Xiх ғасырдағы қазақ әдебиеті Сымбат Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»



бет18/27
Дата09.12.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466924
түріПоэма
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
19 Ғасыр сессия толық

Ақын Сара жайлы не білесің?

Арынды Ақсу өзенінің бойын жайлаған елде Тастанбек деген орта шаруаның отбасында Сара 1878 жылы өмірге келіпті. Небәрі үш жасында әкесінен айырылып, он жасар ағасы Сахария және қартайған анасы Жаншөке (Жанөкше) үшеуі ғана қалады. Оларға әкесінің емшектес інісі Жайсаңбек қамқоршы болып, төртеуі тағдырдың жазғанына көніп, ағайынды паналап, күнелтеді. Сол бір күндерді ақын Сара «Құдай-ау, әкемді алдың туа сала, Атан­дық жесір қатын, жетім бала.Тезегін теріп елдің, отын жақтым, Жоқ болып босағамда жалғыз қара» деп бір шумақ өлеңмен өріп береді. Бірақ асылдың сынығы мойымайды. Алладан амандық­тарын тілеп, әр күніне, атқан таңына тәубе айтып, қатықсыз қара суды қанағат тұтып ел ішінде жүре береді. Құдайдың құдіретіне шек бар ма. Тұла бойындағы тума таланты уақыты келгенде жарып шығады. Ен далада тезек тере жүріп айтқан әндерін біртіндеп жусан шауып, суға барған қыз-келіншектердің арасында шырқай бастайды. Тіпті, олардың салған әндерін сол заматында-ақ қағып алып, қайта айтып та беретін зеректігімен де ерекшеленеді. Зерделі қыз арғы-бергіні таразылай келе әрі кәрі шешесін ойлап мұңайып та жүреді. Тұрмыс тауқыметінің ауырлығынан көпшіліктен жырақ қалған жетім қыз енді ел аузына ілініп, жиын-тойға шешесін ілестіре барып, азды-көпті қошеметке бөлене бастағанымен, шерлі жанның көңіл серпілтер сол күндері көпке созылмайды.



  1. Біржан Сара айтысы туралы айт

­паздығымен елінің еркесіне айналған Сараның нағыз бабына келген кезі болса керек. Тек ішіндегі жегіқұрттай жеген Жиенқұлдан қалай құтылудың қамы ғана алға басқан адымын тежей беретіні бар. Сондай қиналған сәттерде анасы Жаншөке қамыға өксіген қызын жұбатып «Кетесің жылай берсең қор болып, жасып, Қорлықтан құтылмайсың бүйтіп қашып. Онан да құтыларлық жолыңды ізде. Ақылың мен қайратың судай тасып» деген ақылын өлеңмен өрнектеп айтатын көрінеді. Бұл ақыл зерделі жанның ішкі ойын толқыта ширықтыра шабытын шақырар алапат күштің жолын ашса керек. Сараның құлақ құрышын қандыра айтылған пайымды да парасатты жыр шумақтары жұртшылыққа ой салса керек, ақық, моншақ, жібек шәлі, шәйі көйлек, қамзол тігетін қатипа әкеліп беріп көп түкірсе көл болатынын бір дәлелдеп тастайды. Сөйтіп, барды ұқсата алатын ісмерлігімен өз киімін өзі тігіп, белін қынай оқалы қамзол, кеудесіне, басына үкілі кәмшат бөрік киіп сылана шыққанда, нұр төгіле жайнаған жүзін оң жақ бетіндегі мойылдай қара меңі әрлендіре түсетінін көз көргендер айтып, хатқа түсіртіп кеткенін: «Кірі жоқ отыз тісім меруерттей, Ерінбей тіздіргендей адамзатқа-ақ. Мойным сұңғағындай жүзген қудың, Лебізім шырынындай шербет судың. Қаққанда төңкерілген қас бітісім, Ашылған айбатындай жібек тудың» деп, ақын Сара Біржан салмен айтысында өзін суреттеп, толықтыра түседі.


Біржан-Сара айтысының бірінші нұс­қасы Қазан қаласындағы Импера­тор­лық университеттің типо-литографиясында 1898 жылы Жүсіпбек қожа Шайқысламұлы жазып алып бастырған алғашқы үлгісімен салыстырылып, түзеті­ліп тасқа басылған. Сол жазба Алма­тыдағы «Жазушы» баспасынан 1985 жылы Сайлаубай Қайнарбаев құраст­ыр­ған «Ақын Сара» атты кітапқа енгізі­ліп, қайта басылса, екінші нұсқасы Зайсан қаласынан Қазан қаласындағы типо-литографиясына 1899 жылы жіберіліп, сол жылы жарық көрген. Бұл кітаптан тыс ақын Сара туралы жарық көрген кітап­тар да баршылық. Сол туындыларды ой елегінен өткізе отырып көкейге бір түйгеніміз, Біржан сал келе жатыр деген дақпыртты алдын ала естіген ел айтысты тыңдауға дайындалса керек. Өйткені, ақын Сара ауылдан саба артып жайлауға жылжыған жеңгелеріне ілесе Тұрысбектің үйіне келгенінде Біржан сал аттан түспей әнін әуелете ақын Сараға бірден тиісе, өлеңін бастап жібереді. Сонда қыз «Кісі екен отыз екі жолаушымен, Ақ үйдің жабығынан көрсем санап» деп тыңдарманын хабардар етеді. Айтыскерлер Арғын мен Найманның жақсы-жайсаңдарын да өлеңге қосумен қатар, қыз назын да ұмыт қалдырмайды. Ең бастысы, Біржан сал ақын Сараны малға сатқан Есімбек пен Тұрысбекті сынай келе қажыға: «Сараны Жиенқұлға бере көрме, Қыз түгіл ер құнына келер шамаң. Бар болса сүйегіңді ойларсыңдар, «Өлі тілін тірі алмас» деп, жалпы жа­­миғатқа, әлбетте, елдің жақсы-жайсаң­дарына елдіктің, азамат­тық­тың белгісін білдіре айтысты түйін­дейді.
Біржан сал мен ақын Сараның айтысы ел ішіне тез тарайды. Құймақұлақ жандар «Біржан сал былай дегенде, ақын Сара бүйтіп айтыпты» деген дәлелдерін де төгілтіп жүреді. Ел ішінде ақын Сараның басына бостандық беру туралы мәселе өткір көтеріліп, қызу талқыға түсе бастайды. Сонда халық сөзін қолдап Есімбек бай, Мүсәпір батыр, Дубек болыс сынды беделді жандар салиқалы әңгіме қозғауға кіріседі. Түптеп келгенде, ақын Сараның тағдыры бір ғана Тұрысбек қажының қолында тұрады. Әрісі, орыс, өзбек, қытай саудагерлерімен араласа дәулеті тасып, қазақ даласында «Мамания» мектебін ашқан Маман-Тұрысбек тұқымдары ойлана отырып 1896 жылы ақын Сараны сұрықсыз Жиенқұлдан құтқарады. Бұл бақытты ақын Сара бағалай білді. Өмір бойғы арманыма қол жеткізуіме әуелгі кезекте Алла себепші болса, екінші – өнерім деп біліп мойны ұзын, шанағы кең ақ домбырасын қолынан тастамады. Көркіне ақылы сай, ең бастысы, өнерімен өрлеген басы бос бойжеткенге ынтыға дәмеленгендер саны күн санап арта берді. Сый-сияпатқа жеңгелері де, ауылдастары да қарық бола бастады. Мұны байқаған ақын Сара іштей қуанып, «кезінде елім­нен алғанымды өнерімнің арқасында қайтарғаным» деп те бағалады. Ең бас­тысы, өтпелі өмірдің сәттік қуанышына бөгеліп, масаттанбай отау иесі болып, ана атануды ойластырды. Сұңғыла жан жүрек қалауына ерік беріп, өзінен сегіз жас үлкен Бекбай деген азаматқа жар болды. Бұл таңдауды өмірлік қосағының анасы «ақын Сара менің баламның байлығына қызыққанынан емес, тектілігін танып білгендіктен келісімін берді» деп бағалады. Тағы бір баса айтар жайт – ақын Сараның өнеріне жұбайы кедергі келтір­меді. Қайта қошеметтеп ел шақырған той-томалаққа ақын Сараның атын ерттеп беріп, ақ домбырасын алдына өңгеріп ер азаматы бірге баратындығын көнекөздер айтады

XIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті


Томирис

  1. Ақын Сараның Біржаннан жеңілу себебін түсіндір?

Біржан мен Сара айтысының тақырыбы – әйел теңдігі. Айтыста феодалдық заманның қатал да ащы шындығы бейнеленген. Қазақ әйелдерінің аянышты, қайғылы халі суреттелген. Қалың мал – қазақ әйелдерін шырмаған ескіліктің мықты торы, айтыста сол қырсықты ескі әдет-ғұрыпқа, салт-санаға наразылық білдіріледі. Біржан Сараның осындай аянышты халіне күйінеді. Ақын қыз сол кездегі әйелдердің ауыр тұрмысын, әйелді тұтқын еткен дін тұзағына да наразылығын білдіреді.
Айтыстың негізгі өзегі әйел бостандығы болса да, мұнда айтыстың дәстүрлі әдісі бойынша, өз рубасыларын, би-болыстарын дәріптеу, мадақтау сияқты қайшылықтар да кездеседі. Соның өзінде де Біржан сөздерінде жаңа бағытқа аз да болса талпыну бары байқалады.
Халық айтыстары, негізінен, екі ақынның бір-бірінің қай жағынан болсын кемшілігін табуға құрылады. Бұл әдіс Біржан мен Сара айтысында да бар. Біржан Сараны сүріндіру үшін оның күйеуінің нашарлығын тілге тиек етеді. Ақыры, сол Жиенқұлдың айналасынан ұзатпай, Сараны жеңеді.

  1. Базар ақынның шығармашылығы

Базар өлеңдерінің бір қатары «XVIII-XIX ғасырлар ақындары шығармалары» (1962) мен «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1989) жинақтарына да енді. Ақынның тұңғыш шығармалар жинағы 1986 жылы жарық көрді.Базардың аты қазақтың көп жеріне таныс. Арқа мен Сыр бойында оның сөздерін білетіндер көптеп кездеседі. Мысалы: Жұмақымет, Сүйкімбай сияқты жыраулар Базар жырларын жақсы жырлайды.Базардың өлеңдері алуан салалы. Ақын өзінің жеке басына байланысты мәселелерден бастап, ел жайын, батырларын, өткен кеткенін, жақсы жаманын, жастар жайын кең толғайды. Солардың ішінде «Халық үшін туған қайратты ер», «Жігіттік», «Жиырма бес», «Назекеңе», «Ғашық жарым», «Дүние», т.б. өлеңдерінің мәні ерекше. Ерлік дәстүрді жоғары ұстап халық қамы үшін жауға қарсы тайсалмай шабатын батырды ол ерекше ардақтайды.



  1. Базар Жырау өлеңдері

«Тіршіліктің түрлері»
«Жамиығы қазақ бір туған»
«Бір шығайын құмардан»
«Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің»
«Ғашық жарым»
«Мен Балқының базары»
«Азамат»
«Қимылдап қал қызыл тіл»
«Әлеуметтер, құлақ сал»
«Әр кемелге, бір зауал»
«Ойналық та күлелік»
«Жиырма бес»
«Жігіттік»
«Халық үшін туған қайратты ер»
«Айдан ару нәрсе жоқ»
«Бұрынғы дәуір болмай жүр»
«Не артық»
«Өлеңнің аққан көзі едім»
«Кермиығым, кербезім»
«Әр нәрсенің парқы бар»
«Дүниені қудым»
«Халқымның аузын тұшыттым»
«Өзімдей - ақ ұл туар»
«Екі талай жер болса»
"Сөйле" десең, сөйлейін»
«Әлі де сенде арман жоқ»
«Тілек»
«Қарама менің көңіліме»

  1. Базар жыраудың арнау өлеңі

Ақынның жеке адамдарға арнап айтқан өлең-толғаулары көлем жағынан мол, көркемдігі күшті Отан: «Қаражанға», «Көнек Жалғасбайдың ел жұртымен бақылдасуы», «Пішанның Төребайына көңіл айтуы», «Бақаға», және «Қалжан ақынға» сияқты толғаулары жатады. «Маутанға» , «Назарға» деген сияқты арнау өлеңдерінде ел билеген бай, әкімдердің әділетсіздігін әшкерелеп, сараңдығын бетіне басады.Базар айшықты, нақыл сөздерге толы өлең- толғауларынан басқа кең тынысты эпикалық жырлар да шығарған ақын. Жыраудың творчествосын айқындай түсетін негізгі дастандары «Әмина қыз», «Айна тарақ» және «Мақпал-сегіз».

  1. Базардың ең өткір сатиралық шығармасы

Базардың ең өткір сатиралық шығармасы – «Қалжан ахунға» өлеңі.
Базар өз заманындағы әлеуметтік мәселелерді тани білген дәуір қайшылықтарын жеткізе білген жырау.Жыраудың байымдауынша тіршілікте көрген қызығың мен қуанышың өткінші жаңбырдай.
Жырау пәни, болмыс жайлы толғана келіп, адамгершілік моральді уағыздайды.
Екі ауылдың арасын
Қиқулатқан жиырма бес.
Бұғалықсыз асауды
Құр-құрлатқан жиырма бес...
Жалтарғанды жаздырмай,
Қырап шалған қояндай,
Бұлтылдатқан жиырма бес.
Ақысы кеткен кісідей...
Күн-түн қатқан жиырма бес.

  1. Базар жыраудың философиялық толғауы

Базардың әлеуметтік мәселелерді көтерген «Әр кемелге –бір зауал», «Сұм дүние» сияқты философиялық толғауларында «Алғыр қыран», «Қамал бұзар батыр, жел жатпес жүйрік», «Күн тимес сұлу» бәрі де дүниеден өтеді. Оларға бақ, дәулет, дүние ара-тұра алмайтындығын көрсетеді.

  1. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастаны

Дулат шығармаларының ішіндегі ең күрделісі «Еспембет» поэмасы. Оның әлеуметтік лирика, дидактикалық поэзияға ғана емес, сюжеттік шығармаларға да шебер екендігі көрсетеді. «Еспембет» - сюжетке құрылған шағын ғана поэма. Оның көркемдік қасиеті де осы шағындығында. Көп сөзге салынбай, поэмада суреттелетін көп оқиғаны аз жолға сыйғызып көрсеткен. Елін қорғап, ел үшін жауына оқ ататын батыр ұл, елді әділ басқарушылар болса деген арман, тілектерінің сәулесі ретінде «Еспембет» поэмасы туғанға ұқсайды. Поэманың сюжеті: жетім Еспембет нағашысы Ер Қосайдың үйінде тәрбиеленеді.

  1. «Сүйінбай шығармалары» аэтты жинақ жайлы не білсің?

«Жетісу ақындарының алтын діңгегі» (М. Әуезов) атанған Сүйінбай Аронұлының жинағына басылымдарындағы шығармаларымен қатар қырғыздың атақты ақыны Арыстанбек Бұйлашұлымен айтысының қырғыз тіліндегі нұсқасы енгізіліп отыр. Туыстас, көршілес екі елдің ерен жүйрігінің түйдек-түйдегімен жарыса төккен жырлары қазақ оқырманы үшін де түсінікті.



  1. Сүйінбай Аронұлының «Сүйінбай ақын» атты тұңғыш жинағы

1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы “Сүйінбай ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940, 1941 және 1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген (“Сүйінбай мен Тезек төре”, “Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны”, “Кәрілік туралы”).
Сүйінбай ақынның “Ақиық” атты жинағына (1976) таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде “Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың “Кәрілік” атты өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжан деген қыздары болған.

  1. Мағауия Абайұлы ның өмірі

Мағауия Абайдың Ділдә деген бәйбішесінен, әкесінің жиырма бес жасында туған. Ділдәдан төрт ұл, екі қыз болған. Мағауия (Мағаш) Абайдың кенже баласы.Мағауияны әкесі сегіз-тоғыз жасында мұсылманша оқуға береді. Ауылда, «кішкене молла» деп аталатын Мұхаметкәрімнен төрт-бес жыл оқыған соң, Абай оны қалаға апарып, Семейдегі орысша мектепке оқуға түсіреді.Оқуға аса қабілетті, зерек, талапты жас шәкірт Мағауия қалада екі-үш жыл оқыған соң, денсаулығы төмендеп, науқасқа шалдыға бастайды. Баласының науқасынан қауіптенген Абай сол кездегі Семей қаласындағы ең тәуір, тәжірибелі дәрігер деп танылған – Становқа қаратады. Мағауияның өкпе ауруына ұшырағанын анықтаған дәрігер, енді оның қалада тұрып оқуына болмайтынын айтады. Сонымен амалсыздан оқуын тоқтатып, Мағауия ауылына қайтады. Бұл – 1886-1887 жылдар еді. Содан бастап үнемі Абайдың өз қасында, әкесінің өз тәрбиесінде болады.Мағауия орыс мектебінен алған бастауыш білімін әкесінің өнегесімен өз бетімен дамытып, орыс тіліне жетік болады. Абай оқитын кітаптарды – орыстың ұлы ақын, жазушыларының, ғалымдарының еңбектерін Мағауия да зер салып, көп оқиды. 1889 жылы Түмен қаласындағы реальное училищені бітірген соң, Петербургте оқып жүрген Әбдірахманның да Мағауияға көрсеткен көмегі көп еді.Осы жылдар Абайдың ақындық атағының да кең жайылып, Абай алдына талапты жастар топталып, Абай ауылы өз тұсында мәдениет ордасына айналған кез болатын.Мағауияның лирикалық өлеңдері, Абай айтқандай: «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін», «айналасы теп-тегіс жұмыр келген» нағыз көркем шығарма екенін көреміз.



  1. «Ереуіл атқа ер салмай», «Мен, мен едім, мен едім» толғаулары жайлы айт

Қазақ әдебиетінің ұлы материгіндегі өзгеше бір сырлы арал болып тұрған Махамбет поэзиясының тақырыбы біреу – майдан. Не үшін болып жатқан майдан? Қазақ елінің елдігі, еркіндігі мен егемендігі үшін болып жатқан ерлік майдан. Махамбет тек осы тақырыпты ғана толғады. Оның барлық өлеңін бір жерге топтағанда «Жорық жыры» болып шығатыны сондықтан.Бір ғана идеяда – Қазақ халқының азаттығы мен бостандығы жолында туған, қалыптасқан, дамыған Махамбет шығармашылығы, тұтастай алғанда, автордың «сегіз қырлы, бір сырлы» автопортретін жасап, мұның өзі тек біздің ғана ұлттық менталитетімізге тән ерлік пен елдіктің өшпес рухына айналып отыр.
Махамбет жырларының үлкен тақырыбы – халық, шаруа, солардың феодалдық-хандық құрылыс тепкісінен құтылуға бағытталған бостандығы мен арманы болған еді. Яғни ақын поэзиясының халық тағдыры туралы жыр екенін оның «Ереуіл атқа ер салмайынан» өзге де «Соғыс», «Толғау» деген алғашқы өлеңдері дәлелдей алады. Жәңгір хан ордасының үстіне халық қаһарының бұлты төнген күндерді ақын өзгеше шабыт, ынтамен жырлайды.
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?! — деген сөздер бір ғана батырларды емес, өзінің бостандығы үшін қолына қару алып аттанған бүкіл халық ерлігін жырлау болатын. Бір ауыз сөзбен айтқанда, елің егемен, халқың азат болмайынша «ерлердің ісі бітпейді» дейді ақын.


«Мен мен едім, мен едім»
Идеясы :халықты бостандық ету
Құндылықтары:халықтың көзін ашуға тырысты.Халықтың намыс-жігерін оятуға , ат салысқан.Махамбет өлеңдерінің тілі көркем ,образды.

  1. Шәңгерей Бөкеев туралы айт

Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920) – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып, дамыған қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында – хан ордасында дүниеге келген. Жәңгір ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде «Алпыс бөлме, жүз есік» көк орданың ішінде дүниеге келгенін айтады. Әкесі Сейіткерей Шәңгерей бес жасқа келгенде қайтыс болған. Бірақ жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдік көрмей өседі. Жасынан оқып, білім алады. Өнерге, өлең сөзге жас кезінен әуестенеді. Ордадағы медресені бітіріп, мұсылманша білім алғаннан кейін, Астраханьдағы училищеге түседі. Одан кейін Орынбордағы Кадет корпусында екі жыл оқиды. Орыс тілін үйреніп, орыс әдебиеті, мәдениетімен танысады.
Шәңгерейдің бізге белгілі шығармалары әлеуметтік өмірдің әр түрлі жақтарын қамтиды. Отаршылдық салдарынан туындап жатқан өзгерістерді көре білген ақын бұрынғы хандық дәуірдегі өмірді аңсайды. Оның қоғамдық ой-пікірлері, топшылаулары бірде өмір шындығын айқын көрсетсе, бірде өткенге алаңдау сарынында келеді.
Ақынның өмір мен өлім туралы пәлсапалық толғанысынан өмір шындығының елесі көрінеді. Ол тумақ, өлмекті табиғи құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ойын өлеңінде лирикалық бейне арқылы жеткізеді. Барлық қауіп-қатерді себеп-салдарлы түрде көрсетеді. «Өмірдің өтуі» өлеңінде қырдағы құланың аман жүрмегі жоқ, құдыққа құлан құласа, құлағында құрбақа ойнар, суға құлан шұбырса, жолын тосқан жолбарыс жүрегін жұлып, жем етер. Ол да аман қалмайды. Бөкен терісін бөрік еткен, сексеуілді күрке еткен мерген жалғыз оқпен оның да қазасын жеткізеді. Мерген де ажалдан құтылмайды. Кім болса да ажал оғынан құтылмақ емес дейді. Өз заманындағы әлеуметтік құрылысқа жатырқай қараған ақын алдағы болашақтан үміт күтпейді. Ақын ескі қоғамдық құрылыстың күйреуін белгілі мөлшерде өз басының да трагедиясы деп түсінетін сияқты.

  1. М.Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауы

Мұрат Мөңкеұлының "Үш қиян" толғауында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі баяндалған. Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ақын ашына сөз етеді. Көшпенді мемлекеттің жазда жайлаудан, қыста қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, өмірге көлденең соққан жел ата-бабадан келе жатқан асыл мұрадан айыра жаздағанын жазған.

  1. Базар жыраудың «Әлеуметтер, құлақ сал» өлеңі

15.Жолбарысұлының «Есімбекке» өлеңі


Сиыршының Жақсымбетінен тарайтын Малтабардың баласы – Есімбек. Ол зорлық-зомбылыққа қаны қас, халыктың қамын ойлаған хас батыр. Бақтыбай ақын кезінде өркеуде, өзімшіл Тезек төрені іздеп барып айтысып, тізе бүктірсе, Есімбек сол төренің есігінің алдына ат ойнатып, оның сатын сындырған. Сөйтіп біреуі ақындығымен, біреуі батырлығымен әйгіленген екі ұлан көп мәселелер бойынша пікірлес, мүдделес шығып, бірін-бірі қолдап, құрметтеп отырған. Есімбек батырлығымен қатар өз бетінше оқып хат танып кеткен, білімдар кісі. Оның үйіне әр кезде атақты Біржан сал, Жаяу Мұсалар тоқтаған. Батырдың немересі - Нұржігіт/1903-1987/ ескіше көп оқыған зейінді, зерек жырсүйгіш, шежіре адам еді. "Малтабарұлы Есімбек 1836, мешін жылы туған. 1922 ит жылы 86 жасында Алланың аманатын тапсырған. Бірінші әйелі найман қызы Бибімаңша, ол кісі қайтыс болған соң арғын ішіндегі қаржас елінің Бибіғайша деген қызын алған. Ол кісі де қайтыс болғаннан кейін, суан еліндегі Бибісалма деген қызға үйленген. Өлеңнің ішіндегі әйел - осы Бибісалма" - деді.л Есімбек 1836 жылы туған болса, "үлкен ем сізден бір-ақ жас" деп отырған Бақтыбайдың 1835 жылы туғаны талассыз болғаны ғой. 1965 жылы "Айтыс" кітабының бірінші томында да, энциклопедияда да осы 1835 жылдың көрсетілген. Мәліметті берген - халық ақыны Қалқа Жапсарбаев /1886-1975/ Бақтыбайдың алдын көрген адам. Тіпті алақанын жайып, ақбатасын алған ақын. Демек, Қалқаның сөзінде де қателік жоқ.
Талшын

  1. . Майлықожаның «Толғау» өлеңі




  1. . Ш.Қанайұлының «Қисса Шортанбайдың балалары һәм қисса қаһарман» толғауы Арнадан аламз




  1. Абайдың әжесі Зере

Зере (1785-1873) - Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы, Абайдың ұлы шешесі. Әкесі Бектемір төрелердің арасында қарадан сұлтан болған кісі,шыққан тегі Орта жүз Найман тайпасының Матай руының Қойгел атасынан шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет