Xiх ғасырдағы қазақ әдебиеті Сымбат Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»


Ақылбай Абайұлының «Дағыстан» дастаны



бет15/27
Дата09.12.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466924
түріПоэма
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
19 Ғасыр сессия толық

Ақылбай Абайұлының «Дағыстан» дастаны

Ақылбай – Абайдың өзінің баласы. Абайдың алғашқы әйелі – Ділдәдан, әкесінің он алты жасында туған.
Алғашқы балалық шағын және жігіттікке жеткен кезін Ақылбай өз әкесінің үйінде өткізбейді. Үлкен әкесі – Құнанбайдың кенже баласы атанып, оның төртінші әйелі, ең соңғы тоқалы – Нұрғанымның қолында өседі.
Осындай тәрбиелік жағдайының есебінен Ақылбай Абайға көбінше іні есебінде қарап өскен. Абайдың анық ұлғайып, үлкен білім иесі, атақты ақын болған кезінде ғана Ақылбай оның өз тәрбиесіне ауысады. Бірақ жас кезі, жігіттік шағы Абайдай әкеден аулақта өткендіктен, Ақылбай орысша оқи алмай қалған. Оның оқу-білімі, ауылда оқыған мұсылманша, ескіше оқудың орташа дәрежесі болады.

Ақылбайдың ақындық атын тарихта қалдырған оның поэмалары. Ақылбайда бізге мәлім ондай поэмалар үшеу. Ол: «Дағыстан» (Кәрі Жүсіптің»), «Зұлыс», «Жаррах батыр».


«Дағыстан» поэмасының тақырыбын ақын шәкірттеріне Абай өзі ұсынады. Бұл поэманы жазуға Ақылбай, Мағауия, тағы бірер шәкірті кіріседі. Поэманы бәрінен бұрын жазып шығып, оқыған Ақылбай болады. Ақылбай жазған «Дағыстан» Абайға және барлық ақын шәкірттерге ұнайды да бұл тақырыпты меңгерген Ақылбай деп ұйғарады.
Ақылбай жас кезінде төрт-бес жыл Құнанбай ауылының молдасынан ескіше оқып хат танығаннан басқа, ұзап оқымаған. Абайдың үлгі-өнегесімен Ақылбай заманының саналы азаматы, әдебиетке шын берілген ақын болады. Абайдың әдебиет, өнер-білім жайындағы, адамгершілік, мәдениет жайындағы өсиеті Ақылбайдың дүниеге көзін ашады. Әсіресе, орыс мәдениетінен өнеге алуы, орыс әдебиетінен үлгі алып өсуі, ақындық талантына кең жол ашады. Ақылбай Абай өсиетін тыңдап қана емес, өз бетімен орыс ақындарын оқуға, терең түсініп ұғуға қолы жетеді. Пушкин мен Лермонтов Ақылбайдың сүйікті ақындары болады. Осындай ұлы ақындарды оқып, өнеге алған Ақылбай қазақ әдебиетінде тұңғыш Кавказды жырлаған ақын.
Дағыстан» поэмасы адам образын көрсетуде, қызық оқиғалы тартыс түйіндерін туғызуда өте шебер қалыптанған. Бұнда Жүсіптің жас жігіт кезінен басталатын бір тартыс бар. Оның есебі қызғаныш болатын. Жүсіп қызғаныштың үстіне жазықсыз жақсы жігіт, ер, мерген Ыбырайымды қапыда өлтірген. Ыбырайымның шешесі де баласының қазасынан қиналумен өледі. Бірақ Жүсіпті қарғап өледі. Содан кейін ұзақ мезгіл өтеді. Жүсіп үйленіп, одан бес ұл туады. Және сол бес ұлдың ортасындағы жалғыз гүлі – Зайра сұлу өседі. Осылайша, Жүсіп тірлігі толықсып, бағына жеткен шағында баяғы өлген кемпірдің қарғысы енді келе бастайды.
Содан поэманың ішінде қызық әңгімеленген тартыстар арқылы Жүсіптің бес ұлы қаза болады. Ең соңында Жүсіптің қан кегін қуған қызғанышы арқылы қызы Зайра және өлімші боп жатады.
Сол ең соңғы қалған жалғыз нәсілінің өлім шағында, Жүсіп кешірім сұраған. Бірақ махаббаты үшін шерленіп, өлім халіне жеткен Зайра әкесіне кешпей жатыр. Поэманың басында қайғылы Жүсіптің өкінішпен жылап отырған себебі осы еді



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет