Wi-Fi роутердің бала денсаулығына зияны мен салдары»


Сапалы білім алсын десеңіз



бет4/4
Дата19.05.2023
өлшемі332.5 Kb.
#473990
1   2   3   4
Алия А Жоба 1 класс

Сапалы білім алсын десеңіз...
Ұялы телефон мәселесі мұғалімдерді де мезі еткен. Үздіксіз телефон қоңыраулары сабақ барысына көп кедергі келтіретінін жасырмайды. Оқушылар сабақ уақытында да, үзіліс кезінде де телефоннан бас алмайды. Неше түрлі сайттарға кіріп, ұятты суреттерді көреді екен. Әлеуметтік желілерден шықпайды. Сабақ үстінде ұялы телефон, смартфон, планшет ұстауға мүлде тыйым салу керек деген ұсынысты мен қолдаймын. Айфон ұстайтын оқушылар да бар. Мектепке келген соң, бала дәріс тыңдауы тиіс. Бірі ән тыңдайды, екіншісі кино көреді, ал үшіншісі әлеуметтік желіде отырады. Мұндай жағдайдан кейін сапалы білім туралы айтудың өзі қиын ғой. Сосын телефоны жоғалып, бірін-бірі ұры көреді. Мұның сенімге селкеу түсіретіні бар. Ата аналардың көпшілігі балалардың мектепке телефон ұстап баруына қарсы. Баланың жағдайын білгісі келсе, мектепке бару қиындыққа соқпайды. Мұғаліміне де хабарласуға болады. Сабақ кезінде баланың көңілі бөлінбей, білім алуы керек деп есептеймін. Балалардың еркеліктеріне мойынсұнбау қажет. Ата-ананың әрбірі келіскен жағдайда мұндай бастама құптарлық. Айта кетейік, әлеуметтік желілерде мектеп оқушылары хитке айналған әнге билеп, оны ұялы телефонға түсіріп алған бейнежазбасы тарады. Онда қыздар поп-жұлдыздарға еліктеп, ұзын көйлектерінің етектерін түріп пародия жасаған. Ал, музыкалық құрал ретінде сыпырғы, шүберек және елінің жалаушасын қолданған. Бұл билік басындағылардың шамына тиіп, қазір прокуратура оқушылардың ұялы телефондарын жаппай тексеруде. Ол оқушылардың ата-аналары ескерту, ал, мектеп басшылығы сөгіс алған. Осыған орай, кейбір қалалардағы мектеп басшылығы білім ордасына телефон әкелуге мүлдем тыйым салып та жатыр.
Бір кездері арман болған ұялы байланыс телефондары бүгінде балаларымыздың қолында қос-қостан жүр. Көзін тырмалай ашып, телефонға қол созып, жастанып ұйықтайтын әдет пайда болды. Мұның бала тәрбиесіне, дамуына және денсаулығына кері әсері жайлы ойланатын уақыт келді. Есте сақтау және танымдық қабілетіне әсер етіп, бала ашушаң, тез шаршағыш болады екен. Тәрбиелеп, өсіріп отырған ұл-қызымыздың болашағымыз екенін ескеріп, жүріс-тұрысын назарда ұстайық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет